құрметті, бағалы, қымбат, берік, қатты, көп, т.б. көптеген мағыналарды
білдіретінін айтады [27, Т
1
/ с. 224-226].
Поэмада кездесетін узун, узақ, йырақ, бәдук, ағлақ, йінічкә сын есімдері
қашықтық семантикасын білдіреді. Мұнда узун, узақ, йырақ, ағлақ, йінічкә көлденең бағыттағы, бәдук тік бағыттағы деректі заттардың нақты қашықтық
шамасын білдіреді. Мысалы:
1) Бар ерді бір узун бодлуғ қыз (ХШ, 75в-27) // Бар еді бір ұзын бойлы қыз; 2) Йырақ йер кәлміш ерді қайра сүрді (ХШ, 67в-31) // Жырақ жерге келген еді, қайта кетті; 3) Ош анда бір бәдук қаршы қылыңыз (ХШ, 23p-4) // Сонда бір биік сарай салыңыз; 4) Алардын адырылыб тутты узақ йол (ХШ, 30р-24) // Олардан айырылып, ұзақ жол жүрді; 5) Айтурмән вәлі болса йер ағлақ (ХШ, 18p-36) // Жер аулақ болса дер едім; 6) Қашытег йінічкә йолға сүрді Гулгун (ХШ, 93р-26) // Қасындай жіңішке жолға түсті Гулгун. Мысалдағы узун сөзі мен оның семантикалық тіресімі (оппозициясы) қысқа сөзі ауыспалы мағынада уақыт мөлшері семантикасын білдіреді. Бұл туралы сын
есімдердің семантикалық жүйесін арнайы қарастырған Ә.Ақкөзов те: «Ұзын сын
есімі мәтінге қарай уақыт өлшемінің де мағынасында жұмсала алады», –деп
көрсетеді [203, 31 б.]. Ал аталған сын есім сөздерінің көпмағыналығын
Р.Байымбетова егіз ұғымдардың концептуалдануымен байланыстырады:
«Уақытқа қатысты құбылыстар мен ұғымдарды кеңістік аясында, кеңістікке
қатысты ұғымдар мен құбылыстарды уақыт аясында саралау қазақтың тұрмыс-
тіршілігінен, тілінен айқын аңғарылады. Мысалы, қазақ тіліндегі ұзақ лексемасы
уақытқа да, кеңістікке де қатысты қолданыла береді.Уақыт өлшемін білдіретін – ұзақ уақыт, күн ұзақ, уақытты ұзақ, ұзақ күн, жасы ұзақ, қыс ұзақ болды; кеңістік өлшемін білдіретін – ұзақ жол, ұзаққа кету, жол ұзарту тіркестерінде
қолданылған ұзақ сөзі уақыт концептісінің де, кеңістік концептісінің де тілдік
репрезентанттары болып табылады» [204, 108 б.]. Мұнда «кеңістік» концептісі –
«қашықтық» ұғымын қамтып жататын жалпылама балама. Сапалық сын есімнің
аталған семантикалық ерекшелігі қыпшақ тілі кезеңіне де тән. Мысалы:
1) Узун күн тыңмадын тағ қазмыш (ХШ, 67р-29) // Ұзын күн дем алмай тау қазған; 2) Өмур қысқа ерүр һіммат бәдік қыл (ХШ, 115в-33) // Өмір қысқа болар, адамгершілікті биік қыл. Берілген мысалдардағы узун күн, өмур қысқа тіркестерін алып,
семантикалық ерекшелігін тіркескен сөздерімен қоса салыстырып қарасақ,
логикалық қайшылықтың барлығы байқалады. Яғни бір күн ұзын болғанда,
адамның тұтас өмірі қысқа болмасы анық. Демек, бұл сөздердің семантикасына
екінші бір зат пен іс-әрекеттің ықпал етуімен қатар, субъектінің жеке
көзқарасының да қатысы барлығы байқалады. Бұл – сын есім сөздерінің басты
қасиеттерінің бірі.
115
Поэмада көптік/аздық семантикасын білдіретін сөздер де көптеп кездеседі.
Атап айтқанда, бәса // көп, көб // көп, көп // көп (2), аз // аз (2), өкуш // көп, өкүш // көп, телім // көп, хайлі // көп, қалың // қалың, артуқ // артық, т.б. Бұл сөздер заттардың сандық, шамалық көп-аздығы, сондай-ақ қимыл-
әрекет мөлшерінің көптігі мен аздығы және оған жұмсалатын уақыттың да көп-
аздығы семантикасын білдіреді. Десе де, әрқайсысының өзінің контекстік орны,
аздаған семантикалық айырым белгілері де жоқ емес. Мысалы, бәса сөзі сын есім
болса да, контексте заттанып, көпшілік, қауым мағыналарын білдіреді. Телім сөзі
көптік семантикамен қатар, жалпылау семантикасын да білдіреді. Ал қалың сөзі
қашықтық ұғымымен қатар, заттық көптік, молдық семантикасын береді.
Э.Н.Наджип аталған сөзді қазіргі түркі тілдерінің көпшілігінде кездесетін және
көне, орта түркі кезеңінде де заттың сандық көптігі, етістік ретінде ұлғайту,
толтыру т.б. мағыналарын білдіретін көпмағыналы сөз ретінде көрсетеді [27, Т
3
/
с. 224-226]. Бір қалың сөзі ғана емес, жоғарыда берілген сын есім сөздерінің
барлығы да ерте, орта ғасыр түркі тілінде көпмағыналы, кең қолданыс тапқан
сөздердің қатарында болған. Мысалы:
1) Бәлі бәса көңлі бу (ХШ, 116p-6) // Және көп көңілі бұл; 2) Қалың өврәккә кірміштег лачын (ХШ, 19р-39) // Қалың үйрекке кіргендей