«Математика» пәнін оқытудағы белсенді оқу әдістері


«Егер 5 минутым болса...» әдісі



бет7/9
Дата18.05.2022
өлшемі1,05 Mb.
#34939
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
user file 5e653b3cd2f77

«Егер 5 минутым болса...» әдісі арқылы әр топ өз ойларын ортаға салып түзету жұмыстарын жүргізеді.
”Төрт сөйлем” әдісі
Бұл әдіс арқылы оқушылар тақырып туралы пікірлерін білдіреді:
Пікір. Тыңдаған мәтін бойынша өзіндік пікірлеріңді бір сөйлеммен айтыңдар немесе жазыңдар.
Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.
Мысал.Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіріңдер.
Қорытынды. Тақырыптың мазмұны бойынша қорытынды шығарыңдар.
- Қорытынды шығару жəне есте сақтау: Математика сабағында жұмыс барысына шолу жасап, оның қорытындысын шығару жəне балалардың не үйренгенін түйіндеу; балалардың түсінгенін анықтау жəне қате түсінген болса түзету; оқушыларды өз жұмыстарымен таныстырып, оның негізгі тармақтары мен идеяларын ұсынуға шақыру; математиканың басқа салаларымен жəне басқа пəндермен байланыстыру; оқушыларға оқудың келесі кезеңін түсінуге мүмкіндік беру.
8
Рефлексия пирамидасы
«Білімдарлар» әдісі
Ең алдымен, ойынның басында
«білгірлер» анықталады, олар өздеріне
топ құрады. Ойынға қатысушы «білгірлер»
тобы ортаға отырады. Басқа топтардың
өкілдері оларға оқылған тақырыптары
бойынша сұрақтар қояды.
Топтың сұрақты өз ішінде талдауы 20 секунд
қана жүреді де, бір оқушы жауап береді
(кезекпен).
«Өзіңізді тексеріңіз» әдісі Бұл мәлімет ШЫНДЫҚ па немесе ЖАЛҒАН ба? Өтілген тақырып бойынша мысалдар келтіріледі. Мысалдарды оқу кезінде оқушылар ол келтірілген мысалдың өтілген тақырыпта бар, жоғын анықтайды.
«Менің сөзім» әдісі
Сыныптан бір оқушы тұрып, сабақтан бүгінгі үйренгендерін қорытындылап айтады. Айтып болған соң басқа бір оқушының атын атайды. Сөзді сол оқушы жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Барлық оқушы сабақты қорытындылауға осы ретпен қатысады.
Мұғалімдер белсенді оқу әдіс-тәсілдерін қолдануда
назарға алатындары:
  • оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, олардың бұған дейін алған білімдері, біліктері мен дағдыларын одан әрі дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;
  • мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды дамыта оқыту;
  • оқушылардың білім алуына «оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;
  • оқушылардың зерттеу жұмыстарын жүргізуіне және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқуды ұйымдастыру;
  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет