Мөлшер, ол – меже, болжам. Кез келген заттар мен құбылыстардың
мөлшерлік мәнін нақты санмен көрсету немесе анықтау мүмкін емес. Бәріне
бірдей нақтылыққа тілдік те, ұғымдық та қажеттілік жоқ. Сондықтан кейде
кейбір шамалар болжалды түрде, сол шамаға жақын межемен де айтылады.
Мысалы, бір мая шөп, бір үймек құм десек, шөптің әр талы мен құмның әр
түйірін санап отыру мүмкін де емес, ондай нақтылықтың қажеті де жоқ. Мұндай
шамалардың межемен айтылғаны қай жағынан да оңтайлы. Сондықтан кейбір
мөлшерлік шамалар осындай тәсілдерге құрылған. Сөйлеу актісінде мөлшермен, шамамен, жобамен деген тілдік қолданыстар жиі кездеседі. Бұл – ағымдағы кез
келген мөлшерлік нысананың нақты сандық шамасын емес, болжалды шамасын
білдіретін тілдік қолданыстар. Арнайы техникалық өлшеу құралдары болмаса,
адамның 5 түрлі сезу мүшесінің көмегімен тікелей межеленген шамалар
негізінен болжалды мөлшер саналады. Олар көбіне -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтар мен тарта, шамалы, шақты, жете, артық, т.б.көмекші сөздердің
қатысымен беріледі. Мысалы, таудай, жүздей, оншақты, жүзге тарта, т.б.
ХІХ ғасырға дейін қалыптасқан мөлшерлік ұғымдардың көпшілігі
болжалды мөлшерлік шамалар деуге болады. Себебі, бұған дейін анықталған
мөлшерлік шамалардың бәрі – арнайы техникалық өлшеу құралдары арқылы
емес, көбіне бес сезу түйсігі арқылы танылған мөлшерлік шамалар. Ал одан бергі
екі ғасыр ішінде ғылым мен техниканың дамуына, адамзат қоғамының жаңа
сапаға ауысуына, адамдар арасындағы қарым-қатынастың жаңа деңгейге
көтерілуіне байланысты кез келген мөлшерлік шама дәлдік пен нақтылыққа
ойыса бастады. Соған орай әлемде біртұтас метрологиялық өлшем бірліктер
жүйесі қалыптасып, болжалды шама, ең әуелі, нарықтық қатынастардан бастап
ығыса бастады. Болжалды шаманың нақты шамаға ауысу үдерісінде ХХІ ғасырда
кеңінен тараған сандық технологияның тигізген әсері тіптен мол. Соған сәйкес
өмірдің барлық саласы нақтылық пен дәлдікке құрылуда. Ал қазіргі таңда
ауызекі сөйлеу стиль мен көркем әдеби стильден басқа стиль түрлерінде сирек
кездеседі. «Мөлшер» ұғымын болжалды шама ретінде сипаттау немесе
болжалды мөлшерліктер – «мөлшер» ұғымының даму эрархиясындағы ескі
кезеңдерді көрсететін тілдік және ұғымдық факті. Мөлшердің межелік сипатына
тән басты қасиет – болжалдылық.
Мөлшер, ол – көлем (обьем). Заттар мен құбылыстардың жалпы мөлшері
жекелеген тармақтардан құралғанымен, біртұтас мөлшерлік шама ретінде
сипаттау тілдік тәжірибеде жиі кездеседі. Бұл тілдік қолданыс пен ұғымдық
түсінікте жеңілдік, оңтайлылық тудырады. Мұндай бір бүтін мөлшерлік шама – көлем (объем) деп танылады. Көлем – қандай да бір заттардың кеңістіктегі нақты
сыртқы пішінін көрсетумен қатар, қимыл-әрекеттің таралу аумағын, кеңістігін, өрісін, күшін көрсететін өрісі кең ұғым. Сонымен қатар, көлем «ауқым», «аудан»,
«аймақ» ұғымдарын да қамтиды. Мысалы, ауқымды іс-шара, көлемді шығарма, кең көлемде атап өту, кең ауқымды дамыту т.б. Объем заттар мен іс-әрекеттің
ішкі, сыртқы мәніне бірдей иек артады. Сыртқы пішініне байланысты үлкен-кіші тіресімдік ұғымы шеңберінде көрініс тапса, ішкі аумаққа байланысты кең-тар тіресімдік ұғымы аясында көрініс табады. Мысалы, ірі көлемді тауар айналымы десек, айналымға түскен тауар санының көптігі мен көлемінің үлкендігін
білдірсе, кең көлемде атау, кең ауқымда насихаттау десек, іс-әрекеттің белгілі
41
сфера ішіндегі (шеңберіндегі) таралу аймағын көрсетеді. Көлем көбіне нақты
пішінге ие заттардың кеңістік пен жазықтықтағы иеленетін аумағын көрсететін
сөз. Ал абстрактілі заттық ұғымдарға келгенде семантикалық әлеуеті төмендей
бастайды. Мысалы, көлемді жер, көлемді үй деп айтылады, бірақ көлемді бақыт,