Күнтізбелік есептерді шығару.
1. 2012 жылы ақпан айында 29 күн болды. Мұндай құбылыс 4 жылда бір рет
болатыны белгілі. 2001 жыл мен 2065 жыл аралығында
осындай қанша жыл
болады?
Шешуі: 2001 бұндай жыл болмайды. 2008-4=2004. Жылдардың жалпы
санын табамыз: 2065-2004=61, осы жылдар санын 4-ке бөлеміз. Неше рет
төрттен алатынымызды анықтаймыз . 61/4=15 қалдықпен бөлінеді, бірақ біз
2065 ден азайтқанда 2004 жылды санамаймыз, сондықтан 15+1=16.
Жауабы: 16.
2. Сағат тәулік сайын 6 минутқа қалып қояды. Неше
тәуліктен кейін сағат дәл
уақытты көрсетеді?
Шешуі: Сағаттың стрелкасы нақты уақытты 12 сағатқа қалғанда
көрсетеді.
12 сағат = 12*60 = 720 минут.
Егер бір тәулікте 6 мин. Қалып отырса, онда 720/6 = 120 тәулік.
Егер сағат ай- күн көрсетпейтін
электронды сағат болса, онда сағат 24 сағатқа
қалу керек. Бұл 120*2 = 240 тәулікте болады.
Егер сағат ай-күнді
көрсетсе, онда олар ешқашан уақытты дұрыс
көрсетпейді. Яғни
минутқа емес, онда күнге қалатын болады.
Жауабы: 240 тәулікте ( егер электрондық сағат болса, күнге қалатын
болады)
3. Сағат тәулік сайын 3 минутқа қалып қояды.
Неше тәуліктен кейін сағат
дәл уақытты көрсетеді.
Шешуі: Сағаттың стрелкасы нақты уақытты 12 сағатқа қалғанда
көрсетеді.
12 сағат = 12*60 = 720 минут.
Егер бір тәулікте 3 мин. Қалып отырса, онда 720/3 = 240 тәулік.
Егер сағат ай- күн көрсетпейтін электронды сағат болса, онда сағат 24 сағатқа
қалу керек. Бұл 240*2 = 480 тәулікте болады.
Егер сағат ай-күнді көрсетсе, онда олар ешқашан уақытты дұрыс
көрсетпейді. Яғни минутқа емес, онда күнге қалатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: