«Тарихшылар» тобына берілетін тапсярмалар. 1) Пифагор және «Жүз өгіз» теоремасы.
2) Косинустар және синустар теоремалары туралы.
3) Қандай үшбұрыш египет үшбұрышы деп аталады? Ол неліктен олай аталған?
4) Пифагор үшбұрышы деп қандай үшбұрышты атайды?
3-сурет «Сәулет» тобына берілетіи тапсырмалар. № 1. Карта бойынша кеменін тұрған жерін анықтау керек. Картада К кеме және A, B радиомаяктар көрсетілген (А, В - жағалаудағы радиомаяктар)
а) Радиопеленгатор арқылы КАВ мен КВА бұрыштарын анықтау.
б) Радиолокатор арқылы КА және KB ара қашықтықтарын анықтау. Кеменің тұрған жерін карта бойынша қалай табуға болады?
ә) радиопеленгатордың анықтаған мәліметтері бойынша.
б) Радиолокатордың аныктаған мәліметтері бойынша.
(Кеменің тұрған жерін анықтау: а) Бір қабырғасы мен екі бұрышы бойынша, б) үш қабырғасы бойынша үшбұрыш салу есебіне келтіріледі).
№ 2. Кез келген ABC үшбұрышын сал. Сызғыш пен циркульді пайдаланып А және В бұрыштарының биссектрисаларын жүргіз. Биссектрисалардың қиылысу нүктесін О аркылы белгіле. Бұрыштық арқылы АС-ға перпендикуляр ОМ кесіндісін сал. Центрі О, радиусы ОМ болатын шеңбер жүргіз. Салудың дәлдігін тексер. Салынған шеңбер үшбұрыштың барлық қабырғаларымен жанасуы керек.
№ 3. Үшбұрыштың биіктіктерінің қиылысу нүктесі қандай нүкте деп аталады? (Жауабы: Ортоцентр).
№ 4. Үшбұрыштың медианаларының қиылысу нүктесі қандай нүкте болады? (Жауабы: Ауырлық центрі).
III. «Зырылдауық» ойыны. Әр топқа жеке-жеке зырылдауық беріледі де, тақырып жарияланады. Әр топ кезекпе-кезек зырылдауықты айналдырып, жарияланған тақырып бойынша жауап береді.
Тақырыптар:
1. Геометриялық фигура. 2. Үшбұрыш элементтері. 3. Математикалық термин, 4. Ұлы математиктер. 5. Геометрия үй тұрмысында. IV. Тестік тапсырма: «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Қабырғалары 1м, 2м, 3м болатын үшбұрыш бола ма?
Тең бүйірлі үшбұрыштың бір қабырғасы 25 см-ге, ал келесі 10 см-ге тең. 10 см-ге тең қабырға үшбұрыштың табаны бола ала ма?
Егер үшбұрыштың қабырғалары 6, 8, 10 сандарымен өрнектелген болса, ол тік бұрышты бола ма?
Үшбұрыштың биіктіктері (не олардың созындылары) бір нүктеден қиылыса ма?
Қабырғасы а, биіктігі Н болатын үшбұрыштар әркашанда тең.шамалы бола ма?