167
айтылатыны шындық, сондықтан ондай тіркестер образды болып келеді. Ал
кейде абстрактілі ұғымдарға да байланысты айтылады. Мұндайда онда
образдылық болмайды да, экспрессия-эмоциялық, модальдылық мән артады.
Сол сияқты,
күндердің күні тіркесінде болашақта болмай қоймайтын бір іс және
оған айтушының нық сенімі сияқты жасырын мағыналар сақталған. Айтушының
көзқарасымен ұштасқан сол іске деген жағымсыз экспрессия да бар. Негізінен
сақтандыру, ескерту ұғымдарына байланысты қолданылады.
Күндердің күні
қолданысы Шалкиіз жырауда төрт рет кездеседі. Соған қарағанда бұл
мөлшерлік
перифраздар Шалкиіз жырау лексикасына тән екені байқалады. Бүгінде бұл
мөлшерлік перифраздар құрылымының тұрақтылығымен, тіл тұтынушыларына
танымалдығымен сөйлеу единицасынан тілдік единицаға ауысып бара жатқан
тіркестердің қатарына жатады.
Екі компонентті
мөлшерлік перифраздардың ендігі бір түрі
қабыса
байланысқан тіркестер болып келеді. Мұндай қабыса байланысқан тіркестер
кейде еселеп перифраздауға оңтайлы келеді. Мысалы:
1.
Алыс жерден мөһрлі шұбар хат келсе,
Күйбеңдескен көп жаман
Құлағын салып тұрар ол
(Шалкиіз жырау, Би Темірді хаж сапарынан
тоқтатуға айтқаны, 40 б.);
2.
Тайғақ кешу, тар жерде,
Менің достым бар-ды һәр жерде,
Іздесем
табылмайды тар жерде
(Шалкиіз жырау, Күпшек санды тіл жалмаған күреңді, 39).
Бұл мысалдарда
алыс жер, мөһрлі шұбар хат, тайғақ кешу, тар жер
тіркестері – перифраздар. Бұл тіркестердің бәрі ешқандай жалғаусыз
қабыса
байланысқан. Мұнда
алыс жер – Мекке,
мөһрлі шұбар хат – өлім хабары,
тайғақ кешу – қиындық,
тар жер – бәле-жалалы жер.
Меккенің бір ұғымы –
алыс жер. Бүгінгідей емес, ол заманда Меккеге,
Қажы сапарына атпен, арбамен, түйемен, тіпті жаяу-жалпылы айлап, жылдап
жүргені белгілі. Сондықтан бұл – ұзақ жол, қиын сапар. Сол замандағы
Мұсылман әлемінің шеткі аймақтарының бірі саналатын Қазақстан
территориясы үшін Мекке қаласы әрине шалғай жер. Хадистерде келетін
Достарыңызбен бөлісу: