Математиканы оќытуда жђптыќтарда жђмыс істеу технологиялары


I-тарау. Математика сабақтарында жұптықтарда жұмыс істеудің педагогикалық-психологиялық негіздері



бет5/51
Дата07.01.2022
өлшемі1,32 Mb.
#19690
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
ҚАЛДЫБАЙ ДАНАГҮЛ

I-тарау. Математика сабақтарында жұптықтарда жұмыс істеудің педагогикалық-психологиялық негіздері.
1.1. Математиканы оқытуда тұрғын, қозғалмалы және таңдаулы жұптықтар құрудың теориясы және практикасы
Республикамызда соңғы жылдары оқыту жүйесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Олар «иновациялық жүйе» немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу, оқу жүйесін технологиялау, интерактив әдістерді қолдану тағы сол сияқты. «Инноватика» ұғымының мәні, латынның in-novus деген сөзінен шыққан, «жаңарту, өзгерту» мағынасын беретіндігін көпшілік мұғалімдер түсінді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, құралдар, оқулықтар, бағдарламаларды пайдалану, оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру, жаңалықтарды енгізуді талап етіп отыр. Оқытуда инновациялар мынадай түрлерде кездеседі;

а) Білім беру саласындағы жаңалықтар:

1.Ұйымдастырудағы

2.Технологиялаудағы

3.Оқулықтар мен бағдарламалардың өзгеруі деп үш топқа бөлінеді.

Француз ғалымы Э.Брансуик педагогикалық жаңалықтардың үш мүмкін түрін бөліп қарайды:

1. Жаңалық ретінде бұрын еш жерде , еш уақытта қолданылмаған білімдік идеялар мен әрекеттер алынады. Мүлдем жаңа нәрсе. Практикада ондай жаңалық өте сирек кездеседі.

2. Белгілі бір кезде, белгілі бір ортада көкейтестілігімен ерекшеленген, қайта орын алып отырған, жаңа жағдайға бейімделген идеялар. Бұл қазіргі педагогикалық жаңалықтардың көп бөлігін құрайды.

3. Практикада бұрын болған, тек мақсатын өзгертіп пайдалану жаңа нәтижелер беретін жаңалықтар.

Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологиялар пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде.

Әсіресе жоғарғы сынып мұғалімдері мектептегі жаңарту процестерін қызу қолдап жаңалықтарды жылдам қабылдап, оларды практикада қолдануда үлкен белсенділік тануда.

Енді технология және педагогикалық технология терминінің мәнін ашайық .

Технология – дегеніміз қандай да болмасын белгілі бір іске қолданылатын, қабылдаулардың жиынтығы.

«Педагогикалық технологияға – В.Л. Беспалько – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба»,- деген анықтама береді. Ал педагогикалық жүйені, тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы ұйымдастырылған мақсатты, бір-бірімен өз ара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп қарастырады.

- Оқытудың технологиялары - дидактикалық жүйенің құрамдас, процессуалдық бөлігі. (М.Чошанов)

- Педагогикалық технологиялар- оқыту процесін жобалау, ұйымдастыру және өткізудің ойластырылған моделі. (В.М. Монахов)- деген анықтамалар бар.

Ал Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны арнайы лайықталған әдістер, амалдар, тәрбие құралдары түріндегі психологиялық – педагогикалық қондырғы деп түсіндіреді.

Технологиялық процес- технологиялық бірліктердің арнайы жүйесі, олар педагогикалық нәтижеге бағытталған.

Педагогикалық технологиялардың философиясы ізгілік, жеке бастың даму теориясына негізделген.

П.К.Селевко педагогикалық технологияларды мәнділігіне, қолданылуына, ұйымдастырылуына қарай төмендегідей топтарға бөледі:





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет