Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет123/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

күн  түбіне  жорту  тіркесі  алысқа,  шалғайға  жорық  жасау  ұғымын  образды 
түрде  бейнелеп  отыр.  Демек,  мұнда  да  «қашықтық»  ұғымы  заттық  ұғымдар 
арқылы метафораланған.  
Бұл  үш  мысал  көрсеткендей,  мөлшерлік  метафоралардың  түп  арқа  сүйер 
тірегі  –  метафоралаушыға  етене  таныс  заттық  ұғымдар.  Мұны  әлемдік  тіл 
білімінде  когнитивті  метафора  деп  атайды.  Яғни  метафоралану  үдерісінде 
этностың тілдік санасына, тұрмыс-тіршілігіне ең жақын заттар мен құбылыстар 
бейтаныс  ұғымдарды  жарыққа  шығаруда  өткел  болады.  Ал  метафоралардың 
құрамын шығармашы қалағанынша белгілей алмайды, оны ойдың сұранысы мен 
тілдің  мүмкіндігі  белгілейді.  Ойдағы  анықтауыштық  құрылымдар  тереңдеген, 
артқан сайын тіркес құрамы күрделене түседі.  
Мөлшерлік  метафоралардың  ішкі-сыртқы  тілдік  қасиеттерінен  бөлек, 
айрықша  сөз  болатын  тақырып  –  олардың  жасалуына,  метафора  түзуге  негіз 
болған  сөздер  тобы  немесе  табы.  Сондықтан  ендігі  кезекте  мөлшерлік 
метафоралар қай сөз табы арқылы қалай жасалады, соған ойысамыз.  
Әуелде  мөлшерлік  метафоралардың  жасалуына  негіз  болатын  –  заттық 
ұғымдар, зат есімдер. Мысалы:  
1. Һәр бірінің баласы 
Алтау болар, бес болар, 
Ішінде абаданы бір болар 
(Бұқар жырау, Көктеп мінген еріңнің, 43 б.);
 
 
2. Қырық жасқа келгенде
Алтын тонның жеңі едің; 
(Бұқар жырау, Ай, Абылай сен он бір жасыңда, 94-95 
бб.);
 
 
3. Мен – Арғын деген арыспын, 
Азуы кере қарыспын
Сен бұзау терісі шөншіксің, 
Мен өгіз терісі талыспын
...Абылай алдында бітпесең,  
Атасын білмес алыспын 
(Бұқар жырау, Садыр, қайда барасың, 95 б.);
 
 
4. Темір еді биіміз, 
Теңіз еді халқымыз
(Шалкиіз, Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны, 40 б.);
 
 
5. Байтағың байып мал беріп, 
Байрақты жерге қыстатқан 
( Бұқар жырау, Күпшек санды күреңді, 105 б.). 


158 
 
Берілген мысалдарда жыраулар поэзиясындағы зат есімдер арқылы түзілген 
мөлшерлік  метафоралардың  негізгі  тақырыбы  –  адами  қасиеттер.  Мұнда  жеке 
адамды сөз арқауы ету арқылы тұтас бір елді сипаттау да бар. Бірінші мысалдағы 
бөрі сөзі ауыспалы мағынада алғыр, батыр ер ұғымының орнына алынған. Ал 
«абадан»  батырлардың  батыры,  арыстардың  арысы,  көшбасшысы  ұғымын 
білдіреді.  Осы  абадан  сөзі  ерлік,  батырлық  қасиеттердің  ең  жоғарғы  сапасын 
білдіреді. Сондықтан да біз мұны сапа мөлшері ұғымына жатқызамыз.  
Екінші  мысалда  адамның  жас  шамасына  қарай  толысу  кезеңдері  белгілі 
заттық ұғымдар арқылы сипатталған. Халық танымында жаға «үлкендік, бедел» 
ұғымдарына  балама  болса,  жең  сөзі  қол  сөзіне  балама  ретінде  «іс»  ұғымын 
сипаттайды  деп  ойлаймыз.  Сондықтан  алтын  тонның  жеңі  метафорасы  ел 
ішіндегі атқамінер ер-азаматтарға тән қасиеттің ең жоғарғы сапасын көрсетеді. 
Бұл да – «сапа» ұғымы аясында метафораланған мөлшер ұғымы.  
Үшінші мысалда тұтас бір рулы ел жалғыз адам кейпінде сипатталып отыр. 
Арыс сөзі тұтас ел, бар қазақтың үлкен бір бұтағын білдірсе,  аузы кере қарыс 
тіркесі  азулы  сөзінің  екінші  баламасы  ретінде  қолданылған.  Ешкімге  дес 
бермейтін  азулы  жыртқыш  бейнесінде  сипатталған  арғын  руының  іргелі, 
ықпалды ру екендігін ескерту мақсаты көзделген. Мұнда арғын руының айбаты
тегеурін  қуаты  «азу»  ұғымы  арқылы  метафораланып,  «ұзындық,  кеңдік» 
ұғымдары  аясында  сипатталған.  Сонымен  қатар,  арғын  руының  іргесі  кең 
жайылған  елдігі  «аудан»,  «кеңістік»  ұғымдарымен  беріледі.  Яғни  талыс  пен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет