Мақсаты: Отбасы тәрбиесіндегі ата – ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру



бет2/3
Дата01.06.2022
өлшемі21,5 Kb.
#36106
1   2   3
А) «Мейірімділік шуағы» Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл – күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл – күйіне әсер етеді екен.


1)Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2)Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3) Балаңыздың тәтті қылықтары
4) Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
5) Бала – ата – ананың үміті, өмірінің жалғасы.«Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» -деп перзентін әлпештеп өсірген ата – ананың жатса – тұрса тілейтіні -баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені. Ендеше сіз балаңыздың бойынан қандай қасиеттерді көргіңіз келеді?
«Мақал—мәтелдің жалғасын табу». Алма ағашынан алма теру арқылы мақалдың жалғасын табады. 1.Әкеден-ақыл, анадан-мейір. 2. Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер. 3. Балалы үй базар,Баласыз үй қу мазар. 4.Ананың сүті – бал, баланың тілі - бал 5.Ұлға отыз үйден тыю, Қызға қырық үйден тыю. 6.Әкені көріп ұл өсер,Шешені көріп қыз өсер. 7.Ананың ізін қыз басар,Атаның ізін ұл басар. 8. Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады. 9.Ата – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала - жағасындағы құрақ 10. Әкесіне қарап ұлын, Шешесіне қарап қызын таны. 11.Әкесіне тартып ұл тумас, Шешесіне қарап қыз тумас. 12. Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің. 13.Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды. 14.Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер.
15.Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
С и т у а ц и я л ы қ с ұ р а қ т а р
1 – сұрақ
«Балаңыз мектептен шағым айтып келді. Мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Сіз қандай әрекет етесіз?»
2 – сұрақ
«Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?»
3 – сұрақ
«Марат сабаққа дайындықсыз келді. Мұғалім сабақ түсіндіріп жатты. Марат сабақты да тыңдамады. Онымен қоса жанындағы оқушыларға да тыныштық бермеді. Мұғалім ескертулер берсе де қорытынды шығармады. Мұғалім оқушының сыныптан шығып кетуін талап етті. Марат үйге келіп шағым айтты. Ата – анасы әй – шәйға қарамай, директорға кіріп айқай шығарды. Ата – ананың бұл әркеті дұрыс па? Сіз қандай әрекет етер едіңіз?»
4 – сұрақ
«Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. Балаңыз: «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай – ақ қояйыншы», - деді. Сіздің әрекетіңіз? Ата – ана мен баласына жеке сұрақтар беру арқылы ата – анамен бала арасындағы байланысты анықтап, мәліметтерді саралау»
5- сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет