Маркетинг



бет12/99
Дата04.11.2022
өлшемі1,44 Mb.
#47500
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99
Байланысты:
МАркетинг-на-каз

1.4 Тәжірибелік жаттығулар


1 тапсырма. Төменде негізгі терминдер және оған бөлек анықтамалар келтірілген. Берілген анықтамаға қай термин сәйкес келетінін көрсету керек.

А. Мұқтаждық

Ж. Әлеуметтік-әдептік маркетинг концепциясы

Б. Қажеттілік

З. Маркетинг кешені

В. Нарық

И. Ынталандыру

Г. Тұтынушы нарығы

К. Сауалнама

Д. Нарық сыйымдылығы

Л. Айырбас

Е. Маркетинг концепциясы

М. Маркетинг







  1. адамның мәдениет деңгейi ерекшелiктерiне және өз ерекшеліктеріне спецификалық форма алған мұқтаждық ... .

  2. ... – бұл адамға бірдеңе қажет болған жағдайда пайда болатын сезімі.

  3. индивидумның сатып алушылық қасиетіне бекітілген қажеттілік анықталады ... .

  4. ... қолданатын кәсіпкер тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін біледі деп санайды, оның өнімдері бәсекелестеріне қарағанда оларды тиімдірек қанағаттандырады.

  5. өзі тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерді алатын жеке тұлғалар ... құрайды.

  6. егер кәсіпкер потенциалды және қазіргі тұтынушылардың мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін бәсекелестеріне қарағанда қалай тиімдірек қанағаттандыруды білсе, сонымен қатар тұтынушылар мен өз қызығушылықтарын есепке алса, онда ол қолданады ... .

  7. ... тауар сыйымдылығы (құн өрнегiнде немесе жеке бiрлiктердегi) сияқты анықталады, нарықта, әдетте, бір жыл ішінде жүзеге асырыла алады.

  8. ... географиялық жағдаймен немесе сұранысты тудырған қажеттіліктермен біріктірілген, көбінесе қазiргi немесе потенциалды сатып алушылар жиынтығы ретінде анықталады.

  9. ... – нақты мұқтаждықтар мен қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған неғұрлым тиімді айырбастарға жету мақсатында жүзеге асырылатын адам қызметі.

  10. адамға нақтылы қызметке түрткі болатын, кейбiр мақсаттарға жету қажеттілігіне негізделген iшкi және сыртқы факторлардың жиынтығы ... болып табылады.

  11. тауар, баға, үлестіру мен жылжу ... құрастырады.

  12. ұсынылатын объект орнына қандай да бір керек объекттен акт алу ... саналады.



2 тапсырма. Төменде келтірілген пікірлердің дұрыс немесе жалған екенін анықтаңыз, егер пікір дұрыс болса «иә» деп, жалған болса «жоқ» деп жауап беріңіз

  1. Нарық потенциалы нарық сыйымдылығынан аз.

  2. Сатушы нарығында сұраныс ұсыныстан асып түседі.

  3. Маркетинг концепциясын жетілдіру, ең алдымен, сатып алушы нарығында мазмұнды болудың маңызы бар.

  4. Маркетингтiң iске асырылуы шығарылатын тауарлардың тиімді сатылымын қамтамасыз ету үшін қажеттіліктер мен сатып алушылар талғамын қалыптастыру мақсатында нарыққа әсер етуді болжайды.

  5. Маркетингті жүзеге асыра, кәсіпкер сатып алушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру арқасында пайда алу қызығушылығын қанағаттандырады.

  6. Әр нақты мұқтаждық жеке адамдармен әртүрлі қабылданады, ең алдымен ол мәдени және тұлғалы индивидумнан тәуелді болады.

  7. Әр нақты жағдайларда маркетологқа тұтынушыларды табу және оларда бар қажеттіліктерді бөлу, сәйкес қажеттіліктерін қалыптастыруға әсер ететін факторларды зерттеу, осы қажеттіліктердің болашақта қалай жетілетінін анықтау және талдау жүргізу қажет.

  8. Әлеуметтік-әдептік маркетинг концепциясын жүзеге асырғанда кәсіпкер коғам қызығушылығын толық есепке алады.

  9. Маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіпкер адамға позитивті, сонымен бірге негативті әсер ететін жағдайларды тудыра алады.

  10. Маркетингті жүзеге асыра отырып, кәсіпорынға жеке қоғамдық ұйымдар, қауымдастықтар мен әр түрлі қоғамдардың қызығушылықтарын есепке алмаған жөн.

  11. Маркетинг көбінесе тұтынушы тауарларын шығаратын кәсіпорындарға қарағанда, өндірістік мақсаттағы өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды дамытады.

  12. Коммерциялық емес ұйымдар – театрлар, мұражайлар, шіркеулер, симфониялық оркестрлер - өз қызметінде маркетингті қолданбайды.



3 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептердің шешуін табыңыз.
Соңғы жылдары көптеген кәсіпорындар маркетинг бойынша директор (вице-президент) және маркетинг бойынша менеджер қызметтерін кіргізді. Олар маркетингтік зерттеулерді жүргізе отырып, жарнаманы жиі қолданады, сонымен қатар кейбір маркетингтік мерекелерді ұйымдастырады. Сонымен бірге олардың өндірістік және коммерциялық қызметінде елеулі өзгерістер болған жоқ. Кәсіпорындардың көбісі болашақта дайындалған тауарларды сатуда жанама коммерциялық күштерді қоса, бұрынғыша қоймаларға жұмыс істейді.
Барлық айтылғандар немен дәлелденгенін анықтаңыз. Бұндай кәсіпорындарда маркетингтің жүзеге асырылуы туралы айтуға бола ма? Бұндай кәсіпорындардың тиімді қызметін қамтамасыз ету үшін не істеу қажет?


4 тапсырма. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіз және есептердің шешуін табыңыз.
Маркетинг бойынша әдебиетте, көбінесе Юлий Цезарь қонақтар шақыра отырып, оларды ерекше түскі аспен таң қалдыруы туралы мысал жиі келтіріледі. Ол өзінің аспазын шақырып, оған осы ниетін мәлімдеді және түскі асты асыға күтті. Белгіленген уақытта аспаз шаянға толы үлкен табақ әкелді. Қонақтарға бұл тағам таң қаларлық емес еді. Осындай жағдайды көрген аспаз былай деді: «Қараңдаршы, бұл шаяндар пісірілген, бірақ қозғалады!».Сонда Цезарь аспаздан бұған қалай қол жеткізгенін сұрады. Аспаз пісірілген шаяндар ортасына бір тірі шаянды қойғанын айтты.
Келтірілген тәсіл маркетингке қандай қатысы бар? Табақтағы тірі шаянды нарықтық экономикадағы маркетингпен салыстыруға бола ма?


5 тапсырма. Маркетингтің негізгі тұжырымдамаларына сипаттама беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет