89
[138, 30 б.]. Ғалым аталған жұрнақтың семантикалық ерекшелігін дәл анықтай
білген. Мұнда мына бір ғылыми танымы назар аударуға тұрарлық. Яғни
зат
есімнен туған сөздер деп беруі бұл жұрнақтың қызметін сөзжасамдық емес,
форма жасамдық деп танығаны аңғарылады. Шындығында, бұл жұрнақтар сөзді
мүлде өзгертіп, жаңа сөз жасамайды. Керісінше, зат есімдерге грамматикалық
мағына үстеп, барлық, көптік
семантикасын білдіреді.
-Лығ, -ліг, -лұғ, -лүг аффиксінің тағы бір мағынасы – белгілі бір заттың
барлығын, біреуге тиесілілігін білдіру. Бұл мағынаны сөздікте кездесетін мына
сөздердің түсіндірмесінен аңғаруға болады:
– Үгүрлүг // (үйірлі): үгүрлүг ер // қой және басқа үйір-үйір малы бар адам.
Байталдары бар айғырды да «үгүрлүг азғыр // үйірлі айғыр» дейді (МҚ, Т
1
-183);
– Барлығ // барлық, баршылық, қолда бар: барлығ ер // бар адам; қолында
бар адам (Мал біткен, дәулетті адам) (МҚ, Т
3
-580);
– Алымлығ // (алашағы бар): алымлығ ер // алымы бар адам, алашағы бар
адам (МҚ, Т
1
-179).
Берілген сөздердің үшеуі де (
үгүрлүг, барлығ, алымлығ) белгілі заттың көп
мөлшері әлдебіреуге тиесілілігін, біреуде барлығын білдіреді. Алайда қазіргі
қазақ тілінде мұндай қолданыстар жоқ. Соған қарағанда бұл сөздер сол кезеңде
адамдар арасындағы күнделікті алым-берім қатынасында тұрақты қолданыс
тапқан, байлық ұғымын сипаттайтын терминдік ұғым деңгейіндегі сөздер
болғанға ұқсайды. Сонымен қатар бұл өзгешелік орта ғасырда аталған
аффикстердің сөздерге жалғану қабілетінің қазіргі қазақ тіліне қарағанда кеңдеу
болғанын көрсетеді. Бұл грамматикалық қосымшалардың тарихи даму
барысында формалық
қана емес, мағыналық та өзгеріске түсетінін түсіндіреді.
-лүк (-лық, -лік, -лұқ) аффикстері арқылы уақыт мөлшері семантикасы
беріледі. Яғни белгілі зат пен іс-қимылдың уақыттық шегін көрсетеді, мезгіл,
мерзім, уақыт атауларына жалғанғанда, уақыт мөлшері семантикасын білдіреді.
Сөздікте былай беріледі: «
Күнлүк // (күндік): күнлүк ием // күнделік жем, күндік
азық. Аз қолданылатын сөз» (МҚ, Т
1
-540). Мұнда
күнлүк // күндік сөзі бір күн
(24 сағат) уақыт ұзақтығын білдіріп, бір күнге жетерлік жем (азық) ұғымын
білдіріп тұр. Негізінде бұл синтетикалық форма ерте, орта ғасыр түркі тілінде
өнімді жұрнақтардың бірі және бұдан да басқа бірнеше мағыналары бар.
Мөлшер семантикасын білдіретін синтетикалық формалар бұдан да көп
болуға тиіс еді. Алайда сөздікте, жоғарыда айтылғандай, түбір сөздер ғана
алынғандықтан, қосымшалар көбіне берілмейді. Біз сөздікте бар нақты тілдік
фактілерді алғандықтан, жоғарыдағы формаларды ғана қарастырдық.
Достарыңызбен бөлісу: