«Құрастыр және жауап бер» әдісі. Сабақта оқушылар өз
сұрақтарын құрастырады
да, сосын соларға жауап
береді.
«Қағаздағы сұрақтар» әдісі Әрқайсысы қағаз қиындысына
өзі білгісі келген немесе өзі жауап
бергісі келген сұрақтарды жазып,
қалташаға салады. Араластырылған
сұрақтар еркін түрде қатысушыларға
таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен
сұрақтарға жауап береді. Бұл - үй
тапсырмасын сұрағанда қолдануға
тиімді тәсіл.
«Бұл жауабы болса, онда сұрақ қандай болады?» әдісі.Оқушыларға сөйлемдер беріп, жауап ретінде осы сөйлемдерді алу үшін сұрақ қандай болатынын анықтауды сұраңыз. Мысалы : 180º.
Берілген тақырып бойынша маған не белгілі? Мен не білемін?
Мәтіннен қандай жаңалық туралы білдім?
«Борт журналы» әдісі «Борт журналы» - тақырыпты оқып үйренуде өз ойларын жазуға үйретудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін қамтитын жалпылама атауы. «Борт журналы» қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:
Мәтіннің түйінді ойларын оқушылар өздерінің «Борт журналына» енгізеді. Оқу кезіндегі үзілісте оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. Мұғалім оқушылармен бірлесе отырып жұмыс орындайды.
- Зерделеу жəне зерттеу:Оқушылардың проблемалық мəселе көтеруін немесе зерттеу бағытын жорамалдауды сұрау; белгілі бір жағдайларды жалпылауға болатынын зерттеуді сұрау; қарсы мысалдар іздеп, ерекше жағдайларды айқындауды сұрау; оқушыларды проблема мен оның шешімін ұсынудың графикалық немесе сызбалық нұсқадағы балама тəсілдерін қарастыруға, проблемаға басқаша тұрғыдан қарау үшін бір түрінен екіншісіне көшуге ынталандыру. .
5 «Қателескен мұғалім» әдісі Мұғалім ережелерді оқу барысында қате жібереді. Оқушылар тыңдап отырып, қателескен тұсты бірден тауып, дұрыстау керек. Мұғалім қате жіберетін болғандықтан, оқушылар асқан қызығушылықпен мәтінді қалт жібермей тыңдайды. Мұнан соң қате басылған ереже оқушыларға таратылады. Енді «Жаңсақ басылған ереже» ойнына ауысады.