Ұйымдастыру-шылық-
ізденістік
|
Жан-жақты дамыту жаттығулары:
(шығыршықпен орындалады).
1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
Б.қ.: тік тұру, шығыршықты тік, екі жағынан екі қолмен ұстау.
1. Шығыршықты алға созу.
2. Кеуде тұсына әкелу.
3. Б. қ. келу.
2. Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: аяқ арасы иық көлеміндей ашық, қол төменде.
1. Шығыршықты жоғары көтеру.
2. Алға иіліп созылу.
3. Б. қ. келу.
Б. қ.: аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, шығыршықты бір жанға ұстау.
1. Шығыршықты оң қолмен ұстап тұрып, оңға айналу.
2. Шығыршықты сол қолмен ұстап тұрып, солға айналу.
3. Б. қ. келу
3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: тік тұру, шығыршықты қос қолмен ұстау.
1. Шығыршықты кеуде тұсында ұстау.
2. Алға созу.
3. Аяқты қозғалтпаған күйде оңға бұрылу.
4. Аяқты қозғалтпаған күйде солға бұрылу.
5. Б. қ. келу.
Тыныс алу:
- аяқ арасы алшақ, шығыршықты қос қолмен жоғары көтеру, ауа жұту;
- шығыршықты кеуде тұсына әкеліп, мұрынмен дем шығару.
|
Шеңбер болып тұрады.
Шығыршықты дөңгелек қалпы тік ұстап, алға созады.
3-4 рет.
Шығыршықты жоғары көтеріп, алға иіледі.
3-4 рет.
Оң қолмен ұстап (сол қолмен ұстап, солға) иіледі.
3-4 рет
Шығыршықты ұстап оңға, солға бұрылады.
3-4 рет
Шығыршықты жинастырады.
|