Инновациялық саясат - түпкі тұтынушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа ойды іздестіру мен жаңа тауарды құрастыру процестерін қосатын тауарлы саясаттың негізгі бөлігі болып табылады.
«Жаңа тауар» түсінігінің мәні 7 суретте көрсетілген.
Нарықтық жаңалық тауары (ескі – бұрынғы нарық үшін, жаңа – жаңа нарық үшін)
Қолданудың жаңа саласының тауары
Сапалы ең жаңа тауар, оның пайда болуына дейін нарықтағы аналогтары болмаған 10%
Нарықта айналыста бар, бірақ жетілдірілген тауар, бірақ осы жетілдірулер оның негізгі сипаттарын өзгертпеген 70%
Маңызды түрде түпкі жетістіктерге ие тауар және өзінің тағайындалуы бойынша берілген тауардың пайда болуына дейін де түпкі тұтынушылардың ұқсас қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болған тауарлардың нарықта болуын жоққа шығармайды 20%
7 Сурет. Жаңа тауар түсінігі
Инновациялық енгізулердің себептері 8 суретте көрсетілген.
-сатулардың өсімін, нарықтың үлесін және түпкі табысын ұлғайтуға ұмтылыс;
-нарықта бәсеке қабілеттілікті жақсарту;
-фирма үшін жаңа нарыққа шығу және т.б.
-нарықтағы бар тауарлармен қаныққандығы;
-ҒТП дамуы;
-бәсекелестердің саясаты;
-тұтынушылардың талғамдарындағы өзгерістер және т.б.