Мақсаты: Балабақшаның балаларды көп нәрселерге үйрететінің және жақсылыққа тәрбиелейтін орын екенін түсіндіру



бет17/48
Дата05.06.2023
өлшемі130,03 Kb.
#98663
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48
Байланысты:
Технологиялық карта Дене шынықтыру

Қолданылатын көрнекі құралдар: гимнастикалық таяқшалар, жіп және ойынға қажетті заттар.
Сөздік жұмыс: секіру, допты домалату, шеңберге лақтыру, жүгіру.



Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Нұсқаушының іс - әрекеті



Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық– қозғаушылық

1. Бір қатар сапқа тұру.
2. Сәлемдесу.
(Нұсқауларды орындау)
Бір тізбекпен жүру.
Орнымызда тұрайық,
Алақанды соғайық.
(Жүріп келе жатып, орындарында тұрып, қолдарын шапалақтайды).

Бір тізбекпен кіріп, бір қатар сапқа тұрады.
Сәлемдеседі.



Мотивациялық– қозғаушылық

Қолды белге қояйық,
Бір сызықпен жүрейік.
(Қолды белге қойып, бір қатармен жүреді).
Күндей болып күлейік,
Көңілді жүгірейік.
(Бір қатармен жүгіру)
Балаларға таяқшалар беру, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.



Бірінің соңынан бірі жүреді, жаттығуды орындайды.


Таяқшаларды ұстайды.

Ұйымдастыру-шылық-
ізденістік

Жан-жақты дамыту жаттығулары:
(Таяқшалар).
1.Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар.
Б.қ.: тік тұру, таяқшаны екі шетінен ұстау.
1. Таяқшаны жоғары көтеру, таяқшаға қарау.
2. Төмен түсіру, таяқшаға қарау.
3. Б. қ. келу.
2. Дене бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: аяқ иық көлеміндей ашық, қол төменде.
1. Таяқшаны алға созу.
2. Жоғары көтеру.
3. Б. қ. келу.
Б. қ.: аяқ арасы иық көлеміндей алшақ, таяқшаны екі шетінен ұстау.
1. Таяқшаны оң қолмен ұстап тұрып, оңға бұрылу.
2. Таяқшаны сол қолмен ұстап тұрып, солға бұрылу.
3. Б. қ. келу
3.Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:
Б.қ.: отыру, таяқшаны екі шетінен қолмен ұстау.
1. Таяқшаны алға, аяқ ұшына қарай созып иілу.
2. Жоғары көтеру.
3. Б. қ. келу.
Б. қ.: тік тұру, таяқшаны екі шетінен ұстау.
1.Таяқшаны ұстап тұрып,орнында секіру.
2. Б. қ. келу.
Тыныс алу:
1. Аяқ арасы алшақ,таяқшаны қос қолмен жоғары көтеру (дем алу);
2. Таяқшаны кеуде тұсына әкелу (мұрынмен дем шығару).

Шеңбер құрып тұрады.

Таяқшаны екі шетінен ұстап, жоғары-төмен түсіреді.


3-4 рет

Таяқшаны алға созып, жоғары көтереді.


3-4 рет.
Таяқшаны оң (сол) қолмен ұстап, оңға (солға) бұрылады.
3-4 рет
Отырып таяқшаны аяқ ұшына тигізеді,тізені бүкпей, жоғары көтереді.
3-4 рет

Орнында тұрып секіреді.


3-4 рет
2-3 рет
Таяқшаларды жинастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет