Маралбек ермұхамет


  XIII–XIV  ғасыр  қыпшақ  ескерткіштеріндегі  мөлшер  семантикалы



Pdf көрінісі
бет92/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

1.  XIII–XIV  ғасыр  қыпшақ  ескерткіштеріндегі  мөлшер  семантикалы 
лексикалық бірліктер 
Қыпшақ  ескерткіштерінде
5
 мөлшер  семантикасы  лексикалық  деңгейде 
кеңінен көрініс табады. Оны сөз таптары шеңберінде нақты көрсетуге болады. 
Ескерткіштерде  мөлшер  семантикасы,  ең  әуелі,  сын  есімдер  арқылы  беріледі. 
Сын  есімдердің  кейбір  мағыналық  топтарының  мөлшер  семантикасын  білдіру 
қызметі түркі тілінің барлық тарихи кезеңдеріне және орта ғасыр түркі тілінің 
барлық  топтарына  тән.  Тілдер  тобында  жекелеген  сөздердің  морфологиялық 
тұлғасы мен қолданыс аясында өзгешеліктер болғанымен, сын есімдердің жалпы 
семантикалық жүйесі ұқсас. Сондықтан түркі тілінің бір бұтағына (тобына) тән 
семантикалық жүйе екінші бұтағына да тән  деп айтуға болады. Мұны аталған 
кезеңдер  мен  тілдер  тобы  бойынша  жүргізілген  зерттеулер  де  көрсетеді. 
Айталық, Мәмлүк қыпшақтары тілінде (оғыз тобының тілдік элементтері көп)  
жазылған, «Китаб Муқаддима» ескерткішін арнайы қарастырған Қ.Садықбеков 
аталған  ескерткіште  кездесетін  сапалық  сын  есімдерді  семантикалық 
ерекшелігіне қарай: «Заттың түр-түсін білдіретін сын есімдер, заттың көлемін, 
аумағын білдіретін сын есімдер, заттың мөлшерін білдіретін сын есімдер, заттың 
сапа, сыр-сипатын білдіретін сын есімдер»,  деп төрт топқа бөледі [202, 48-49 
бб.]. Мұнда төрт топтың екеуі мөлшер семантикасына тікелей қатысты. Демек, 
сын есімдердің   семантикалық өрісінің едәуір бөлігін «мөлшер» ұғымы құрайды. 
Ал  біз  дереккөз  ретінде  алған  қыпшақ  ескерткіштеріндегі  мөлшер 
семантикасының сын есімдер арқылы берілу ерекшелігі төмендегідей:  
«Адам Ата мен Хауа Ана» қиссасында мөлшер семантикасын білдіретін көп, 
чандан  сын  есімдері  кездеседі.  Бұлар  бірнеше  есім,  етістік  сөздермен 
анықтауыштық,  пысықтауыштық  қатынаста  тіркесіп  келіп,  бірде  іс-әрекеттің 
уақыт жағынан созылыңқылығы мен мөлшер жағынан көптігін (көп йығладылар 
(АХ, 211/40) // көп жылады), бірде деректі заттардың (алар көпдур (АХ, 185/19) 
// олар көп) немесе абстрактілі заттық ұғымдардың (көп михнат // көп бейнет) 
көптігі семантикасын, енді бірде адами іс-әрекеттің шектен тыс белең алуын (көп 
забандаразлық  (АХ,  195/11)  //  көп  сөзділік)  білдіреді.  Тіпті  кейде  көп  сөзі 
күшейткіш үстеу қызметін де атқаратыны байқалады. Мысалы: Хазрат Адамни 
терилари көп көрүглүг ерди, күн йаруғыдин һам раушанрақ ерди (АХ, 187/28-29) 
//  Хазірет  Адамның  терісі  өте  көрікті  еді,  күн  жарығынан  жарығырақ 
болатын. Мұндағы көп көрүглүг тіркесін тура мағынасынша көрікті деп беруге 
болмайды. Өйткені сұлулық көптіктен тұрмайды, тұтастық пен үйлесімділіктен 
тұрады.  Тіркесте  көп  сөзі  өте  көрікті,  тым  көрікті  мағынасында,  күшейту 
мәнінде жұмсалған. Ал чандан сөзі де көптік семантикасын білдіреді. Алайда көп 
сөзіне  қарағанда  чандан  сөзінің  көптік  семантикасы  күшейтпелі,  әсірелеулі 
келеді.  Мысалы:  Гаһи башларыға  уруб (ұстап) гаһи  тизларини  тутуп  чандан 
(өте көп) йығладылар кә көзларидин ақған йашлары бир улуғ су болуб ақышқа 
                                                 
5
 Дереккөз ретінде алынған қыпшақ ескерткіштерінің транскрипциясын пайдалану реті мынадай:  
- «Адам Ата мен Хауа Ана» қиссасы бойынша Б.Сағындықұлының «Ғаламның ғажайып сырлары» (–Алматы: 
Ғылым, 1997. -296 б.) атты кітабындағы транскрипциясы мен аудармасы пайдаланылды; 
-  «Хусырау  уа  Шірін»  поэмасы  бойынша  А.Ибатовтың  «Қутыбтың  «Хусырау  уа  Шірін»  поэмасының 
сөздігіндегі»  (XIV  ғ.)  (
–  Алматы:  Ғылым,  1974.  –  278  б.
)  атты  еңбегіндегі  транскрипциясы  мен  аудармасы 
пайдаланылды; 
- «Мұхаббатнаме» ескерткіші бойынша Б.Сағындықұлының ««Мухаббат-наме» ескерткішінің (XIV) мәтіні» (– 
Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 228 б.) атты оқу құралындағы транскрипциясы пайдаланылды.  


113 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет