Жан-жақты дамыту жаттығулары: (шығыршықпен орындалады).
1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
Б.қ.: Тік тұру, шығыршықты тік, екі жағынан екі қолмен ұстау.
1. Шығыршықты алға созу.
2. Кеуде тұсына әкелу.
3. Б. қ. келу
2. Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: аяқ иық көлеміндей ашық, қол төменде.
1. Шығыршықты жоғары көтеру.
2. Алға иіліп созылу.
3. Б. қ. келу.
Б. қ.: аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, шығыршықты бір жанға ұстау.
1. Шығыршықты оң қолмен ұстап тұрып, оңға айналу.
2. Шығыршықты сол қолмен ұстап тұрып, солға айналу.
3. Б. қ. келу
3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: тік тұру, шығыршықты қос қолмен ұстау.
1. Шығыршықты кеуде тұсында ұстау.
2. Алға созу.
3. Аяқты қозғалтпаған күйде оңға бұрылу.
4. Аяқты қозғалтпаған күйде солға бұрылу.
5. Б. қ. келу.
Шеңбер болып тұрады.
Шығыршықты дөңгелек қалпы тік ұстап, алға созады.
3-4 рет.
Негізгі қимыл жаттығулары: 1. Бір қатармен тізені жоғары көтеріп жүру.
(Бір қатармен, бір сызықпен жүру).
2. Допты алға домалату және оны қуып жету.
(Орнында тұрып, допты домалату).
«Мені қуып жетіңдер!» ойыны:
1. Ойын шартын түсіндіру.
2. Балалармен бірлесе ойнау
2-3 рет
Шығыршықты жинастырады.
Арақашықтықты сақтайды.
Өздерінің домалатқан добын жүгіріп барып ұстап алады.