«Математика» пәнін оқытудағы белсенді оқу әдістері



бет5/9
Дата18.05.2022
өлшемі1,05 Mb.
#34939
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
user file 5e653b3cd2f77

«Қатені тап» әдісі
Оқушыларды үш топқа біріктіру .Әр топқа жеке тапсырма және тапсырманы орындауға белгілі уақыт беріледі.
1-топ тапсырмасы: тақырыпқа байланысты формула не ережелерде 1-2 қате болуы керек.
2-топ тапсырмасы: ереже мәтінін шашыраңқы сөздер ретінде жазу керек.
3-топ тапсырмасы: тақырып бойынша бірнеше сұрақтар құрастыру керек. Сұрақтарда 1-2 қате болуы керек. Тапсырмалар жазылып болған соң, топтар бір-бірінің қателерін тауып, түзетулері керек. Түзетулерді арнайы параққа жазуға болады.

Тапсырмасы

Қателері

Тексерген топ

Зерттеудің алты қадамы
1.Тапсырманы анықтау: Мен нені анықтауым керек? Мен не істеймін?
Мен қазір не білемін? Мен өз жұмысымды қалай таныстырамын?
2.Ақпараттың орналасқан орны: Мен ақпаратты қайдан таба аламын?
Маған кім көмектесе алады?
3.Тиісті ресурстарды таңдау: Бұл ақпарат пайдалы ма?
Мен нені сақтауым керек?
4.Ақпаратты ұйымдастыру: Мен жазбаларды өз сөзіммен жаза аламын ба?
Мен оларды қалай ұйымдастырамын? Мен ақпараттың қайдан алынғанын
белгіледім бе? Мен жеткілікті ақпарат алдым ба?
5.Идеяларды ұсыну: Менен өз жұмысымды қалай таныстыру талап етіледі?
Мен оны қалай құрылымдауым керек? Мен өз жұмысымды
кімдерге таныстыратын боламын? Мен тез тіл табыса аламын ба?
6.Дайын болған өнімді бағамдау: Мен бір нəрсені қалдырып кеттім бе?
Менің жұмысымның мəні бар ма? Мен орфографиялық жəне
грамматикалық нормалардың сақталуын тексердім бе?
Мен өз жұмысымды оқыған адамның алдында мақтаныш
сезіне аламын ба? Мен не үйрендім?
- Бекіту жəне қолданысқа енгізу: Жаңадан меңгерілген дағдыларды тəжірибеде қолдану жəне дамыту үшін сыныпта жəне үйде орындауға арналған əртүрлі жаттығулардың көмегімен түрлі мүмкіндік ұсыну; оқушылардың үдеріс барысында əріптесімен жұпта немесе топта бірлесе ойлануы немесе талқылау арқылы оларды өз идеялары мен пайымдауларының ауқымын кеңейтуге немесе өз жұмыстарының жазбасын жүргізу əдістері мен тəсілдерін салыстыруға жəне жетілдіруге ынталандыру; оларды оқу бағдарламасындағы математикалық есептерді шешудің математикалық дағдыларын тиімді қолдануға ынталандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет