Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет96/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

бары // барлық, қамуқ // бар (барша, барлық), жүмла // барлық т.б. Ал «Адам Ата 
мен Хауа Ана» қиссасында жами’ // барлық, тамам // барлық, һамма // барлық 
(бүкіл,  барша)  т.б.  бірнеше  түрі  кездеседі.  Бұлардың  бәрі  де  белгілі  зат  пен 
процестің  сандық,  шамалық,  мөлшерін  тұтас  қамту,  жалпылау  семантикасын 
білдіреді. Мұны «Мұхаббатнаме» ескерткішін арнайы қарастырған Б.Сүйерқұл 
да былай деп көрсетеді: «Барча – қамуқ – бары – жүмла. Есімдіктен құралған 
синонимдік қатарлар бүкіл, барлық ұғымында қолданылған» [207, 96 б.].  
Жоғарыда берілген жалпылау есімдіктерін жинақтай келгенде, барча, бары, 
бүтүн, тәлім, түкәл, қамуқ, жәм, жами’, тамам, һамма сияқты он түрлі болады. 
Бұлардың  ішінде  тәлім,  қамуқ,  һамма,  жүмла  сөздерінен  басқалары  аздаған 
фонетикалық өзгерістермен қазақ тілінде қазір де қолданыста бар немесе кейбір 
кіріккен түбірлерде сақталған. Айталық, жәм, жами’ сөздерінің негізі бір. Бұл 
жиылған  топ,  көпшілік  мағынасын  білдіретін  жамағат  сөзі  мен  туысқандық 
қатынастағы адамдар тобын білдіретін жамағайын сөздерінде сақталған. Тамам 
сөзі қазіргі қазақ тіліндегі тамам жұрт (барша жұрт) тіркесінде сақталған. Ал 
жүмла  сөзі  Шалкиіз  жырауда  жімле  түрінде  (жімле  ғаламға  күлкі  етер) 
кездеседі. Демек, бұл сөз де бертінге дейін қазақ тілінің белгілі бір аймақтарында 
қолданыста болған. Ал тәлім, қамуқ сөздері көне түркі тілінде де, М.Қашқари 
сөздігінде  де  кездеседі  және  заттардың  сандық  көптік  семантикасы  мен 
процестердің шамалық мөлшерін жалпылау семантикасын білдіреді. Һамма сөзі 
түркі  тілдерінің  қарлұқ  тобында  бүгінге  дейін  қолданыста  бар.  Қыпшақ 
ескерткіштерінде аталған есімдіктердің қолданыс ерекшеліктерін, семантикалық 
аясын  көрсететін  қолданыстар  жеткілікті.  Десе  де,  әрбіріне  бірден  мысал 
келтірудің  мұнда  реті  келмейді,  солардың  ішінен  маңызды  бірнешеуіне  ғана 
мысалмен тоқталайық. Мысалы: 


117 
 
1) Қатыңда йир өпарлар жүмла шахлар (МН, А/206) //Барлық шаһтар сені 
көргенде құрмет көрсетіп, жерді сүйеді; 
2) Тәлім бағлығ қабуғ дәвләтдін ачлур (ХШ, 74в-21) // Барлық байлаулы есік 
дәулетпен ашылар; 
3)  Тамам  беһиштлариңни  арайиш  (шырай,  сән)  бергил  (АХ,  197,  26-28)  //  
Барлық пейіштеріңе сән беріңдер
4)  Һамма  фаришталар  мендин  йүз  үкүрдилар  (АХ,  220,  11-13)  //  Барлық 
періштелер менен жүз бұрды. 
Берілген  мысалдарда  жалпылау  есімдіктердің  қай-қайсы  да  белгілі 
кеңістіктегі заттардың сандық, көлемдік шамасын тұтасымен көрсетеді және әр 
ескерткіште  әртүрлі  сөз  қолданылғанына  қарамастан,  бір-біріне  семантикалық 
балама бола алады.  
Қыпшақ ескерткіштерінде мөлшер семантикасы мөлшер үстеулер арқылы 
да беріледі. Мөлшер үстеулердің саны жағынан ең көбі – «Адам АтаХауа Ана» 
ескерткіші.  Ескерткіште  мынадай  түрлері  кездеседі:  андағ  //  сонша,  анһама  // 
сонша, анчунан // сонша (соншалық), мунча // осынша (осыншама, қаншама) т.б. 
Ал «Хусрау  уа Шірін» поэмасында анча  // онша (сонша, көп), мунча // мұнша 
(мұншама,  сонша)  сияқты  бірнеше  түрі  ғана  кездессе,  «Мұхаббатнаме» 
ескерткішінде  мунча  //  мұнша,  неча  //  қанша  (қаншалық)  деген  екі  түрі  ғана 
кездеседі.  Аталған  мөлшер  үстеулердің  семантикалық  ерекшелігінің  өзі  екі 
түрлі:  бірінші,  белгілі  бір  нақты  мөлшерлік  шаманы  сілтей,  нұсқай  отырып, 
соның  орнына  ауысып  қолданылады;  екінші,  белгілі  бір  зат  пен  қимылдың 
сандық,  дүркіндік,  шамалық  мөлшерін  одан  сайын  асырмалау,  күшейту 
семантикасын білдіреді.  
Аталған  мөлшер  үстеулерді  қазіргі  қазақ  тіліндегі  мөлшер  үстеулермен 
салыстыра келіп, мынадай үш топқа бөлуге болады: 
Бірінші, қазақ тілімен негізінен сәйкес келетін мөлшер үстеу – мунча. Бұл 
дереккөз ретінде алынған қыпшақ ескерткіштерінің үшеуінде де бірдей кездеседі, 
сондай-ақ тілдің көне-жаңа барлық тарихи кезеңдерінде кездеседі және бәрінде 
бірдей  белгілі  мөлшерлік  шаманы  көрсету,  күшейту  семантикасын  білдіреді. 
Сондықтан  мұнча  сөзін  мөлшер  үстеулердің  ең  жалпы  және  ежелгі 
нұсқаларының бірі деп айтуға болады; 
Екінші,  семантикалық  жағынан  ерекшеленетін  мөлшер  үстеулер  –  андағ, 
анча,  неча.  Бұлар  негізінде  мөлшер  үстеулер  емес.  Алайда  кей  контекстік 
қолданыстарда мөлшер үстеудің семантикалық қызметін атқарады. Мысалы: 
1) Йер андағ нала уа зары қылып йығлады (АХ, 181/1-3) // Жер сонша нала 
болып, зар илеп жылады; 
2) Нічә дост ерсә йүз анча йағы (ХШ, 46p-21) // Неше досы болса, сонша 
жүз жауы; 
3) Неча хошаматли султан болса болсун 
Етман мал үчүн мадах-о санамин (МН, А/611-612) // 
Қанша қошаметті сұлтан болса да
Мал үшін мақтамаймын, мадақ етпеймін. 
Бірінші  мысалда  андағ  сөзінің  қазақ  тіліндегі  тікелей  баламасы  –  андай
Яғни,  сілтеу  есімдігіне  салыстыру  формасы  жалғану  арқылы  белгілі  шаманы 
ұқсату  семантикасын  білдіреді.  Берілген  мысалда  белгілі  процестің  шамасын 
нұсқаумен қатар, мөлшерлік семантика үстемеленіп тұр. Ал екінші мысалда анча 


118 
 
сөзі  -ча ұқсату формасы арқылы келгені анық көрінеді. Сондықтан да аталған 
сөздің  мағынасын  А.Ибатов  «онша,  сонша»  деп  береді  [206,  35  б.].  Бұл  сөз 
поэмада  ең  жиі  қолданылған  (66  рет)  мөлшер  үстеулердің  қатарына  жатады. 
Берілген  мысалдан  анча  сөзінің  үстеуіштік  мағынасынан  гөрі,  есімдіктерше, 
белгілі  шаманы  нұсқау,  сол  шаманың  орнына  ауысып  жұмсалу  қызметі  анық 
байқалады.  Үшінші  мысалдағы  нича  сөзі  –  сұрау  есімдігі.  Алайда  контексте 
сұраулық семантикадан гөрі, өзі белгілі шаманың орнына жұмсалып, мөлшерлік 
мағына үстейді; 
Үшінші, қазіргі қазақ тілінде кездеспейтін түрлері – анһамаанчунан. Бұл 
мөлшер үстеулер қазіргі қазақ тілінде дәл осы тұлғада кездеспейді. Алайда сөздің 
тұлғасына  мұқият  зер  салғанда,  ан  сілтеу  есімдігіне  -һа  (-ша),  -ма  (-ма) 
аффикстері  жалғанған  сияқты  да,  соншама  сөзіне  ұқсастығы  байқалады.  Ал 
анчунан мөлшер үстеуі де сол сияқты, ан сілтеу есімдігіне -чу, -нан аффикстері 
қабаттаса  жалғанған.  Сондықтан  бұл  сөздердің  морфонологиялық  құрылымы 
айтарлықтай өзгергені байқалады. Ал бұл сөздердің семантикалық ерекшелігіне 
келгенде,  белгілі  шаманы  нұсқау  мәнінен  гөрі,  үстеу,  күшейту  семантикасы 
басымдау. Мысалы: 
1)  Йер  анһама  (соншама)  нала  уа  зары  қылды  кә:  хаддин  (шектен)  фузун 
(тыс) уа ’аддин (саннан) бирун (сыртқары) (АХ, 180/31-33) // Жер сонша нала 
болып, зарлады: тіпті шамадан асып, шектен шығып кетті; 
2)  Анчунан  (соншалықты)  улуғ  болды  ким  өзидин  өзгани  билмади  (АХ, 
172/17-19) // Бақ-дәрежесін ұлық сезінгені соншалық, өзінен өзге бар деп білмеді. 
Бірінші  мысалда  анһама  мөлшер  үстеуі  жер  назасының  нақты  мөлшерін 
білдіріп тұрған жоқ, өте налыды, тым қайғырды деген күшейтпелі семантиканы 
білдіреді.  Ал  екінші  мысалдағы  анчунан  сөзі  бақ-дәреже  ұлықтығының  нақты 
мөлшерін емес, солай сезінудің жоғары шегін күшейтпелі түрде сипаттап тұр. 
Бұл екі сөздің де семантикалық ерекшелігі қазақ тіліндегі мөлшер үстеулердің 
семантикалық  ерекшеліктерімен  сәйкес  келеді.  Демек,  мөлшер  үстеулер  қай 
кезеңде  қолданылмасын,  жекелеген  сөздердің  контекстік  қолданысы  мен 
құрылымында  өзгешеліктер  болғанымен,  жалпы  грамматикалық  мағынасы, 
семантикасы ұқсас болып келеді. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет