Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым


IV. Логикалық, әзіл есептер шығару



бет25/27
Дата11.09.2022
өлшемі2,51 Mb.
#38830
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
00056211-222c2430

IV. Логикалық, әзіл есептер шығару.
V. Үйге тапсырма беру.
VI. Бағалау, қорытындылау.

Сабақта жаңа технология элементтерін қолдану
Ұстаздың сабақ оқыту процесіндегі басты мақсаты-оқушыларға терең де тиянақты білім беру, олардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Әрбір сабақ қызықты, оқушы жадында ұзақ сақталатындай өтуі тиіс. Ол үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданумен катар, 45 минут уакытты тиімді пайдалана білу қажет. Сіздердің назарларынызға 8-сыныпта өткізген сабағымның үлгі-жоспарын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар жөне төртбұрыштар.
Сабақтын мақсаты:
Білімділік: Үшбұрыш және төртбұрыштардың элементтерін, қасиеттерін, аудандарын есептей білу.
Дамытушылық: Өз бетімен ойлау қабілетін арттыру, салыстыра білуге, өз білімін бағалай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Математика пәнінің нақтылығына көз жеткізу. Жүйелі түрде жұмыс істеуге, өз ойын дәл, накты айта білуге үйрету.
Практнкалық: Білімдерін практикада қолдануға, өз бетінше білімдерін толықтыруға машыктандыру.
Сабақтың міндеті: Білім мен дағдыны жүйелеу, қорытындылау.
Оқыту әдістемесі: Деңгейлік тапсырма, салыстырмалылық Венн диаграммасы, ауызша есептеулер. ой толғаныс.
Сабактың түрі: Аралас сабақ. Білімді тиянактау.
Пәнаралық байланыс: Математика, сызу, әдебиет.
Көрнекілігі: Семантикалық карта, суретті плакат, үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыш пішінді қағаздарға жазылған деңгейлік тапсырмалар, геометриялық фигуралар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру. Оқушыларды түгендеп, бүгінгі сабаққа назар аударту.
Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында А.А. Столярдың схемалық әдісін қолдану.
He үшін оқимыз?_______ Нені оқимыз?_______
Қалай оқимыз?_______деген схема бойынша кіріспе сөз.
IІ. «Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады»
Нақыл сөз ілініп, оқушылар мағынасын түсіндіреді. Оқушылар тақта алдындағы қағаздан қиып жасалынған геометриялық фигураларды алып, сол туралы түсінік береді.
Мысалы: Трапеция. Оқушы оның анықтамасын, элементтерін, қасиеттерін, орта сызығы туралы теореманы, ауданын есептеу формуласын айтып береді.
Үшбұрыш пішінді қағазға жазылған деңгейлік тапсырмалар орындалады.
1. а) Ромбының диагоналдары 8 см және 10 см. Ромбының ауданын есепте.
ә) Пифагор теоремасын айтып бер.
2. а) Тікбұрышты үшбұрыштың биіктігі гипотенузасын 10 см және 8 см бөліктерге бөледі. Үшбұрыштың биіктігін тап.
ә) 300-қа қарсы жатқан катет туралы теореманы айтып бер.
3. а) Шаршының қабырғасы 6 см. Шаршының периметрін, ауданын есепте.
ә) Сыбайлас бұрыш туралы теореманы айтып бер.
ІІІ. «Шапкан озар, жатқан қалар» Оқушылар нақыл сөздің мағынасын түсіндіп, Венн диаграммасын толтырады.
Тіктөртбұрыш Ортақ Параллелограмм

Төртбұрыш пішінді қағазға жазылған тапсырмалар орындалады.


1. а) Үшбұрыштың биссектрисасы деген не?
ә) Үшбұрыштың катеті 6 см, гипотенузасы 10 см. Үшбұрыштың ауданын тап.
2. а) Трапецияның табандары 4 см және 6 см. Трапецияның орта сызығын тап.
ә) Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі деген не?
3. а) Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 5 см және 4 см. Гипотенузасын тап.
ә) Үшбұрыштың медианасы деген не?
IV. «Әдепсіз өскен баладан, әдеппен өскен тал жаксы». Бұл бөлімде оқушылар ой толғаныс әдісі бойынша «Семантикалық» картаны толтырады.

Бесбұрыш пішінді қағазға жазылған тапсырмалар орындалады.


1. а) Трапецияның орта сызығы, ауданы туралы теореманы айтып бер.


ә) Тең қабырғалы үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын жаз.
2. а) Параллелограмның ауданын есептеу формуласын жаз.
ә) Герон формуласын жаз.
3. а) Тікбұрышты үшбұрыштың ауданын есептеу формуласын жаз.
ә) Ромбының қабырғасы 5 см. Ромбының периметрін тап.
V. «Өнер-ағып тұрған бұлақ , ілім жанып тұрған шырақ». Нақыл сөздің мағынасын түсіндіріп, практикалық тапсырмалар орындайды.
Түрлі-түсті қатырма қағаздан қиып жасалынған геометриялық фигураларды сызғышпен өлшеу арқылы периметрін, ауданын есептейді. Салыстырмалықты қолданып, түсіндіреді.

VI. «Білімнін басы-бейнет, соңы-зейнет» Суретті плакаттағы тапсырмаларды ауызша орындайды.


VII. Инсайттық сызба арқылы сабақты қорытындылау.
VIII. Үйге тапсырма: №294. №295. Кабілетті окушылар үшін: №298. №299.
IX. Оқушыларды бағалау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет