БАЙЛАНЫС РЕАКЦИЯСЫ – байланыс тарапынан қарсы әсер ететін күш
БАЙЛАНЫСТАН БОСАТУ АКСИОМАСЫ Кез келген еріксіз денені ойша байланыстардан босатып және осы байланыстар әсерін сәйкес реакция күштерімен алмастырсақ, онда еріксіз денені еркін дене деп қарастыруға болады.
4. Жылжымайтын топсалы тірек– денеге тірек нүктесіне қатысты айналуына кедергі етпейді, ол екі бағытта (вертикаль және горизонталь) қозғалысқа бөгет жасайды.
Жылжымайтын топсалы тірек реакциясы күштердің әсер ету жазықтығында жатады, Rx, Ry екі құраушыға жіктеледі.
5. Қатаң бекітпе– дененің барлық қозғалуларына (бұрылуға және екі бағытта қозғалуға) кедергі жасайды.
Жазық қатаң бекітпеде үш тірек реакциясыанықталады:Rx, Ry екі құраушы күш реакциялары және MA бекітпе моменті.
6. Жылжымайтын сфералық топса – дененің барлық қозғалуларына (бұрылуға және екі бағытта қозғалуға) кедергі жасайды.