Тауарлық саясат жоспарында оның құрамды бөлігі ретінде ассортименттік саясат өте маңызды болып келеді, оның негізгі мәселелерінің бірі болып фирманың нарықтағы жемісті жұмысына және оның жалпы қызметінің экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететуге арналған тауар топтарын анықтау табылады.
Ассортимент деп төмендегі бағыттарға арналған тауар жиынтықтарын айтады:
нақты дүкендер, супермаркеттер, бутиктерде және т.б. сатуға арналған;
тұтынушылардың белгілі бір категориясына арналған.
Егер фирма тауардың әртүрлі түрлерін шығаратын болса, онда олардың ассортименттік топтарының сомасын тауарлық номенклатура деп атайды.
Номенклатураның (ассортименттің) басты сипаттамалары:
кеңдігі;
тереңдігі;
қанықтылығы;
үйлесімділігі.
Тауарлардың оптималдық жинағын құрастыру бойынша біртекті ұсыныстар жоқ, бірақ келесі тауарлық топтарды нарыққа бір мезгілде шығару ұсынылады: