башлады (АХ, 211/36-39) // Кейде басын ұстап, кейде тізелерін құшақтап өте көп жылады: көзінен аққан жасы бір үлкен су болып, аға бастады. Мысалда
чандан (өте көп) йығладылар тіркесі көз жасы көл болу, етегі жасқа толу мағынасын білдіріп, іс-әрекеттің шамадан тыс мөлшерде істелуін көрсетеді.
Сондай-ақ зат есім сөздерге де анықтауыштық қатынаста тіркесіп, зат
мөлшерінің шектен тыс шамасын білдіреді. Мысалы: Аларны чандан (көп) күнаһлары бирла бараһна (жалаңаш) қылмаслар (АХ, 229/34-38) // Оларды сонша көп күнәлары болса да жалаңаш қалдырмайды. Бұған қарағанда, чандан сөзінің ауыспалы мағынада, шектен тыс шамаларды білдіру үшін образды
тіркестерде де келетіні байқалады. Мөлшердің көптігі семантикасын білдіретін чандан, аз, көп сөздері
«Мұхаббатнаме» ескерткішінде де кездеседі:
Ешиттиң ерса Йүсүфниң жамалин
Сени хүсн ичра сад чандан йаратты//
Естіп пе едің Жүсіптің сұлулығын?
Сенің сұлулығыңды (содан) жүз есе артық жаратты (МН, А/91-92).
Берілген мысалда да чандан сөзі артық, көп мағыналарын білдіреді. Ал көп, аз сөздерінің қолданыс аясы, семантикасы негізінен ұқсас. Бұлардан бөлек,
ескерткіште кездесетін фараван сын есім сөзі де мөлшер семантикасын білдіреді.
Дастанда былай беріледі: Айыт, ей мехриң аз, ишваң фараван
Нетар ол ағызда мунча йалған //
Ей, мейірімің аз, қылымсуың көп де
Неліктен аузыңда мұнша жалған (МН, А/251-252). Берілген өлең тармақтарындағы ишваң фараван тіркесіәйел затына тән
қылымсу, наздану әрекетінің шамадан тыс мөлшерде жасалуын білдіреді. Мұнда
фараван сөзі көп, мол мағынасын берумен қатар, сапалық белгіні, қасиетті
мөлшерлік тұрғыдан күшейту семантикасын да білдіреді. Тіркес ескерткіштің
араб жазуымен хатқа түскен тағы бір нұсқасында (1508–1509) хуснуң фараван деп те беріледі. Фараван сөзінің, көптік мағынамен қатар, кемелдену, толысу, шегіне жету сынды мағыналары болғаны осыдан байқалады. Түпнұсқада қалай
берілетініне қарамастан, бұл тіркестердің қай-қайсын да ағат қолданыс емес.
Мөлшер семантикалы сын есімдердің үлкен бөлігі Қутыбтың «Хусрау уа
Шірін» поэмасында кездеседі. Оларды семантикалық ерекшелігіне қарай салмақ, қашықтық, көлем, сыйымдылық, уақыт, көп/аздық ұғымдарына бөлуге болады.
Ескерткіште салмақ семантикасы ағыр (ауыр), йәсіргә (жеңіл) сөздері
арқылы беріледі. Бұл сөздер көбіне деректі заттардың нақты салмақ ұғымын
білдіреді. Мысалы:
1) Ағыр тур тағтег ырғанма бу йелдін (ХШ, 92p-44) // Ауыр бол таудай, ырғалма бұл желден; 2) Йәсіргә теггәсән (ХШ, 92в-2) // Жеңілге тигенсің. Таудың салмағы өлшеуге келмесе де, ауыр болатыны түсінікті. Ал бұл
«салмақ» ұғымы образды түрде адамның қиындықтарға төзе білетін рухани
күшінің мықтылығын бейнелеуге қолданылған. Ағыр (ауыр), йәсіргә (жеңіл) лексемаларыөзара сатылы тіресім құрайды. Бұл градуалды салмақ
семантикасының арасында түрлі салмақ өлшемдері бар. Олар тілде көбіне шырай
қосымшалары арқылы беріледі. Кейде күшейткіш үстеулер арқылы да салмақ
114
семантикасының өрісін бұдан әрі кеңейтуге болады. Міне, бұлар түрлі
шамалардан құралған біртұтас «салмақ мөлшері» ұғымын қалыптастырады.
Э.Наджип бұл сөздің көне, орта ғасыр түркі ескерткіштерінде ауыр, салмақты,