Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары


Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту- педагогикалық технологиясы



бет8/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51
Байланысты:
ҚАЛДЫБАЙ ДАНАГҮЛ

3.Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту- педагогикалық технологиясы.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәрбиені жүйеге келтірген Джмнни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарымның, біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға оқушыларды үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос – Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе –теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіну керек.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым үш деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет