5 – сурет Оқушылардың белсенділігін ұйымдастыру.
Қабілеттері мен қызығушылығын ескеру
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, белсенділік – адамның өз бетінше әрекет етуге дайын болуға ұмтылысынан, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Жаңа технология, дәстүрлі емес әдіс тәсілдердің маңызы жоғары,бірақ қазіргі кезеңде орта мектептерде бүгінгі күні әлі де болса өз мәнін жоймаған, оқу үрдісінде пайдаланып жүрген, қазіргі қалыптасқан оқыту жағдайында жеке оқыту ( репетитор, тьюторлық, менторлық, отбасылық оқыту, өз бетімен білім алу, алыстан білім алу), ұжымдық сабақтар ( шығармашылық сабақтар, семинарлар, мектеп лекциясы, конференция, олимпиада, экскурсия, іскерлік ойын т.б.), жеке ұжымдық жұмыстар арқылы (шығармашылық ай, пәндік және ғылыми апталықтар, жобалар), оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру барысында оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға болады. ( 6-сурет).
Танымдық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формалары.
Өз бетімен білім алу
Олимпиада
Жобалар
Практикум
Факультатив
Экскурсия
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталған сабақтар түрлерін төртке бөліп қарастыуды ұсынамыз:
• Танымдық
• Коммуникативтік
• Шығармашылық
• Әдіснамалық
Сабақ үстінде белсенділіктері қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетейік:
өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
пікірталастар мен талқылауларға қатысуы;
өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;
жолдасының жауабына пікір айту;
сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;
өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау;
танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалықәрекетін талдау;
танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау.
Оқудағы белсенділік оқып үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке түрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен ( талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау т.б.), оқып жатқан материалды түсінуімен бейімделеді.
Жаңа материалдарды түсіндіруде ақпарат беруші қызметінде ғана қалмай, мұғалім баланың танымдық белсенділігін қалыптастырудағы әрекеттерінің міндеттеріне тоқталсақ:
білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру;
білімді шығармашылқпен қолдануға дағдыландыру және оқу проблемаларын шешуде шеберліктерін арттыру;
оқу тапсырмасын орындау үрдісінде оқу операцияларын қолдануға үйрету; оқытудың ғылымилығын арттыру;
ғылыми дүниетанымды қалыптастыру т.б.
Өзіндік жұмыс пен шығармашылық сабақтарды өткізу оқушының танымдық белсенділігін арттырудың құралы, сапалы білім берудің шарты, оқу үрдісін ұйымдастыру факторы, оқытудың жекелік бағдары болып табылады.
Ауыл мектебінің білім ошақтарының қашықтығы мен білім алу кеңістігінің шектеулігіне байланысты оларды оқытуда алыстан білім алу тиімді болып табылады.
Қазір алыстан оқыту технологиясы және Интернет желісі көмегімен жүзеге асатын алыстан білім берудің кейбір мақсаттарына тоқталсақ:
1.Оқушыны жеке оқу пәні бойынша емтиханға дайындау;
2.Оқушыны жоғары оқу орнына түсуге дайындау;
3.Мектеп бағдарламасының тарауындағы немесе мектептен тыс курстар тақырыптарын терең оқыту;
4.Әр оқу пәнінен оқушының білім,білік , дағдыларының толымсыз тұстарын толықтыру, т.б.
Алыстан білім берудің 5 түрін бөліп көрсетуге болады:
1-түрі:˝Мектеп -Интернет˝
2-түрі:˝Мектеп-Интернет-Мектеп˝
3-түрі:˝ Оқушы-Интернет-Мұғалім ˝
4-түрі: ˝Оқушы-Интернет-Орталық ˝
5-түрі: ˝ Оқушы-Интернет ˝
Алыстан оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасай отырып, орта мектептерінің жоғары сынып оқушыларының жеке білім алуына , оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыруға жағдай жасайтын алыстан оқытудың 3 түріне тоқталып өтеміз:
1-і түрі: Оқушы-Интернет-Мұғалім. Бұл сабақ электрондық пошта, чат, веб-ресурстар көмегімен өткізіледі және тақырыпты немесе құбылысты терең оқытуды, жоғары оқу орындарына түсуге дайындауды мақсат етіп қояды.Сабақ алыстан оқыту курсы, семинарлар, консультациялар түрінде өтіледі.Оқытудың бұл түрі мектептегі қосымша оқыту қызметін атқарады.
2-і түрі: Оқушы-Интернет-Орталық.
Алыстан оқытудың бұл түрі білім беруде жеке тұлға ерекшеліктеріне сай оқытуға бағытталады.Теллекомуникация технологиясының міндеті-оқушылардың жеке бағдарланушылығын күшейту, оқушыларға жалпы білім беру дайындығының деңгейін, формасын, қарқынын таңдауға мүмкіндік беру.
Оқушылар бір мектепте оқымаса да, дистанттық орталықтан білім ала алады,жеке тұлғалық қабілеттеріне байланысты шығармашылық әлеуетін көтеруге мүмкіндік беріледі.Мұндай түрдегі алыстан білім беру жүйесін ұйымдастыру үшін аса қуатты құрал-жабдықтар, білім беру үрдісін басқаратын және оны жүзеге асыратын арнайы білім беру бағдарламалар, серверлер қажет.
Осы жағдайда білім беру алыстан оқытуды, жекелеп оқытуды және оқушының шығармашылығын қамтиды.
3-і түрі: Оқушы-Интернет.
Алыстан білім алудың бұл түрінде оқушы бір мезгілде бірнеше мұғалімдерден әр түрлі оқу пәндері бойынша білім ала алады.
Ауыл және қала мектептеріндегі жоғары сынып оқушылары арасында жүргізілген сауалнамалардың нәтижелерін талдай отырып,оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білмеуі және оқу материалдарын талдау, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білмеуі байқалады.Алынған мәліметтерді талдай отырып, оқушылардың танымдық білігі өзіндік білім алуы төмен дәрежеде екенін көрдік.
Ауыл мектептерінің оқушылары компьютерді пайдалана білгенімен Интернетпен жұмыс жасап көрмегені белгілі болды.Қазір ХХІ ғасыр заманында ғылыми-техникалық прогрестің озық тәжірибелерін оқу үрдісінде қолданылады десек те,ауыл мектептері жағдайында бұл жүзеге аспай отыр.Интернет дүнижүзілік компьютерлік жүйемен өзара байланыста болып, кез-келген тақырыпта ақпаратпен қамтамасыз ете алады.Мұның энциклопедиядан ерекшелігі, мұнда ақпараттар легі толықтырылып және жаңарып отырады.Интернет арқылы оқушы аз уақыт ішінде көп ақпарат жинайды, игереді.Сондай-ақ , олар жаңа технологиямен жұмыста пайдалы тәжірибе жинақтайды.
Орта мектептерде дәстүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру мақсатында , өзіндік жұмыс ұйымдастырылады.
Оқушылардың өзіндік жұмыстарында мынадай тәсілдерді кең қолдана отырып , танымдық белсенділігін арттыру тиімді болады:
оқу материалындағы ортақ заңдылықтарды таба білу;
тапсырмаларды жүйелі беру;
өзін-өзі бақылай және өз жұмысын тексере білу;
қосымша ақпараттар жинау;
теориялық материалдарды практиакда қолдана алу т.б.
Орта мектептерде жоғары сынып оқушыларымен жүргізілген зерттеулеріміздің қорытындысы мынадай болды: оқуға қызығушылығы төмен - 56% ( 10 сынып); өз ойын, пікірін дәлелдеу білігі қалыптаспаған 43% (11 сынып); өз білімін іс жүзінде қолдана алмайды- 40% (10 сынып), негізгіні бөліп көрсете алмайды- 30% (11 сынып), қарапайым жалпылауды білмейді - 51% (10 сынып), күрделі емес тақырыпты, жағдайды өз бетінше талдай білмейді - 55% (10 сынып).
Эксперимент барысында 11 сынып оқушыларының арасында сауалнама, пікір алысу ұйымдастырылды.
Жауап бергендердің 12,2% танымдық деңгейін дамытатын болса, 57,3% "жоқ", 30,5%- " кейде" деген жауап қайтарды.
Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын.Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, оқушы өз білім деңгейіне , біліктері мен дағдыларын сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне, жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетінін тәжірибе көрсетіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |