Мазмұндамалар жинағЫ Құрастырған: Исмадиярова Гүлшахар Бердиярқызы Алматы 2012



бет29/39
Дата06.01.2022
өлшемі397,5 Kb.
#11903
түріМазмұндама
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
КӨК БӨРІ МЕН ИТ

(мысал)
– Көшпелі елдің тәңірісі – Көкбөрі. Көкбөрінің зеңгір көкке басын тіреп, қасқиып отырған бейнесі де осы халықтың туында көрініс тапқан, – деді сексеннен асқан Дархан ата немерелері Серік пен Берікке және Айгүлге қарап.

– Ата, біздің халық көшпелі өмір сүрген ә? – деді Серік.

– Кең далада емін-еркін тіршілік еткенін айтсаңызшы, – деді Берік.

– Көкбөрі де ұлан-байтақ жердің иесі мен киесі, – деді Айгүл қашан да сөздің парқын дәл табатын әдетімен.

Көкбөрі жайлы абыз ата өз немерелерін ортаға алып және бір әңгіменің шетін шығарды.

– Көне замандарда Ұлы даланың пірі – Көкбөріге үй жануары, адамның сенімді досы – Ит жолығыпты. Екеуі едәуір әңгімелесіпті, өз жағдайларын баян етіпті. Өзара тыныс–тіршіліктерінен жан-жақты хабардар болыпты. Көкбөрі кең далада емін-еркін өмір сүріп жатқанын айтыпты. Ит болса, үй күзетіп, мал-жанды қоғайтынын тілге тиек етіпті.

– Кең далада өмір сүру керемет! – деді Көкбөрі.

– Үй күзетемін. Өзімнің ием бар. Ол сорпаның сүйектерін алдыма тастайды. Соны беймарал кеміріп жатамын, – дейді Ит. Содан соң:

– Сен ешқандай қиындық көрмейсің ба? – деді Ит.

– Неге қиындық көрмеске. Қиындықтар шаш етектен. Азық-түлік іздеуге тура келеді. Көк күшіктеріңді адам баласынан сақтау да оңай емес. Бірақ өз несібеңдіөзің тауып жегенге не жетсін, – дейді Көкбөрі.

Көкбөрі өз сөзін тәмамдап, Итке қарайды.

–Сен ше? Сенде бәрі жақсы ма? – дейді.

– Иә. Менің өмірім рахат. Сен секілді азық-түлік іздеп, жер дүниені кезіп кетпеймін. Үйдің иесі таңертең, түсте және кешке үш мезгіл тамақ береді. Сол жетеді. Аш емеспін, – дейді Ит арс-арс етіп.

– Онда сенің неге мойын жүнің түп-түгел түсіп қалған? – дейді Көкбөрі қаны сыртқа теуіп тұрған Иттің жаралы терісіне көзі түсіп.

– Бұл мойындағы жіптің ізі ғой. Үйдің иесі мені үнемі темір шынжырға байлап ұстайды. Ендігіде байламайтын болды. Темір үйшік жасатып жатыр. Соған қамап қояды. Одан да сен сұрағыңды қоя бермей, біздің үйге жүр, Көкбөрі. Екеуіміз қиналмай ғұмыр кешелік, – дейді Ит.

Көкбөрі ұзақ ойланды. Сөйтті де:

–Жоқ. Сенің өмірің таранған тотықұстай темір тордың ішінде өтеді екен. Маған сенің өмірің ұнамайды. Темір шынжырға мойныңды қиғанша, кең далада еркін жүргеніңе ешнәрсе жетпейді. Темір үйшігіңде қалмаған тіршілігің де өзіңе бұйырсын. Дүниенің төрт бұрышына табаныңның ізі тимесе, шынайы өмір сүрдім деп қалайша айта аласың.Үй иесіне телміріп нәр тартқанша, көсіліп жүріп, ілгері ұмтылып күн кешкенге не жетсін. Бара бер өзің таңдаған темір құрсауына, – деп Көкбөрі Иттен ұзап кете барды.

Абыз ата өз әңгімесін аяқтады. (350 сөз)


Мазмұндау жоспары:


  1. Көшпелі елдің тәңірісі – Көкбөрі.

  2. Абыз атаның әңгімесі.

  3. Көкбөрінің итке жолығуы

  4. Көкбөрінің қайғысы

  5. Көкбөрінің итпен қалмауы

Тірек сөздер: көкбөрі, абыз ата, қасқа ит, беймарал.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет