Маралбек ермұхамет


 Жыраулар поэзиясы тіліндегі мөлшер семантикалы перифраздар



Pdf көрінісі
бет128/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
4. Жыраулар поэзиясы тіліндегі мөлшер семантикалы перифраздар 
 
Көркем  ойлау  жүйесінде,  поэтикалық  мәтіндерде  айрықша  мәні  бар 
көркемдік  тәсілдердің  бірі  –  перифраз.  Перифраз  әлем  тілдеріне  ортақ  ұғым 
болғанымен,  жекелеген  тілдердің  тарихи,  генетикалық  ерекшеліктеріне 
байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар. Перифраздардың тілдік құпиясын ашу 
жолындағы  талпыныстар  антикалық  дәуірде-ақ  бастау  алып,  бүгінге  дейін 
жалғасын тауып келе жатыр. Әсіресе шетелдік ғалымдар тарапынан көп зерттеу 
нысаны  етілген  бұл  тақырып  соңғы  жылдары  қазақ  тіл  білімінде  де  мұқият 
қарастырыла  бастады.  Отандық  ғалымдардың  қатарында  А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұмалиев, 
З.Қабдолов, 
Т.Қоңыров, 
Қ.Мұхамеджанов, 
К.Шәменов, 
Ә.Болғанбаев,  Р.Сыздық,  Ө.Айтбайұлы,  З.Қ.Ахметжанова,  Г.Үсенбаева, 
Г.Амандықова, т.б. айтуға болады. Перифраз жайлы сөз болғанда, оның ең қиын 
тұсы  –  ауыспалы  мағына  жасаудың  өзге  түрлерімен  (метафора,  метонимия, 
синекдоха)  шектес  жататындықтан,  олармен  жиі  шатастырылатындығы. 
Сондықтан  бұл  тәсіл  жайлы  айтылған  басты-басты  тұжырымдарды  іріктеп 
ұсынсақ, әрі қарай тақырыпты ашуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.  


165 
 
Қазақ тіл білімінде перифразды алғаш сөз еткен ғалым – А.Байтұрсынұлы 
болатын.  Бірақ,  бір  қызығы,  перифраз  мәселесін  арнайы  қарастырған  ешбір 
ғылыми  әдебиетте  бұл  жайлы  айтылмайды.  А.Байтұрсынұлы  «Әдебиет 
танытқыш» кітабында перифразды бернелеу деп атап, тілдік, көркемдік қызметін 
арнайы түсіндірген. Нақтырақ айтқанда, белгілі бір нысанаға бағыттап, астарлап 
сөйлеуді жалпылама меңзеу деп атайды да, оны өз ішінен теңеу, ауыстыру деп 
екіге  бөледі.  Ал  сөз  мағынасының  ауыспалылығын  білдіретін  ауыстыруды  өз 
ішінен тағы  алмастыру (метонимия), бейнелеу, кейіптеу, бернелеу деп төртке 
бөледі. Мұндағы бернелеу деп отырғаны сол перифраз. Ғалым бернелеудің мәнін 
түсіндіре келіп, оған өзін «адамдықтың диқаншысы», сол кездегі қазақ қоғамын 
«көгі жоқ, көгалы жоқ қыр» деп атаған өзінің өлең жолдарын мысалға келтіреді. 
Осы мысалдың өзінен-ақ ғалым бернелеу деп перифразды айтып отырғаны анық 
көрінеді. Ал ғалымның бернелеуге берген анықтамасы мынадай: «Бір нәрсенің, 
көбіне адамның мінезін, құлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп 
айту – бернелеу болады. Қазақтың «бернемен сөйлеп отыр» дегені осы бернелеу. 
Бейнелеу  ұлғайғанда  бернелеуге  айналып  кетеді»  [210,  44  б.].  Ғалымның 
«адамдарға  қатысты  айтылады»  дегені  тегін  емес.  Яғни  көбіне  адамдарға 
қатысты  іс-әрекеттер  мен  ұғымдарды  өзге  жан-жануарлармен  ұштастыра 
отырып  екінші  атаумен  береді.  Сондықтан  бұл  аллегорияға  да  ұқсап  кетеді. 
Кейде  перифразды  символ,  аллегориямен  ұштастырып,  сатиралық  сипатта 
болады. Қазақ лингвистикасында перифраздар туралы алғаш ғылыми тұжырым 
жасаған  ғалымдардың  бірі  –  З.Қ.Ахметжанова.  Ғалым  кандидаттық 
диссертациясында  бұл  тәсіл  туралы  өзге  тілдік  материалдармен  салыстыра 
отырып, кеңінен баяндайды [219]. Ал әдеби процестерді, көркем тіл қазынасын 
тілдік  тұрғыдан  зерделеп  келе  жатқан  көшбасшы  ғалым  Р.Сыздық  та 
перифраздарды  айналып  өтпейді.  Перифраздарды  кең  көлемде  арнайы 
қарастырмаса да, оның тілдік табиғаты жайлы түсіндіре келіп:  «Перифраз деп 
бір  нәрсені  немесе  құбылысты,  іс-әрекетті  олардың  бір  белгісін,  бір  қасиетін 
көрсетіп,  суреттеп  айтуды  танимыз»,    деген  анықтама  береді  [211,  114  б.]. 
Алғашқы  кезеңдерде  көркемдік  тәсілдерге  көбіне  әдеби  тұрғыдан  талдаулар 
жасалды да, оның тілдік табиғаты тереңдей қаралмады. Р.Сыздықтың Абай тілін 
саралауда  перифраздар  туралы  айтқан  тұжырымы  осындай  олқылықтардың 
орнын  аз  да  болса  толтырды.  Ал  Г.Үсенбаева  [220],  Г.Амандықовалар  [221] 
перифраздарды  кандидаттық  диссертация  көлемінде  қарастырса  да,  кейбір 
түйткілді мәселелері әлі шешімін таппай келеді. Сондықтан болса керек, жақын 
жылдары (2014) Ө.Айтбайұлы аталмыш тақырыпты тыңғылықты зерделей келіп, 
мынадай қорытынды анықтама береді: «Перифраз дегеніміз  – затты, процесті, 
құбылысты  өз  атымен  атамай,  басқаша  атау,  әрі  соның  негізінде  сол  заттың, 
процестің,  құбылыстың  ең  негізгі  бір  қасиетін  келтірінді  мағынада  қолдана 
отырып,  соны  образды  түрде  сипаттау,  анықтау»  [222,  152  б.].  Ғалым 
перифраздарды фразеологизмдердің шеңберінде қарастыру керектігін айтады.  
Жоғарыда аты аталған ғалымдардың еңбектерін мұқият зерделей келгенде, 
перифраздың басты белгісі зат пен құбылыстың екінші атауы ретінде келуі деуге 
болады.  Аталмыш  тәсілге  тән  бұдан  басқа  да  ерекшеліктер  жеткілікті.  Атап 
айтсақ, алғашқы атаудан ішкі семантикалық байланысын үзбеуі, образдылығы, 
логикалық мағынаны эмоциялық мағынаға ауыстыруы, эмоциялы-эксперссивті 


166 
 
болуы,  құрылымдық,  мағыналық  тұтастықтың  болуы,  модальдық  реңк  күшті 
болуы,    кейде  түрлерінде  мысқыл  да  араласып  жатуы,  позитивті  болуы, 
анықтамалық қасиетінің болуы сынды басты-басты белгілерін ажыратуға болады. 
Тіл тұтынушыларына мейлінше танымалдығымен әбден қалыптасқанша көбіне 
тілдік  емес,  сөйлеу  единицасы  болып  келетіндігі  де  басты  белгісі.  Осындай 
белгілерге  ие  бола  отырып,  сөз  қайталауға  ұрынбау,  табу,  эвфемизмдердің 
орнына  қолданылу  және  оқырманға  айрықша  әсер  ету  сынды  көпгенен  тілдік 
қызметтері  бар.  Аталған  ерекшеліктер  мен  тілдік  қызметі  арқылы  ол  басқа  да 
ауыспалы мағына тудыратын көркемдік тәсілдерден ерекшеленеді.  
Ойдағы  ұғымды  әрлеп  жеткізудің  айрықша  бір  үлгісі  ретінде  перифраз  – 
тілдің  барлық  тарихи  кезеңдерінде  де  жүйелі  көрініс  табатын  кәнігі  тәсіл. 
Өйткені ол – ең әуелі,  ауызекі сөйлеу единицасы (бірлігі). Сан ғасырлар бойы 
ауызша дамыған, табиғаты ауызша сөйлеу тілін арқау ететін қазақ тілі тіпті бұған 
бай болуға тиіс және солай да. Олай болса, зерттеу нысаны етілген XVXVIII 
ғасырлардағы жыраулар поэтикасы да перифраздылығымен көзге түседі. Қазақ 
сөз өнерінің аталған кезеңінде көптеген ұғымдар мен жасырын мағыналар осы 
перифраздар  арқылы  айшықты  түрде  берілген.  Сол  перифраздар  арқылы 
берілген айшықты ұғымдардың бірі – «мөлшер» ұғымы.  
Ө.Айтбайұлы өз зерттеуінде перифраздарды құрылымдық типтеріне қарай 
былайша топтастырады: «Қазақ тіліндегі перифраздарды құрылымдық типтерге 
топтастырғанда,  есім  перифраздар  және  етістікті перифраздар  деп  екі  топқа 
бөлдік.  Есім  перифраздар  өз  ішінен  екі  мүшелі,  үш  мүшелі  және  көп  мүшелі 
болып үш топқа жіктеледі. Екі мүшелі есім перифраздарды «зат есім + зат есім», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет