Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары



бет9/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51
Қызығушылықты ояту.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақ қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айтады алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге ететін «Топтау», «Ойлану, Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау» т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты - үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс- әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оны ойы аршылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте –бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы білімімен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSEPT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында.

V– «білемін»,

- - «білмеймін»,

+ - «мен үшін жаңа ақпарат».

-? – «мені таңқалдырады» белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады.

INSEPT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну күделі жұмыс. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл - желпі қарау салдарынан түсіне алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден- бір кепілі.



Үйренушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғыни байланыстар құрауға дағдыландырады. Сурет арқылы бейнелесек:
Тақырып туралы ой толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру назардан тыс қалып жатады. Оның орнына, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға көп уақыт жіберіледі.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы бұл сабақтағы уақыттан аса қажетті пайдалану, мәнді маңызды жұмыс әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білімін үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғыни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең» «Венн диаграммасы», «Еркін жазыу», «Семантикалық карта», «Т кестесі» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр- жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады. Олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын, ой түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің рөлі қандай дейтін болсақ, ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге, қолдану көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім алу (үйрену) ісін ұйымдастырушы болып табылады.

Сын тұғысынан ойлауды үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт:



  1. Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек

  2. Оқушыларға ойланып - толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.

3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

4. Үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс- әрекетін қолдау.

5. Кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау.

6. Оқушылардың бір- бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету.

7. Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:



  • Сенімділікпен жұмыс жасау ;

  • Бар ынтасымен оқуға берілу;

  • Пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар;

  • Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

  • Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

  • Осы ақпаратты үйрене отырып, мен бірдеңе жасай аламын ба ?

  • Маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Жоба 80- жуық стратегиялардан тұрады. Бұдан әрі қарай солардың кейбірімен таныстыра кетеміз, ашып береміз және жұптықтарға жұмыс істеу технологиясының мазмұнын ДЖИКСО стратегиясы – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады.

Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл «жанұя» топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 - өз алдына «жұмыс» тобын құрайды.

Оқуға ұсынылатын материалдық тақырыбы талқыланған соң, осы математикалық теория, немесе есеп мәтіні, мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1- бөлігін 1- лер, 2- бөлігін 2 санын алғандар 3, 4- нөмерлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға «жұмыс тобында» мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті «жанұя топ» оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.

Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтармен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.

ДЖИК СО – стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай – ақ мұғалімді, мектеп қызметкерлерін түсіну оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.

Екі түрлі түсініктеме күнделігі стратегиясы.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет