Маралбек ермұхамет



Pdf көрінісі
бет95/184
Дата16.03.2022
өлшемі5,92 Mb.
#28114
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   184
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

лашын; 
3) Телім мал (ХШ, 26в-28) // Көп мал; 
4) Аның чәрігі хайлі (ХШ, 9р-9) // Оның әскері көп. 
Поэма  мәтінінде  көлем,  сыйымдылық  семантикасын  білдіретін  сөздер  де 
кездеседі. Атап айтқанда, ушақ // ұсақ сөзі қатты заттардың сыртқы көлемінің 
кішілігін, зәррә // зәррә сөзі ең кіші көлемге ие заттық бөлшекті, тар // тар сөзі 
белгілі кеңістік пен абстрактілі сыйымдылық ұғымдарын білдіреді. Мысалы:  
1) Ушақ таш ічрә мән һәм іздәсәм кән (ХШ, 92в-39) // ұсақ тас ішінде мен 
де іздесем кен; 
2) Қуйаш бар не бушар әксілсә зәррә (ХШ, 72р-31) // күн барда не қылады 
азайғанмен зәррә; 
3) Жіһан болды үзәмгә сенсізін тар (ХШ, 65в-2) // жіһан болды өзіме сенсіз 
тар.  
Мысалда ушақ сөзі деректі заттардың көлемімен қатар, дерексіз заттардың 
да абстрактілі көлем семантикасын білдіреді. Бұл сөздің семантикалық аясы кең, 
түркі  тілдерінің  тарихи  кезеңдерінде  әлденеше  варианттармен,  дыбыстық 
өзгешеліктермен келеді. М.Ескеева аталған сөздің түп-төркінін етістіктен тарата 
келіп былай дейді: «Үк~уақ~үуақ: үк – ет., затты майдалап ұсақтау, уақ – зат., 
майда, ұсақ. Ортақ түбірі ug «размельчить, молоть». Бұл сөздердің гомогендігі 
үгім~уақ~ұуақ  етістіктерінен  анық  байқалады.  Э.Севортян  üg  түбірінің  тоғыз 
вариантын  көрсетеді  /62.  560-561/.  Уақ  сөзі  ұйғыр  тілінде  ügak  түрінде 
қолданылады.  Қазақ  тілінде  түбірдің  архетипі  сақталған»  [205,  53  б.].  Бұған 
қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі уақ, ұсақ сөздерінің негізі бір, автордың ойы – 
құптарлық.  Ал  тар  сөзі  контексте  абстрактілі  сыйымдылық  семантикасын 
білдіреді.  Бұл  қолданыста  сыйымдылық  семантикасы  образды  түрде  беріліп, 
ауыспалы  мағынада  жұмсалған.  Негізінде  бұл  сөз  деректі  заттардың  нақты 
сыйымдылық  мөлшерін  білдіруге  де  қолданылады.  Ал  зәррә  сөзі  –  зат  есім. 
А.Ибатов бұл сөздің мағынасын «ең ұсақ бөлшек» деп береді [206, 89 б.]. Яғни, 


116 
 
ең  ұсақ  заттың  көлеміне  байланысты  қасиеті  доминант  семаға  айналып, 
метафораланып, заттық мағынасы сын есімге ауысқан.  
Поэмада  жалпылама  мөлшерлік  мағынада  қолданылғанымен,  нақты 
микромөлшер ұғымдарының ешқайсысына толық жатқызуға келмейтін сөздер де 
кездеседі.  Солардың  бірі  –  улу.  Аталған  сөз  көне  түркі  ескерткіштерінде  улуғ 
тұлғасында  берілсе,  одан  кейінгі  тілдің  барлық  тарихи  кезеңдерінде  кездеседі 
және  семантикалық  аясы  кең,  ауыспалы  мәнде  көп  жұмсалатын  сөздердің 
қатарына жатады. Бұл сөз аталған поэмада былай беріледі: Кетәрдің мендін ошбу 
улу захмат (ХШ, 69р-9) // кетірдің менен осы ұлы азапты. Осы қолданыста улу 
сөзі белгілі зат пен затқа біткен қасиеттің жоғары  шегін де, заттардың сандық 
көптігі  семантикасын  да  (ұлы  шерік)  білдірмейді.  Керісінше,  адамның  рухани 
әлемі душар болған азаптың, қиындықтың ең жоғары шегін,  азаптану үдерісінің 
абстрактілі  салмағын,  уақыт  жағынан  ұзақтығын  білдіреді.  Мұндай  рухани 
құбылыстарға байланысты қолданылған мөлшерлік бірліктердің семантикалық 
ерекшелігін дәл айту қиын.  
Қыпшақ  ескерткіштерінде  мөлшер  семантикасы  есімдіктердің  мағыналық 
топтары  арқылы  да  беріледі.  Есімдіктердің  ішінде,  қазіргі  қазақ  тіліндегідей, 
көбіне жалпылау есімдіктері арқылы беріледі. Мөлшер семантикалы жалпылау 
есімдіктердің  үлкен  бөлігі  «Хусрау    уа  Шірін»  поэмасында  кездеседі.  Атап 
айтқанда, барча // барша (бәрі), бары // бәрі, бүтүн // бүтін, бүкіл, жәм // барлық, 
қамуғ  //  барлық,  тәлім  //  барлық,  түкәл  //  түгел  т.б.  Жалпылау  есімдіктердің 
мұндай түрлері «Мұхаббатнаме» ескерткіштерінде де кездеседі: барча // барша, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет