Оқушылар жауабы: Сүйір бұрышты үшбұрыш.
1-үшбұрыш: Дұрыс, дұрыс.
2-үшбұрыш: Доғал менің бұрышым,
Білсең айтшы дұрысын.
Қалай деп қане атайды,
Шөбересін атайды?
Оқушылар жауабы: Доғал бұрышты үшбұрыш.
2-үшбұрыш: Дұрыс, дұрыс
3-үшбұрыш: Келсе егер сөз кезегі,
Таныстыруды бастайын.
Мен ханның неменесі,
Ешкімнен ұялып саспаймын.
Атым менің тік бұрышты үшбұрыш
Қасиетім менің ерекше
Белгілі ғой әр елге
Пифагордың аты шығып
Тарап кетті әлемге
Пирамидасы Египеттің
Абыройымды асырды
Аты шулы Пифагордың
Теоремасы ашылды.
Ертегіші атай: Міне, балалар, «Үшбұрыштар еліне саяхат» жасай отырып талай сырға қанықтық.
Үшбұрыштар әулетімен таныстық
Осымен ертегім тәмәм болды.
Содан бері талай заман болды
Үшбұрыштар ұрпағы өз қасиетгерін сақтап келеді. (Ертегіші атай шығып кетеді)
1-жүргізуші: Сабағымыздың ІІ-бөліміне көшеміз:
І. Сұрақ -жауап. а) Үшбұрыштың түрлерін ата
ә) Үшбүрыштың биіктігі, биссектрисасы, медианасы дегеніміз не?
б) Тең бүйірлі үшбұрыштың қасиеттері.
II. Карточкалар (деңгейлік тапсырмалар).
І-деңгей (ақ түсті карточкалар).
1.Үшбұрыш қабырғаларының ұзындықтары 3 см, 4 см, 6 см.
Үшбұрыштың периметрін тап.
2. Тең бүйірлі үшбұрыштың табаны 3 см . Бүйір қабырғасы табанынан 3 см үзын. Үшбүрыштың бүйір қабырғасын және периметрін тап.
3. Тең қабырғалы үшбұрыштың периметрі 39 см. Үшбұрыштың қабырғаларын тап.
4. Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 12 см. Үшбұрыштың периметрін тап
5. АВС үшбұрышының АВС бұрышының биссектрисасы- ВК. АВК бұрышынын градустық өлшемі -150 . АВС бұрышының градустық өлшемін тап.
6. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 25 см. Бір бүйір қабырғасы 7 см. Үшбұрыштың табанын тап.
7. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 15 см. Бүйір қабырғасы табанынан 2 есе ұзын. Үшбұрыштың бүйір қабырғаларын тап.
8. Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 16 см. Табаны бүйір қабырғасынан 2 см қысқа. Үшбұрыштың әр қабырғасының ұзындығын тап.