Материали за IX международна научна практична конференция


Жалғасбаева Гүлмира Шəмшатқызы, мұғалім



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата03.03.2017
өлшемі1,61 Mb.
#5911
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Жалғасбаева Гүлмира Шəмшатқызы, мұғалім 

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағанбет ауылы 

Т. Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі ММ 

 

ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ 

ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Дарынды  балаларды  оқытумен  тəрбиелеуді  ұйымдастырудағы  басты 

міндет  балалардың  қабілеттері  мен  талаптарын  жан-жақты  аша  түсу  үшін 

дарындылықтың  ерекшеліктерін  анықтау  мен  айқындау  болып  табылады. 

Дарынды  балаларды  анықтау – баланың  дамуын  талдау  мен  байланысты  ұзақ 

процесс. Дарындылықты қандай да бір əдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды 

баланы  тəрбие  беру  мен  оқыту  барысында  біртіндеп,  сатылап  анықтау  қажет. 

Дəл  қазіргі  уақытта  баланы  дарынды  жəне  дарыны  жоқ  деп  бөле  отырып,  біз 

баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың 

бойындағы  қайталанбас  ерекшелігі  өсе  келе  баланың  шын  мəнінде  талантты 

болатынына  кепілдік  бола  алмайды.  Ең  алдымен  баланың  даму  ерекшелігіне 

көңіл  бөлген  жөн.  Одан  кейін  міндетті  түрде  ата-анасымен  тығыз  байланыс 

жасап,  ол  баланың  неге  бейім  екендігін  ескеріп,  үйден  көбірек  қадағалауын 

ескерткен  жөн.  Ол  үшін  сабақтарда  түрлі  қызықты  ойындар,  шығармашылық 

тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мəні зор. 

Шығармашылық – жаңа  нəрсе  ойлап  табуға  бағытталған  қабілеттер 

деңгейі.  Олай  болса  кез  келген  баланың  психологиясын  педагогикалық 

тұрғыдан жете бақылап, əр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда 

түрлі  жұмыстар  жүргізуге  болады.  Бұл  жағдайда  ең  алдымен  баланың  даму 

ерекшелігіне  көңіл  бөлген  жөн.  Сонымен  бірге  сабақты  мұғалім  қазіргі  заман 

талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін 

білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс жəне дамыта оқыту жүйесі 

бойынша  баланың  жауабына  шек  қоймай  оның  өз  ойын  еркін  бүкпей  айтуға 

ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған 

оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай 

оқушылардың  ой-өрісі  кең,  тереңнен  ойлай  біледі.  Сол  себепті  мұғалім 

күнделікті  сабақ  жоспарын  жасағанда  сынып  оқушыларының  жеке  дара 

ерекшеліктерін  ескеріп,  ол  оқушыларға  түрлі  тапсырмалар  береді.  Бастауыш 

сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу деген əдістемелік 

кітапшаны  əр  мұғалім  басшылыққа  алса, «Бастауыш  мектеп», «Қазақстан 

мектебі»  журналдарын  оқыса,  бұл  жұмыстарды  əрине  жандандыруға  болады. 

Баланың  шығармашылық  қабілеттерін  ашу – мұғалімнің  ең  басты  міндеті. 

Себебі  ұлы  ойшыл  М.  Горький: «Адамдағы  дарындылық  қасиет  туа  бітті  қан 

арқылы  берілетіні  де,  одан  қалды  жүре  пайда  болатыны  да  болады  деген.  Туа 

бітті  болатыны – тұқым  қуалаушылық.  Бұл  қасиет  өсіп  те  кететін,  өшіпте 


Материали за IX международна научна практична конференция 

 

32 



қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы 

да мүмкін» – деген. 

Жаңа  буын  оқулықтарын  оқытуда  мұғалім  сабақты  тақырып  мазмұнына 

сəйкес əртүрлі формада құрып, оқушының білімі мен іскерлік қабілетін шыңдай 

түсуді қажет етеді. Ана тілі сабақтарында белгілі бір тақырып аясын кеңейтіп, 

туған  тіліміз  бен  əдебиетімізді,  ата  тарихымызбен  этнография,  көркем  өнер 

түрлері  мен  байланыстыра  отырып,  сол  арқылы  оқушыға  жан-жақты  икемді 

тəрбие берудің мүмкіндігі мол. Мысалы, 3 сыныпта ана тілінен «Ақ құс туралы 

аңыз»  əңгімесін  өткізгенде  бала  санасына  жететіндей  түрлі  проблемалық 

сұрақтар  қоюға  болады.  Бұл  сұрақтар  оқушы  ойын  тереңнен  қозғап,  өз  ойын 

ортаға салуға ұмтылдырады. А.Құнанбаевтың мына өлеңінен нені ұқтың? 

Туғанда дүние есігін ашады өлең, 

Өлеңмен қара жерге кірер денең, – деп неге айтқан? Оқушыларға осындай 

сұрақтар мен бірге деңгейлік тапсырмаларды да беруге болады. 

1-деңгейде  жоғары  ойлайтын  балаларға: 1. Ш.Қалдаяқов  кім? 2. 

Ш.Қалдаяқовтың  əндерін  ата? 3. Əн  секілді  аспанда  қалықтайтын  қандай 

құстарды білесің? 4. Аңыз арқылы сазгер нені меңзеп отыр. 

2-деңгей  оқушыларына: 1. Ақ  құс  пен  қара  құс  суретін  салу.  Қарсы  пікір 

айту. Мысалы, қара құс жақсы. Неге? Қара құсты жақтау. 

3-деңгейге: (Мына сөйлемдерді дұрыс құра) 1. Жылап отыр, қара құс, екен, 

егіл-тегіл болып. 2. Қолыма, түссең, ант, аямаймын, енді, деп, берді. 

Тағы  да  басқа  түрлі  осындай  тапсырмалар  барысында  баланың 

шығармашылық, дарындылық қабілеттерін ашуға болады. Мысалы, 

1. ға буыны арқылы: Барды бала қора + ға, Шықты атам дала + ға 

Осындай буындар арқылы өлең шығартуға, құрастыруға болады. Мысалы, 

алма сөзінің ұйқасын табу: 1. Алма, алма. 2. Қалтаңа салма. 3. Соңымнан қалма. 

4. Бұзық болма. 

Бұл оқушылар бойындағы ақындық, дарындылыққа жол ашатын бірден-бір 

жол.  Дəл  осындай  сабақтың  əр  кезеңінде  түрлі  шығармашылық  жұмыстар 

көптеп жүрсе, оқушы белсенділігін арттырып, белестерге жетелейді. 

Адамды танып білу оның бойындағы ерекше қабілеті көре білу – мұғалім 

үшін  аса  қажет.  Ол  үшін  ерінбей  еңбектеніп,  баланың  ерекше  қабілетін 

байқауда  күнделікті  сабақта,  тəрбие  жұмыстарында  оқушыны  үзбей  бақылап, 

бала  бойындағы  дарындылықты  немесе  жүйелі  білім  алуға  қабілетті  тұлғаны 

анықтауға  болады.  Бала  бойындағы  жаңа  қабілетті,  жаңа  қасиетті  ашуына 

жағдай  жасауды  қазіргі  таңда  мұғалімнен  талап  етіп  отыр.  Дарынды 

балалармен  жұмыс  жүргізудің  барысында  мұғалім  өзі  бірінші  болып  ізденеді. 

Жеке  тұлғаны  дамытып  қалыптастыру  үшін  олардың  өзгермелі  əрекеттерін 

айналадағы 

нақты 

құбылыстармен 



таныс 

объектілерді 

зерттеумен 

байланыстырудың маңызы зор. 

Зерттеушілік,  ізденушілік – бала  табиғатына  тəн  құбылыс.  Мұндай 

баладағы  белсенділік  оның  жеке  дамуына,  өзіндік  көзқарасының  дамуына  игі 



«Ключови въпроси в съвременната наука – 2013» • Том 22. Педагогически науки 

 

73



«Осы үш сүю болады имани гүл, 

Иманның асылы үш деп деп тахқиқ біл. 

Ойлан дағы, үшеуін таратып бақ 

Басты байла жолыңа, малың түгіл «- 

деген  өлең  жолдарының  өзі-  ақ  бізге  сара  жол  ашып  тұрған  жоқ  па? 

Абайды оқытуды осы үш сүюден бастауымыз керек [3,37]. 



 

Əдебиеттер тізімі 

1.  Абай.  Шығармаларының  бір  томдық  жинағы // Ред.  Жиреншин  Ə. 

Алматы., 1961. 

2.  Егеубаев  А.  Адамшылықтың  алды-ар,  ақыл. //Егемен  Қазақстан, 19 

желтоқсан, 1992, 5-бет. 

3. Дайырова Ə., Құрманбаева Г. Абайдың тəлімгерлік тағылымы. А., Рауан, 

1996, 136 б. 

*134142* 

 

 

Қабылова Қ. Қ. 

Ө.Тұрманжанов атындағы орта мектебінің мұғалімі 

 Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы 

 

ҚАЗАҚТАРДЫҢ ГЕНДЕРЛІК САНАСЫ  

ЖƏНЕ ОТБАСЫ ТƏРБИЕСІ 

 

Егемен  еліміз  өркениетке  бет  бұрған  тұста  жастарды  болашаққа  сай,  ел 

тізгінін ұстауға лайық, халық мүддесін ойлайтын жоғары рухты адамзат ұрпағы 

ретінде  тəрбиелейік  деген  азаматтық  парыз  əркімдердің-ақ  көкірегінде  болу 

тиіс.  Сондықтан  жастарды  отбасын  сүюге,  ата-анасын  сыйлауға,  ұлттық  əдет-

ғұрыпты қадірлеуге, өз бетінше өмір сүруі үшін жар таңдауға, жұбайлық өмірді 

сақтауға,  ұрпақ  тазалығы  мен  ұрпақ  тəрбиесіне  баулу,  үйрету,  ата-ананың 

немесе  жалпы  отбасының  ғана  емес,  қоғамның  міндеті.  Қоғамдық  деңгейде, 

жоғарғы  оқу  орындарында  қарастырылатын  тəрбие  бағыттарының  барлық 

түрімен келісе отырып, əйтсе де басты назарды отбасы тəрбиесіне, оның ішінде: 

жас жұбайлық некелік өмірге тəрбиелеуге аударған жөн [1]. 

Халықта  «он  үште  отау  иесі»  деген  аталы  сөз  бар.  Бұл – халқымыздың 

өткен  тарихында  өз  ұрпағын  некелік  жұбайлық  өмірге  даярлауды  ерте  жастан 

бастағанының айғағы. Жетімін жылатпау, жесірін қаңғытпау – қазақ халқының 

сонау замандардан үлкен мақсатқа құрылған қамқорлығы.  

Шаңырақты құлатпау үшін, жастай қалған жесірді əмеңгерлікке лайық жан 

болмағанда  ғана  сол  үйдегі  немесе  аталас  ағайынның  он  үшке  жасы  толған 

баласына  қосқан.  Халқымыз  он  үш  жастан  үйленуді  міндеттемеген.  Ерте 

үйлендірген жағдайда да, ұтпаса ұтылған жоқ деуге болады. Себебі: ерте отау 


Материали за IX международна научна практична конференция 

 

72 



Жастарымыз  бірнеше  тілді  меңгеріп  жатыр.  Дегенмен,  мəдениеттіліктің 

шыңына  шықтық  деп  те  айта  алмаймыз.  Дарақылық,  мақтаншақтық,  бəдіктік, 

дөрекілік,  бойкүйездік  бізден  əлі  кеткен  жоқ.  Ал  ішімдік  жағынан  оны  бізге 

үйреткен  ағайындар  жолда  қалды.  Қалада  да,  ауылда  да  өтетін  тойларды 

қараңыз:  атасы  мен  келіні,  ағасы  мен  қарындасы  қағыстырып,  қағып  салып 

жатқаны. Осылай кете бере, өзімізден- өзіміз жоқ болармыз. 

Абайдың  ойшыл,  дана  ретінде  негізгі  этикалық  принципі – «Адам  бол». 

Бұл  ретте  Абай  еңбектің  рөлін  жоғары  қояды.  Абайдың  түсінігінше,  еңбек – 

адамның  ақыл-ойының  тереңдігін,  сезім  дүниесінің  сұлулығын,  ерік-жігердің 

тəртіптілігін реттестіретін, бойдағы енжарлықты, бойкүйезділікті, еріншектікті, 

тіпті, қайғы-қасіретті жоятын, адамды жігерлендіретін теңдесі жоқ шипа. 

«Қулық  саумақ,  көз  сүзіп,  тіленіп,  адам  саумақ-  өнерсіз  иттің  ісі.  Əуелі 

құдайға  сыйынып,  екінші  өз  қайратына  сүйеніп,  еңбекіңді  сау,  еңбек  қылсаң 

қара  жер  де  береді,  құр  тастамайды»  деген  дəл  бүгінгі  күнімізді  көріп 

тұрғандай. « Аштан  өліп,  көштен  қалмаспыз»  деген  психологиядан  арылу 

керек. Мемелекет ждас бала мен қарттарға ғана көмектеседі. Жастарды тіршілік 

көзін табуға баулу керек. Ендігі жерде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш 

нəрсе  бар,  содан  қашпақ  керек.  Əуелі – надандық,  екіншісі – еріншектік, 

үшіншісі – залымдық...  Білімсіздік  хайуандық  болады.  Еріншектік – күллі 

дүниенің  дұшпаны.  Талапсыздық,  жігерсіздік,  кедейлік  бəрі  осыдан  шығады», 

[1, 469] – дейді  бұдан  əрі 38-қара  сөзінде.  Бала  жүрегінде  адамгершілік, 

адамдық пен имандылық тағылымдарын ұялатып, Абай: «Кімде- кімнің əділеті 

жоқ болса, оның ұяты да жоқ. Ұяты жоқтың иманы жоқ» – дейді. Адам болам 

деген кісіге қажет бес дұшпан мен бес досты ажыратуды міндет етіп қояды.  

//Ғылым  таппай  мақтанба,// //Орын  таппай  баптанба,// //Құмарланып 

шаттанба// //Ойнап  босқа  күлуге,// //Бес  нəрседен  қашық  бол,// //Бес  нəрсеге 

асық  бол,// //Адам  болам  десеңіз.// //Тілеуің,  өмірің  алдында,// //Өсек,  өтірік, 

мақтаншақ,// //Еріншек, бекер мал шашпақ-// //Бес дұшпаның білсеңіз,// //Талап, 

еңбек, терең ой,// //Қанағат, рақым, ойлап қой-// //Бес асыл іс көнсеңіз// [1,92]. 

Абай  даналығы,  ұлылығы  осы  сабақтастыққа  құрылған:  надандық 

шеңгеліндегі  босқа  өткен  халық  өмірі,  оған  налыған,  қиналған  жүрек,  ақыры 

одан құтқарған ақиқат жолды көрсету. 

Ақынның  қай  туындысы  болмасын,  оның  алтын  арқауы  болып  Адам 

тұрады,  адамға  деген  махаббат  тұрады.  Ұлы  ақын  нағыз  адам,  толық  Адам 

қандай  болу  керек  деген  ұлы  сұраққа  жауап  іздейді,  əрі  оған  жауап  та  береді. 

Абай  поэзиясын  тақырып-  тақырыпқа  бөлшектемей,  тұтастай  қарастырсақ 

мынадай үш баға жетпес асыл қазыналарды бөліп алар едік. 

1.  Адамды,  бүкіл  адамзатты  сүю.  Оны  жай  сүю  емес,  хақтың  жолы  деп 

сүю, алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю. 

2. Алланы сүю, оның «хикметін сезіну», тəңірі үшін «махаббат қыла» сүю, 

«алланы жаннан тəтті « сүю. 

3. Бір-біріңді сүю, адамдық, адамгершіліктің басты қасиетті достықпен сүю. 



«Ключови въпроси в съвременната наука – 2013» • Том 22. Педагогически науки 

 

33



ықпалын  тигізеді.  Абай  жетінші  қара  сөзінде  былай  деген: «Жас  бала  анадан 

туғанда  екі  түрлі  мінезбен  туады:  Біріншісі:  ішсем,  жесем,  ұйықтасам  деп 

тұрады,  екіншісі – көрсем,  білсем  деп  барлығын  білуге,  көруге  құштар  болып 

туады». Олай болса «зерттеу» түсінігі «Үлкен Кеңес» энциклопедиясында жаңа 

білімді  өңдеу  жəне  таным  қызметінің  бір  түрі  болып  есептеледі  деп 

түсіндіріледі.  Оқушының  өзгерту  таным  əрекеті  зерттеу  деп  аталатын  тəсіл 

арқылы  жүзеге  асырылады.  Зерттеу – дарынды  балаларды  оқытудың  негізі. 

Онсыз  баланың  потенциалды  қабілетін  ашу,  дамыту  мүмкін  емес.  Мектепте 

оқушыны  ізденушілікке  баули  отырып,  ғылым  мен  техниканың  жетістігіне 

сəйкес армандарына жетуге, өз жолдарын дəл табуға, ғылымға жетелеу арқылы 

өздерінің  қабілеттерін  ашуға  көмектесуіміз  қажет.  Оған  қол  жеткізетін  тиімді 

жұмыс  түрінің  бірі – оқушылардың  ғылыми  қоғамын  ұйымдастыру  болып 

табылады.  Қазіргі  кезеңде  бастауыш  сыныптардан  бастап  ғылыми  жоба 

жұмысына қатысып, оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытудамыз. Бірақ 

бастауыш сынып оқушысы əрине, өз бетінше еш əрекет ізденіс жасай алмайды. 

Оған  мұғалім  бағыт-бағдар  беріп,  бірлесіп  жұмыс  жасау  арқылы,  баланың 

танымдық  қабілетін,  өмірге  деген  өзгеше  көзқарасын  білуге,  ізденуге 

құштарлығын  шыңдай  түседі.  Осы  орайда  «Өзіңді-өзің  тани  білмесең,  өзгені 

тани  алмайсың»,-  дегендей  өз  сыныбымдағы  Г.Сəруарованың  «Мен  туған 

өлкемді  танимын»  ғылыми  жоба  жұмысына  тоқталғым  келеді.  Тақырыбы: 

«Аяулы  да,  ардақты  асыл  əжем» ( З.Жүсіпова  туралы). Секциясы: «Қарты бар 

үйдің  қазынасы  бар».  Бұл  ғылыми  жоба  жұмысы  аудандық  жоба  қорғауда  І-

орынды иеленді. Əрине, мұндай мұғалім мен бірлескен жұмыстың нəтижесінде 

мектеп оқушысы өмір тарихы, еткен еңбегі бір энциклопедияға тұрарлық қарт 

ана,  аяулы  əженің  жүріп  кеткен  жерін,  еткен  еңбегін,  елге,  халыққа  паш  етіп, 

үлгі  өнеге  етті.  Бұның  өзі  зерттеу  арқылы  жеке  тұлғаның  қаншалықты  өзіне 

ақпарат жинағанын, білгенін, көргенін, көкейде ұстау арқылы ел ішіндегі асыл 

қазынаны іздеп табу мен пара-пар болды. 

Қорыта  айтқанда,  зерттеу  жұмыстары  арқылы  жеке  тұлғаны  дарынды, 

талантты  оқушыларды  таба  біліп,  əрқайсысына  жеке  тұлға  ретінде  қарап, 

олардың  өздеріне  деген  сенімін  арттырып,  өзара  қарым-қатынасты  күшейтіп, 

ата-ана,  ұстаз,  оқушы  арасындағы  байланысты  жоғары  ұстау  қажет  екенін 

түсіндік. Ұстаз өмірдің шуағы мен нəрін себуші, берілмес қамалдардың алыбы, 

оның  мынау  аумалы,  төкпелі  замандағы  адам  ретіндегі,  мұғалім  ретіндегі 

миссиясы-маңайындағы  адамдардың  алдындағы  оқушылардың  ішкі  сезімін 

оята  білуі.  Мұндай  жауапты  да  ауыр  жүк  арқалап  жүрген  ұстаздарымыздың 

ішкі  жан  дүниесі  мен  сыртқы  бет-бейнесінде  үйлесімділік,  сауаттылық, 

жарасымдылық  болуы  қажет.  Сол  кезде  ғана  мұғалім  жан-жақты  дамыған, 

дүниетанымы  мол,  еркін  ойлы,  өз  пікірін  ашық  айта  алатын  жеке  тұлғаны 

қалыптастыра  алады.  Баланың  қабілетін  дамыту  мəселесі  өзінің  тамырын 

адамзат  тарихының  тереңінен  алады.  Ежелгі  грек  ғалымы  жəне  философы 

Сократ  өз  оқушыларының  жеке  тұлға  болып  дамуына  үнемі  қамқорлық 



Материали за IX международна научна практична конференция 

 

34 



жасаған. «Адамның  ақыл-ойын,  қабілетін,  шығармашылығын  дамыту  арқылы 

оны  бақыт  жолына  жеткізуге  болады», – деді  шығыстың  əйгілі  ойшылы  Əл-

Фараби.  Біздің  ойымызша  сынып  оқушыларының  кез  келгені  шығармашылық 

тапсырмаларға  қызыға  қарайды,  табыспен  меңгере  алады.  Осындай 

жұмыстарды  меңгергенде  ғана  бастауыш  сынып  оқушылары,  жоғары 

сыныптарда  білімді 90% дəрежеде  өз  бетімен  ізденетін,  пайдалыны  көздей 

алатын,  ой  қазанын  қайната  алатын,  шын  мəніндегі  шығармашылық  дəрежеге 

көтеріле алатын дарынды шəкірт бола алады. 

 

Əдебиеттер: 



1.  Ү.Б.Жексенбаева.  Оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын 

ұйымдастыру. Əдістемелік құрал. – Алматы, 2006.  

2. Бастауыш сыныпта жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту 

əдістемесі. – Алматы, 2005. 

3.  Ү.Б.Жексенбаева.  Балалардың  дарындылығын  диагностикалау. –

Алматы, 2005.  

4. Білім кілті журналы, 2005. 

5. Бастауыш мектеп. // Мектептегі психологиялық диагностика, 2004. 



Резюме

 

В  данной  статье  дано  описание  особенностей  внеклассных  и  поурочных 



работ, проводимых с одаренными учащимися начальных классов, которые по-

зволяют диагностировать их одаренность и творческие способности. 

 

*135420* 



 

 

Оспанова Б.А. доктор пед. наук. 

Джумабаева Л. магистрант 1 курса. 

Международный казахско-турецкий университет им. Х.А.Ясави, Казахстан.  

 

ФОРМИРОВАНИЕ КРИТИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ 

СТУДЕНТОВ В ОБРАЗОВАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ ВУЗА 

 

В  настоящее  время  высшая  школа  призвана  воспитать  свободную,  разви-

тую и образованную личность, владеющую определенным субъективным опы-

том, способную ориентироваться в условиях постоянно меняющегося мира. Это 

связано с формированием новой концепции высшего образования, в основе ко-

торой лежит идея развития личности студента. 

Развитие личности студента в является актуальной педагогической задачей 

ещё и в связи с тем, что на современном этапе обострилась проблема практиче-

ского обучения в вузе. 

«Ключови въпроси в съвременната наука – 2013» • Том 22. Педагогически науки 

 

71



*134139* 

Қабылова Қ. Қ. 

Ататүрік орта мектебінің мұғалімі 

Қазақстан. Түркістан қаласы 

 

А.ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ЖƏНЕ АДАМ ТƏРБИЕСІ 

 

Абай – халқымыздың  ұлы  ұстазы,  тəлімгер  педагогі.  Оның  өлеңдері  мен 



қарасөздерінің  ең  басты  обьектісі – АДАМ,  басты  мақсаты – АДАМ  тəрбиесі. 

АДАМ  болғанда  да  «өзі  үшін  оттаған  хайуанның»  бірі  емес,  адамдар  үшін  еңбек 

ететін, «ақыл, қайрат, нұрлы жүректі тең ұстайтын», жан-жақты жетілген АДАМ. 

Абайша  айтқанда, «толық  адам».  Ал  «толық  адам», «жетілген  адам»  дегендердің 

мағынасы – терең  философиялық  ұғымдар.  Адамды  адамгершілік  тұрғысынан 

жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасып жатқан күрделі мəселе. 

//Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,// //Сонда толық боласың елден бөлек.// 

//Жеке-жеке біреуі жарытпайды,// //Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек,// [1,12] 

–  деп  ұлы  ойшыл  бүгінгі  педагогиканың  алдында  тұрған  ең  өзекті  мəселе – 

адамгершілік принципке негізделген тəрбие болуы керектігін айқындап берген. 

Абайдың  мұраты – адамды  адамгершілік,  кісілік  жағынан  жетілдіру 

арқылы  қоғамды  жетілдіру,  қазақ  қоғамын  ілгері  дамыған  мəдениетті  елдер 

қатарына  қосу.  Оның  өлеңдері  мен  қара  сөздері  дүниетанымдық, 

философиялық, 

əлеуметтік, 

қоғамдық, 

этникалық, 

педагогикалық, 

психологиялық  ой-пікірлері  осыны  дəлелдейді.  Ол  сомдаған,  бірін-бірі 

толықтырып  отыратын  ұлттық  бейнелер  халқын  бірлікке,  еңбек  етуге,  өнер-

білім үйренуге шақырған ұлттық мүддеден туған [2]. 

Бұл  ретте  Абай,  ең  алдымен,  білімнің,  ғылымның  қоғамдағы  орнын, 

адамды  кісілікке  тəрбиелеудегі  маңызын  жақсы  түсінді.  Абай  ғылым,  білімді 

адам  бойындағы  рухани  қазынаның  үлкені  жəне  əрбір  жігерлі  жастың 

талпынатын  мұраты  болу  керектігін  көрсетеді. « Жасымда  ғылым  бар  деп 

ескермедім « деген өлеңін алып қарайық. 

Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 

Пайдасын көре тұра тексермедім. 

Ер жеткен соң түспеді уысыма, 

Қолымды мезгілінен кеш сермедім. 

Бұл махрұм қалмағыма кім жазалы, 

Қолымды дөп сермесем, өстер ме едім? [1,72]. 

Бір қарағанда бəрімізге онда айтылған ой- пікір етене таныс, құлағымызға 

əбден  сіңісті  дүниедей  көрінеді.  Алайда  қайтадан  бір  зер  салып  оқып,  көкірек 

көзімен түбіне жете үңілсек, бүгінгі проблемаларды көрмейміз бе? 

//Атымды  адам  қойған  соң,// //Қайтып  надан  болайын.// //Халқым  надан 

болған  соң,// //Қайда  барып  оңайын,//  деп  күрсінеді  Абай.  Əрине,  Абай 

заманынан  бері  көп  дүние  өзгерді.  Жаппай  сауаттылыққа  қол  жетті. 



Материали за IX международна научна практична конференция 

 

70 



ашу,  қолөнер  училищесін  ашу  ісін  қолға  алды.  Ол  орыс-қазақ  училищелерінің 

шəкірттерін  сол  кездегі  прогрессивтік,  гуманистік  идеяда  жазылған

 

К.Д.Ушинскийдің «Балалар дүниесі», Л.Н.Толстойдың «Əліппе жəне оқу кітабы» 



Б.Ф.Бунаковтың  «Əліппе  мен  оқу  құралы»,  Тихомиротың  «Грамматиканың 

элементаралық  құралы»  атты  оқу  құралдарын  пайдалануды  ұсынды.  Алдыңғы 

қатарлы  орыс  педагогтарының  гуманистік  идеяда  жазылған  осы  құралдарын 

басшылыққа  ала  отырып,  қазақтың,  ауыз  əдебиеті  мен  салт-дəстүрлеріне 

негізделген  екі  оқу  құралын («Қазақ  хрестоматиясы», «Қазақтарға  орыс  тілін 

үйретудің  бастауыш  құралы») 1879 жылы  жазып,  бастырып  шығарады. 

Хрестоматияға  Ыбырай,  біріншіден,  қазақ  халқының  Қара  батыр,  Байұлы, 

Жиренше  шешен,  Тазша  бала  туралы  ертегі,  батыр  аңыз-əңгімелерін  енгізсе, 

екіншіден, өзінің «Бай баласы мен жарлы баласы», «Таза бұлақ», «Əке мен бала», 

«Асыл  шөп»  т.б  ғибаратқа,  өсиетке  құрылған  дидактикалық  əңгімелері  мен 

өліңдерін, үшіншіден, «Талаптың пайдасы», «Бір уыс мақта» «Зеректік» т.б. орыс, 

батыс  классиктерінің  тəлімдік  мəні  зор  əңгімелерін  аударып  енгізді.  Ол  қазақ 

жастарын оқытып-тəрбиелеу мəселесін ең басты мəселе деп қарады. Халық үшін 

қызмет  ететін  білімді  мəселе  адамдардың  қатарын  көбейту  арқылы  қазақ 

қоғамының  мешеулігін  жоюға  болады,  сондықтан  жастарды  оқытып-

тəрбиелеуден, тəрбие ісінің құдіретінен артық еш нəрсе жоқ – деп түйді Ыбырай. 

Ыбырай  «адам  мінезін  түзетіп  болмайды,  сүйекке  біткен  мінез,  сүйекпен 

бірге  кетеді»  дейтін  феодалдық  теріс  көзқарасты  əшкерелеп,  адамның  жақсы  я 

жаман болуы тəрбиеге, өскен ортаға байланысты деген қағиданы қуаттап отырды. 

Ол  өзінің  хрестоматиясына  енгізген  əдеби  шығармаларының  бəрін  негізгі 

педагогтік  ісімен  тығыз  байланыстыра  білген.  Яғни,  хрестоматияға  енгізген 

шығармаларды  іріктеуде , біріншіден,  əр  халықтың  тұрмыс-тіршілігі  мен  салт-

дəстүрінен  хабар  беру  принципі  көзделсе,  екіншіден  оқушыларды  адалдыққа, 

еңбекке,  ұқыптылыққа,  талапқа  тəрбиелеу,  адамгершілік  жақсы  қасиеттерді 

олардың бойына дарыту көзделді, үшіншіден жастардың, əсіресе бастауыш сынып 

оқушыларының  түсінігіне  жеңіл,  тілі  жатық,  əңгімелерді  беруге  тырысты. 

Мысалы,  Ыбырай  «Ұлықпан  əкім»  əңгімесін  ұсыну  арқылы  ғылымның  адам 

өміріне  пайдасын  насихаттауды  мақсат  етсе, «Жиренше  шешен», «Тазша  бала» 

əңгімелерін  ұсына  отырып,  оқушыларды  тапқырлыққа  тəрбиелеуді  көздеген. 

Ыбырай  аударып  хрестоматияға  енгізген  орыс  жазушылары  Пауэльсонньң, 

Ушинскийдің,  Толстойдың  əңгімелерінде  де  қайрымдылық,  кішіпейілділік, 

талаптылық, еңбек сүйгіштік сияқты зор адамгершілік қасиеттер дəріптеліп, оған 

қарама-қарсы  жауыздық,  екіжүзділік,  дүниеқорлық,  т.б.  жексұрын  мінез-

құлықтарды  əшкерелеу  өзекті  орын  алған.  Ыбырай  осы  арқылы  жастарды  ізгі 

жүректі, инабатты, талапты ел-жұртына пайдалы азамат болуын көздеп отыр. Бұл 

шығармалардың  бəрі  халықтық  өлең-жыр,  мақал-мəтелдерде,  насихатталатын 

гуманистік идеялармен өзектес болып келуінің өзі тектен-тек емес. 

«Ключови въпроси в съвременната наука – 2013» • Том 22. Педагогически науки 

 

35



Одним  из  путей  максимально  эффективного  решения  этой  задачи  может 

стать формирование критического мышления студентов. 

Процесс формирования критического мышления у студентов вуза должен 

являться неотъемлемой составной частью его непрерывного образования. 

Формирование критического мышления в период расширения информаци-

онного  пространства  приобретает  особую  актуальность.  Под  критическим 

мышлением в обучающей деятельности понимают совокупность качеств и уме-

ний, обусловливающих высокий уровень исследовательской культуры студента 

и преподавателя, а также «мышление оценочное, рефлексивное», для которого 

знание является не конечной, а отправной точкой, аргументированное и логич-

ное мышление, которое базируется на личном опыте и проверенных фактах.  

Мыслить критически – это, значит уметь анализировать информацию с по-

зиций  логики,  уметь  выносить  обоснованные  суждения,  решения  и  применять 

полученные  результаты,  как  к  стандартным,  так  и  нестандартным  ситуациям, 

вопросам и проблемам. Критическое мышление означает не негативность суж-

дений и критику, а разумное рассмотрение разнообразия подходов, с тем, чтобы 

выносить обоснованные суждения и решения. «Критическое» в этом контексте 

означает «аналитическое». Критическое мышление это своего рода направлен-

ное мышление, поскольку оно нацелено на получение желаемого результата.  

 В  своей  познавательной  деятельности  студент  каждый  новый  факт  под-

вергает критическому обдумыванию. Именно благодаря критическому мышле-

нию традиционный процесс познания обретает индивидуальность и становится 

осмысленным, непрерывным и продуктивным.  

 В то время как студенты не всегда готовы понять все то, что предлагается, 

осознать, усвоить и применить усвоенное на практике. Для правильного отбора 

содержания  учебного  материала,  выбора  методов  и  форм  учебно-

познавательной деятельности студентов необходимо формировать у преподава-

теля вуза критическое мышление.  

Основной  целью  формирования  критического  мышления  педагогов  явля-

ется расширение мыслительных компетенций для эффективного решения науч-

ных и практических проблем вузовского обучения. При этом необходимо учи-

тывать  следующие  принципы  построения  технологии  развития  критического 

мышления:  

 

информационной насыщенности учебного и практического материала для 

использования  аргументов,  доказательств  или  опровержений,  основанных  на 

конкретных фактах, источниках, данных;  

 

коммуникативности в процессе осмысления проблемы и ее обсуждения с 

учетом того, что это мышление индивидуальное и самостоятельное, но прояв-

ляется оно в спорах, дискуссиях, при обсуждениях и публичных выступлениях, 

поэтому  коммуникативные  навыки  участников  в  осмыслении  проблемы  для 

формирования данного типа мышления играют решающую роль в успехе;  


Материали за IX международна научна практична конференция 

 

36 



 

мотивации  и  потребности  в  знании – основан  на  том,  что  отправным 

пунктом мыслительной деятельности вообще и проявление критичности ума в 

особенности, является рефлексия, которая возможна при условии, если человек 

мотивирован  на  то,  чтобы  узнать,  понять,  осмыслить,  установить  истину  или 

получить положительный результат;  

Хотя термин «критическое мышление» известен очень давно из работ та-

ких  известных  психологов,  как  Ж.  Пиаже,  Дж.  Бруннер,  Л.  С.  Выготский,  в 

профессиональном  языке  педагогов-практиков  его  стали  употреблять  сравни-

тельно недавно. 

Сегодня  в  различных  научных  исследованиях  можно  найти  определение 

термина «критическое мышление». Дж. А. Браус и Д. Вуд определяют его как 

разумное  рефлексивное  мышление,  сфокусированное  на  решении  того,  во  что 

верить и что делать. 

Д.  Халперн  определяет  критическое  мышление  в  своей  работе  «Психоло-

гия  критического  мышления»  как  направленное  мышление,  оно  отличается 

взвешенностью, логичностью, и целенаправленностью, его отличает использо-

вание  таких  когнитивных  навыков  и  стратегий,  которые  увеличивают  вероят-

ность получения желательного результата. 

Ч.  Темпл, К.  Мередит и Дж. Стил определили  необходимые для  педагога 

условия, выполнение которых будет способствовать развитию у студентов кри-

тического мышления : 

1. 


Важно предоставить время и возможность для приобретения опыта 

критического мышления. 

2. 

Необходимо давать студентам возможность размышлять. 



3. 

Важно принимать различные мнения и идеи. 

4. 

Целесообразно способствовать активности студентов. 



Теоретический  анализ  современных  исследований  различных  аспектов 

формирования критического мышления на философском, социальном, психоло-

гическом и педагогическом уровне указывает на актуальность проблемы и ин-

терес ученых и практиков к решению данной проблемы. 

Критическое мышление студентов вуза – это система социально и лично-

стно значимых качеств критичности ума, полученных в ходе процесса воспита-

ния и обучения. 

 

Литература: 



1. Дьюи Дж. Психология и педагогика мышления. М., 1999.– 192 с. 

2.Клустер Д. Что такое критическое мышление М., 2005.–С. 5–13. 

3.  Коржуев  А.  В.,  Рефлексия  и  критическое  мышление  в  контексте  задач 

высшего образования // Педагогика. – 2002. – №1. – С. 18-22.  

  

«Ключови въпроси в съвременната наука – 2013» • Том 22. Педагогически науки 

 

69



Осы мақсатты көздеген Балғожа би өзінің сүйікті немересі Ыбырайды 1850 

жылы  Орынбор  шекара  комиссиясынын  жанынан  қазақ  балалары  үшін  ашқан 

орыс мектебіне оқуға береді, сабақта жүрген Ыбырайға: 

«Атаңды сағындым деп асығарсың, 

Ата-анаңды өнер білсең асырарсың, 

Надан боп білмей қалсаң аһ-ұрарсың»- деп сəлем жолдап жақсы оқы, адам 

бол деп өлеңмен хат жазады. 

Патшалық  Ресейдің  «бұратана»  елдерге  əкім  етіп  тағайындаған  отаршыл 

билеуші  аппаратының  үгіт-саясатын  православие  шіркеуінің  дін  басшылары 

жүргізді.  Олар  мүмкін  болғанша  қазақ  жастарын  орысша  оқыта  отырып,  өз 

ұлтының  дінінен,  тілінен,  салт-дəстүрінен  мүлде  бездіріп  орыстандыру- 

шоқындыру саясатын көздеді. Ал Алтынсарин болса 1857 жылы Орынбордағы 

жеті  жылдық  мектепті  үздік  бітіріп  шығысымен,  өзі  атқарған  тілмаштық, 

оқытушылық,  инспекторлық  қызметтерінің  бəрін  халық  ағарту  ісіне  арнады. 

Қазақ  халқының  келешегі  тек  өнер-білімде  деп  түсінген  Алтынсарин  өз  ойын 

іске  асыруда  екі  бірдей  кертартпа  күшпен  алысты.  Оның  бірі  қазақ 

даласындағы  ислам  дініне  негізделген  татарша  оқу  болса,  екіншісі  патша 

үкіметінің  отарлау  саясатына  негізделген  қазақ  балаларына  христиан  дінінің 

заңдарын оқытуды көздеген миссионерлік саясат еді. 

Ы.Алтынсарин  өзінің  орыс  достарына  жазған  бір  хатында:  Молдалар 

өздерінің адам басын қатыратын ерекше қасиеттерінің үстіне, қазақтың табиғи 

тілін  де  бұзып  жүр.  Біздің  елімізде  молда  дегендер  өте  көп  жайылып  барады. 

Оларды  қазақ  арасынан  қуып  шығуға  ешқандай  мүмкіндік  жоқ,  өйткені, 

молданың абыройына тілі тиген кісі қазақ арасындағы бастықтарға сол бойда-

ақ  кəпір  болып  көрінеді.  Мəселенің  мəнді  жері  қазақтарға  татар  фанатизмінің 

ықпалын  тигізбеу,  қазақтардың  білім  алуына  оның  кесірін  тигізбеу  ғой. 

Осындай ықпалдан құтқару үшін бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны 

балалардың  білімін  көтеретін,  тақырыбы  оларды  қызықтыратын  кітаптарды 

жұрт бірден қолға алып оқиды, бұл кітаптар, татар кітаптарымен қатар, зор күш 

болар  еді» – деп  өзінің  шынайы  ағартушылық  идеяларын  шəкірттерді  ана 

тілінде оқыту арқылы іске асыруды мақсат етті. 

Өзінің  ағартушылық,  тəлімгерлік  ісінде  Ыбырай  талай  қиыншылықтарға 

кездесті.  Оның  елден  қаржы  жинап,  орыс-қазақ  мектептеріп  ашып,  дүниетану 

пəндерін  оқытуды  енгізіп,  мəдениет  атаулыны  насихаттағанын  көре  алмай 

өшіккен қожа-молдалар ел ішінде оны «шоқынған кəпір» деп өсек таратса, енді 

біреулері 1884 жылы  Ішкі  Істер  Министрлігі  мен  Орынбор  генерал-

губернаторына  «үкіметке  қарсы  ойы  бар», «социалист»  деп  арыз  жазып, 

қаралауға дейін барды. 

Алтынсарин  болса,  өзі  ашқан  орыс-казақ  мектептерін  миссионерлік 

бағыттағы жат пікірден де, жаттамалы шығыстың діни оқуынан да қорғап бақты. 

Жастарға шынайы білім беретіп дүниетану пəндерді (жаратылыстану, география, 

тарих,  есеп  т.б.)  оқытуды  іске  асырды.  Қазақ  қыздарына  арнап  мектеп  интернат 



Материали за IX международна научна практична конференция 

 

68 



7.  Амбрумова  А.Г.,  Бородин  СВ.,  Михлин  А.С.  Предупреждение  само-

убийств. – М., 1980. 

8.  Амбрумова  А.Г.,  Жезлова  Л.Я.  Методические  рекомендации  по  профи-

лактике суицидальных действий в детском и подростковом возрасте. – М., 1978. 

9.  Амбрумова А.Г., Тихоненко В.А. Диагностика суицидального поведе-

ния. – М., 1980. 

10.  Диагностика  суицидального  поведения:  Метод,  рекомендации / Сост. 

А. Г. Амбрумова, В. А.Тихоненко. – М., 1981. 

11.  Шнейдман М.Р., Брегман Г.И., Гинделевич К.Х. О классификации са-

моубийств. Невропатология и психиатрия. – Рига. -1970. – С. 465-469. 

12.  Кондратенко  В.  Г.  Девиантное  поведение  у  подростков. – Минск. – 

1988. – 128 с. 

13.  Конончук  Н.В.  О  психологическом  смысле  суицидов // Психологиче-

ский журнал. – 1989, – № 5. – С. 95 – 102.  

14.  Мягер В.К. Профилактика суицидов при пограничных состояниях. По-

граничные нервно-психические расстройства. – М., 1983. С. 143-146. 

*134136* 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет