1.4. Геометриялық мағанадағы есептер
Геометриялық есептерге оқушылардың оқу бағдарламасына сәйкес
фигураның ауданы, периметріне байланысты
және қабырғаларына
байланысты, санның қасиетін негізге ала отырылып есептер берілгеді.
Мысалы, суреттегі үйдің жоспарын пайдаланып, осы үйдің жалпы
ауданын анықтаңыз.
Ұзындығы : 3,5 + 2 + 4 =9.5. Ені 3+5=8 м.
Одан аудан ұзындығы мен
енінің көбейтіндісіне тең. S = 9,5 * 8 = 76 м
2
.
Жауабы: 76 м
2
.
Мысалы, әткеншекте ұзындығы 340 см иінінде қыз отыр, ал
ұзындығы 170 см иінінде ұл отыр. Егер ұл 0,8 м
көтерілсе, онда қыз неше
метрге төмен түседі.
Шешуі:
Иіннің ұзындығы мен көтерілу биіктігі
тура пропорционал шамалар,
онда
340
170
=
х
0,8
, х=
340•0,8
170
= 2 • 0.8 = 1.6
Жауабы: 1,6 м.
Мысалы, қабырғасы 6 см квадратты бөліктерге бөлуге болатын
болса, онда оны ұзындығы 4 см және ені 3 см болатын өзара тең бүтін
неше тік төртбұрышқа бөлуге болады?
Шешуі: Екі тіктөртбұрышқа бөлуге болады. Себебі, 6 см
қабырғасы
екі тіктөртбұрыш ені болса, онда екінші қабырғасына 4 см
ұзындығын
саламыз. Квадраттың қалған бөлігі ені 2 cм, ұзындығы 6 cм тік төртбұрыш.
Достарыңызбен бөлісу: