ТЕОРИЯЛЫҚ МЕХАНИКА – материялық денелердің механикалық қозғалысының жалпы заңдылықтары мен тепе-теңдігін және осы материялық денелердің өзара механикалық әсерлесуін зерттейтін ғылым.
Теориялық механика үш бөлімге бөлінеді:
СТАТИКА – абсолют қатты денеге әсер ететін күштер жүйесінің тепе теңдік шарттары зерттеледі.
КИНЕМАТИКА – әсер ететін күштер ескерілмей қатты дене қозғалысының жалпы геометриялық сипаттамалары зерттеледі
ДИНАМИКА – материялық нүктенің, қатты дененің қозғалысы зерттелгенде, осы қозғалыстың себебі болатын әсер етуші күштер ескеріледі.
Күш векторлық шама, сондықтан ол үш көрсеткішпен бейнеленеді:
1. Өзара теңескен күштер жүйесінің әсерінен дене тыныштық күйде немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болады.
2. Дененің бір нүктесіне түсірілген екі күштің тең әсер етуші күші сол нүктеге түсіріледі де, осы күштерден тұрғызылған параллелограммның диогналымен анықталады.