Математика пәні бойынша факультативтік сабақтарды ұйымдастыру



бет4/25
Дата22.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#44905
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Ғажайып математика 1 ә

Д/о.: «Өз орныңды тап».
Мақсаты: Цифрлардың сандар қатарындағы орны, көрші сандар туралы білімдері көзделеді.
Балаларға 0-ден 10-ға дейінгі цифрларды таратып беру. «Цифрлар» музыка ырғағымен билеп жүреді. Музыка тоқтағанда балалар тез бір қатарға тұра қалады. «Цифрлардың» орындарын дұрыс тапқандықтарын тексеріледі. Содан кейін бірнеше балалардан аталған сандардың көрші сандарын атауды сұрау.
5-ші тапсырма:
Сандарды тиісті ретпен орналастыру. 2, 4 5, 6, 8, 7, 1, 9, 10
Сабақты қорытындалау: Біз бүгінгі сабақта не істеп үйрендік? Нені санадық?
Бекіту.
Бағалау
5 сабақ
Тақырыбы: Сандарды оқу, жазу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды оқып, жазуға үйрету. Өткен сабақты толықтыру.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру.
1. Жылулық шеңбері. Балалар бір - біріне жылулық сыйлап, шеңбер бойымен жүріп тақпақты хормен айту.
Шашы – алтын, көзі - от,
Шыға ғой, Күн, тезірек.
Шуақ берші, жылу бер,
Маған оған, досыма,
Тағы, тағы, тағы да!
1. Ауызша 1 - ден 10 - ға дейін тура және кері санау.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.
10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1.
2. Ойын “ Кім тапқыр? ’’
Өздеріне таныс цифрлар мен арифметикалық таңбаларды атап көрсету.
1, 2, 3, 4; +, -, = ‹, ›
3. Өз орныңды тап! ойыны
Тура және кері сандар қатарын көрсету.
1, 2, 3, 4. 4, 3, 2, 1.
4. Көршісін тап! Ойыны
5. Ойын “ Cан ойла, тез ойла! ” Сандар құрамын айту. Бос орынға сан қою.
2=1+ 3=2+ 4=3+ 4= +3
3=1+ 4= +2
Сергіту сәті.
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.
1.Өрнек құрастыру.
Аулада 4 балапан жайылып жүр еді, оған тағы 1 балапан келіп қосылды.
Аулада неше балапан болды?(5)
2. 5 цифрымен таныстыру.
3. 5 саны қалай шыққанын айтып, өрнек жазу.
4+1=5
4. М. Қуанышбековтың “Бес саусақ’’ өлеңін жатқа айту.
Ал, санайық, саналық,
Саусақтарға қарап - ап
Қане, қане, саналық,
Санын біліп алайық,
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу,
Қолымдағы саусағым нешеу?(5)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет