2-қателік: мәліметтердің жеткіліксіз дамуы; автор өз тұжырымдамасында мысалдар мен дәлелдерді жеткілікті мөлшерде көрсетпейді.
3-қателік: эсседе көрсетілген мәселенің мәнін түсінбеу немесе тақырыпты дұрыс түсіндірмеу.
4-қателік: авторды көрсетпестен өзгелердің пікірін қолдану және эссе жазған адамның өзінің жеке көзқарасының болмауы.
«Ежелгі дүние мифологиясы және политеизм» пәнін оқып үйрену барысында эссе тапсырманы төмендегі тақырыптар бойынша орындайды:
5-тақырып: «Египет мифологиясындағы әлем мен адамның пайда болуы».
9-тақырып: «Ежелгі Римнің мифологиясы».
Білім алушының ұсынылған тақырыптарды орындау міндеттері:
тапсырманы мұқият оқып, тақырыптың өзектілігін ғана емес, мазмұны бойынша ерекше және қызықты жақтарын көрсету;
тақырып бойынша ақпарат көздерін таңдау және зерттеу;
негізгі және қосымша әдебиеттерді бөлу;
эссенің жоспарын құру;
мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, бірақ толық ашу;
эссені белгіленген уақытта тапсыру;
эссе көлемін 250-300 сөзден асырмау;
Ежелгі Египет дінінің ерекшеліктерін "Әлемді құру туралы" (3 нұсқа: Мемфис, Гермополь, Гелиополь), "Осирис және Исис" мифтері арқылы зерттеу;
Ежелгі Грецияның діні мен мифологиясының ерекшеліктерін көрсету;
Грек құдайларының пантеонымен танысу;
Прометей, Тезей, Орфей туралы мифтердің сюжеттерін білу;
Ежелгі грек дінінің кейінгі өркениеттер мәдениетіне әсерін бағалау;
Ежелгі мифтердің негізгі түрлері туралы түсінік қалыптастыру: әлемді құру, адамның жаратылысы, табиғи құбылыстары, құдайлар мен батырлардың әрекеттері, заттар мен технологиялардың пайда болуы, кейінгі әлем, ақырзаман туралы;
мифтердің мазмұны бойынша тарихи және мәдени фактілерді білу, оларды сипаттау, ономастикалық, географиялық, космогониялық, діни терминология бойынша алдын-ала глоссарий дайындау;
мифтер мен аныздарды қазіргі заманғы түсіну және жеткізе білу;
әр түрлі дереккөздерін салыстыру және сілтемелер беру;
дереккөз мәтініне сүйене отырып, мифтің қысқаша сюжетін құру;
дереккөз мәтінінде нақты тарихи, мәдениеттанулық, дінтану сұрақтарына жауап іздеу;
құдайлар пантеондарын сипаттау;
мәдени және діни нысандардың сипаттамаларын құрастыру: храмдар, құдайлардың мүсіндері, қасиетті орындар және т.б.;
құдайлар мен батырлардың іс-әрекеттерін бағалау;
мифтердің сюжеттерін тарихи шындықпен байланыстыру;
алынған білімді қазіргі заманғы мәдениет құбылыстарының себептерін ашу және мәнін бағалау үшін қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |