Маралбек ермұхамет


  М.Қашқаридың  «Диуани  лұғат-ит-түрік»  еңбегіндегі  өлшем



Pdf көрінісі
бет84/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

3.  М.Қашқаридың  «Диуани  лұғат-ит-түрік»  еңбегіндегі  өлшем 
бірліктер 
Мөлшер категориясының семантикалық өрісін құрайтын тілдік бірліктердің 
ең  ауқымды  бөліктерінің  бірі  –  өлшем  бірліктер.  Бұлар  –  қандай  да  бір 
шамалардың нақты мәнін сипаттау үшін эталон ретінде қолданылатын арнайы 
тілдік  бірліктер.  Олар  нақтылығымен,  арнайылығымен  ерекшеленеді.  Тіпті 
бұларды, мәні жағынан, өзге мөлшер семантикалы тілдік бірліктерге қарағанда 
нағыз мөлшерліктер деуге болады. Мөлшер семантикалы сөздер қашан да нақты 
сандық мәнге қарай жылжу үдерісінде болады. Оның ең соңғы тірелетін жері – 
нақты  сандық  мән.  Ал  өлшем  бірліктер  сол  сандық  мәннің  тілдегі  формасы 
саналады.  Сондықтан  өлшем  бірліктер  «мөлшер»  ұғымының  шеңберінде 
қарастырылып, оның семантикалық өрісінің өзегінде орналасады. Тілдің қандай 
да  бір  тарихи  даму  кезеңдерінде  болмасын,  қоғамдық-әлеуметтік  ортада  түрлі 
мақсаттарда  кеңінен  қолданысқа  енген  өлшем  бірліктер  мол  қалыптасады. 
Сондай-ақ  өлшемдік  мәні  бар  кез  келген  тілдік  бірліктің  қолданылу  жиілігі 
артқан  сайын  өлшем  бірлікке  айналады  және  ол  нақты  сандық  мәнге  қарай 
жақындайды.  Кейде  әр  тілдегі  төл  өлшем  бірліктер  сол  тілдің  өміршеңдігін, 
әлемдік тіл кеңістігіндегі ықпалын да байқатады. Қай тілдің қолданылу аясы кең 
болса,  сол  тілдің  өлшем  бірліктер  жүйесі  өзге  тілге  енеді.  Сондықтан  өлшем 
бірліктерді зерттеу – қай жағынан да өзекті. 
Өлшем бірліктер тілдің тарихи қабаттары мен жаңа (қазіргі) қабаттарында 
да  кездеседі.  Тілдің  жаңа  қабаттарында  халықаралық  өлшем  бірліктер  мол 
кездессе,  тарихи  қабаттарында  халықтық  өлшем  бірліктер  мол  кездеседі. 
М.Қашқаридың сөздігі ежелгі және орта ғасыр түркі тілінің таза тілдік табиғатын 
танытатын  бірегей  тілдік  жәдігер  болғандықтан,  мұнда  кездесетін  өлшем 
бірліктер түркі халықтарының өлшемдік жүйесін, түркі тілінің тілдік кеңістіктегі 
қуатын  көрсетеді.  Өлшем  бірліктер  жеке  тұрғанда  сандық  мәні  белгісіз 
өлшемдердің  атауы  ғана,  ал  оның  мәні  тіркесте  анықталады.  Сондықтан  кез 
келген  өлшем  бірліктер  жеке  сөз  ретінде  лексикалық  деңгейге  тиесілі 
болғанымен,  нақты  мөлшерлік  семантиканың  берілуі  тұрғысынан  келгенде 
синтаксистік деңгейдің нысанына жатады.  
М.Қашқаридың сөздігінде кездесетін өлшем бірліктер салмақ, ұзындық, құн 
өлшемі сынды бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Өйткені тілдің аталған 
кезеңінде  ең  өзекті  өлшемдік  ұғымдар  осы  болғандықтан,  соған  сай  өлшем 
бірліктер қалыптасады. Сөздікте кездесетін өлшем бірліктердің қатарында  құн 
өлшемін  білдіретін  бірліктер  көбірек.  Құн  өлшемі  қандай  да  бір  заттың  ішкі 
қасиеті мен адамдарға қажеттілігі арасындағы байланысты анықтайды. «Ақша –  
тауардың  тауары»  болса,  мөлшер  семантикасында  құн  өлшемі  –  өлшемнің 
өлшемі. М.Қашқаридың заманында-ақ адамдар арасында «құн» ұғымы жоғары 
деңгейде қалыптасып, оның тілдік құрылымдары да бекіген. 
М.Қашқаридың  сөздігінде  көп  ғылыми  әдебиеттерде  кездесе  бермейтін, 
көне түркі кезеңі мен орта ғасырда қолданыста болған бірнеше ақша атаулары 
мен құн өлшемдері туралы деректер кездеседі. Соның бірі – көне ұйғыр елінде 
қолданылған қамдұ деп аталатын мата ақша. Бұл туралы сөздікте былай берілген: 
Қамдұ – ұзындығы төрт кез, ені бір қарыс болатын бір бөлек бөз. Оның үстіне 
ұйғыр ханының мөрі басылып, сауда-саттыққа ақы пұл орнында жүреді. Бұл 
бөз  ескірсе,  әр  жеті  жылдан  соң  жуылып,  тазартылып,  үстіне  жаңадан 


104 
 
мөртаңба  басылады  (МҚ,  Т
1
-478).  Дәл  осы  мазмұндар  ДТС-те  де  баяндалады 
[188,  с.  415].  Қазіргі  ұзындық  өлшем  бойынша  есептегенде,  қамдұ  шамамен 
ұзындығы  3  метр,  ені  20  сантиметр  матаға  (бөзге)  тең.  Бұл  деректер  10-12 
ғасырларда  түркі  жұртында  қағаз  ақшаның  алғашқы  баламасы  мата  ақша 
қолданыста  болғанын  түсіндіреді.  Әрі  жоғарыда  түрлі  ғылыми  әдебиеттерден 
келтірілген деректегідей, мата тек қана айырбас үшін жүретін тауар емес, кәдімгі 
ақшаның  қызметін  атқарған.  Себебі,  ұзындығы  шамамен  3  метр,  ені  жиырма 
сантиметрлік  мата  мардымды  керекке  жарай  қоюы  екіталай  және  ол  әр  жеті 
жылда қайта жинап алынып, жуылып, қайта ұйғыр ханының таңбасы басылуы 
оның  ақша  қызметін  атқарғанын  нақтылай  түсіндіреді.  Егер  айырбас  тауары 
десек, кез келген асыл маталар, ұйғыр ханының таңбасынсыз-ақ, айырбас тауары 
бола алар еді. Демек, қамдұ – арнайы жасалған мата ақша. Оның белгілі құндық 
мөлшері бар. Бұл тәжірибе ұйғырдан басқа да түркі ұлыстарында, сауда-саттық 
өркендеген Жібек жолы бойындағы ірі қалаларда қолданылған болса керек. 
Мата  ақшалардың  болғандығы  пұл  сөзінен  де  айқын  көрінеді.  Пұл  ерте 
кезеңдерде де, қазір де ақша ұғымын білдіретіні белгілі. Ал осы пұл сөзінің өзі 
орта  ғасыр  (мүмкін  одан  да  бұрын)  ақша  қызметін  атқарған  бұл  сөзінен 
дыбыстық  өзгеріске  түсіп  қалыптасқан.  Бұл  туралы  этнографиялық 
энциклопедияда  былай  деп  беріледі:  «Бұл  /  пұл  –  дәстүрлі  ортада  тұтынылған 
қымбат, қалың мата түрлерінің жалпы атауы. Бұл (пұл) атауы ертеде аса қымбат 
жібек  түрлерінің  айырбас  элементі  ретінде  ақша  құралы  қызметін 
атқарғандығына байланысты шыққан. Түркі, парсы тілді халықтарда ақшаны пұл 
деп  атау  қолданыста  әлі  бар  (қ.  Ақша).  Кейбір  өңірлерде  атаудың  бұл  деген 
мағынада қолданылуы бағасын арттыру мәніндегі  «бұлдау, бұлдану» сөздеріне 
негіз  болған»  [194,  553  б.].  Мата,  бөз  –  ұқсас  заттарды  білдіретін  синонимдік 
атаулар. Мата ақшалардың бірде қамдұ, бірде бұл аталуы олардың бірнеше түрде 
болғанын және кең таралғанын түсіндірсе керек. Бұл /пұл деп аталатын мата ақша 
кейінгі  кезеңдерде  де    кеңінен  танымал  болған.  Қазақ  хандығының  алғашқы 
кезеңдеріне жататын толғауларда да кездеседі.  XVXVI ғасырлардағы Шалкиіз 
жыраудың «Би Темірге бірінші толғау» атты толғауында мынадай жолдар бар: 
«Сен – алтынсың, мен – пұлмын, Сен – жібексің, мен – жүнмін». Мұнда жырау 
алтын ақша мен мата ақшаның, пұл/бұлдың құнын, қасиетін салыстыру арқылы 
сұлтан мен өзінің әлеуметтік орнын образды бейнелеп отыр.  Бұл сөзінің әуелде 
мата  атауы  болып,  кейін  ақша  қызметін  атқарғаны  туралы  белгілі  ғалым 
Ж.Манкеева да: «Кездеме, матаның мағынасындағы бұл//пұл атауы келесі жолда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет