159
немесе
«сен – алтынсың, мен – пұлмын, сен – жібексің, мен – жүнмін» деген
іркес-тіркес келген метафоралы мөлшерліктер де айғақтайды. Олай болса,
адамның жиынтық образын беруде ең ұтымды тәсілдердің бірі
– метафора болса,
метафоралауға ең икемді ұғымдардың бірі – «мөлшер» ұғымы дер едік. Зат
есімдерден туған мөлшерлік метафоралардың дені адам тақырыбына
байланысты. Яғни адами қасиеттерді «сапа, құн мөлшері» ұғымы аясында
сипаттау – жыраулар поэзиясында кездесетін мөлшерлік метафоралардың ең
үлкен ерекшеліктерінің бірі.
Зат есімдердің қатысымен жасалған мөлшерлік метафоралардың ендігі бір
шоғыры адамдар тобына қатысты айтылады. Жеке адам турасында айтылғанда,
адами қасиеттер метафораланудың басты нысаны болады да, адамдар тобына
қатысты айтылғанда, адам саны, қоныстанған аумағының үлкендігі негізгі нысан
болып келеді. Айталық, төртінші мысалда
халық пен
теңіз өзара ұқсас ұғымдар
ретінде алынған. Мұнда метафора түзуге өзек болып отырған
теңіз сөзінің
екінші бір ауыспалы мағынасы – «молдық, көптік, кеңдік» семантикасы. Кейде
әр заттың ішкі-сыртқы пішініндегі ерекшеліктер де сол заттың екінші бір
мағынасы ретінде халық жадында орнығады. Теңіз арнасына сыймай, асып-
тасып жатады немесе қараса көз жетпейтін ұшы-қиырсыз кең алқапты алып
жатады. Теңізге тән осы бір құбылыс халықтың көптігін сипаттайтын элемент
ретінде автор танымында репрезентацияланып, метафораға айналған. Ал бесінші
мысалдағы
байтақ сөзі арғы тарихи кезеңде метафораланудың нәтижесінде
мағынасы ауысқан сөз. Қазір бұл кең аумақты, жазық даланы, шетсіз-шексіз
кеңістікті білдіретін сөз екені белгілі. Әуелде заттық мағынаны білдірген бұл сөз
образдың үстемдік алуының нәтижесінде мағына ауыстырған. Метафоралану
үдерісінде заттарға тән басты-басты қасиеттер таңдалады да, ол образды бейнеде
екінші бір ұғымға көшіріледі.
Байтақ сөзі тіл тарихын зерттеуші ғалымдардың
айтуынша, ел, жұрт, халық мағынасын білдіреді. Олай болса, ел-жұрт көп
болатыны және ол кең алқапты ала қоныстанатыны белгілі. Осындағы
кеңістік
Достарыңызбен бөлісу: