Мазмұны Кіріспе 3-5


ІІ ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары



бет4/10
Дата27.03.2023
өлшемі479,5 Kb.
#76373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
ІІ ТАРАУ. Еңбекке баулу сабағында кіші мектеп оқушыларының шығармашылығы мен еңбек біліктерін дамытудың жолдары.

    1. Еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың еңбек біліктерін қалыптастырудың жаңа технологиялары.

Президентіміздің 2004 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында «Білім беру» жөнінде: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады. Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз. Бұл үшін оқушыларды жоғары сатыда бейінді оқытуды көздейтін он екі жылдық білім беруге көшу қажет» делінген.
Бұл маңызды да жауапты істің нәтижелі болуы үшін, білімнің іргетасы қаланатын бастауыш мектеп сатысында білім беруді иновацияландыруды жоғары деңгейге көтеріп, әлемдік және отандық жаңашыл педагогтардың әбден зерделеп, елеп-екшеп ұсынған жаңа технологияларын оқыту процесіне енгізу, соның негізінде жан-жақты дамыған, өзіндік жеке пікірі бар, шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыруымыз қажет.
Педагогикалық технология педагогика және техника ұғымдарының негізінде пайда болған түсінік.
Педагогика – біріншіден ғылымның адаммен байланысты бір саласыболса, екіншіден белгілі бір мақсатқа бағытталған ұстаз бен шәкірттің өзара байланысты іс-әрекетін зерттейтін ғылым, үшіншіден алғанда педагогика белгілі бір мақсатқа яғни білім мен тәрбие алуға немесе беруге беғытталған ұстаз бен шәкірттің өзара байланысты іс-әрекет білімдерін, іскерлік пен дағдыларын үйренуді көздейтін оқу пәні болып табылады. Техника дегеніміз-біріншіден ғылымның бір саласы болса, екіншіден іс-әрекетті ұтымды түрде орындауға арналған құрал-сайман, мүмкіндік болып табылады. Ал технология дегеніміз- сол техникалық құрал арқылы адамның іс-әрекетті жүзеге асыратын қызметі. Технологиялық іс-әрекет дегеніміз- белгілі бір мақсат қойып техникалық құралды пайдаланып өнім алуға бағытталған іс-әрекет. Техникалық іс-әрекеттің нәтижесі қандай да бір болмасын өнім немесе материалдық құндылық. Сондықтан техника мен технология бір-бірімен мағынасы жағынан жақын ұғымдар. Педагогикалық технология- тәрбие мен оқыту технологиясы болып екіге бөлінеді. Оқыту технологиясы оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, құрастыру, талдау, оқыту мүмкіндіктерінің технологиясы.
Педагогикалық технология ұғымына ғалымдар мен педагогтар әрбір даму кезеңінде әр түрлі анықтамалар берген. Олардың берген анықтамалары әр түрлі болғанымен бірін-бірі жоққа шығармайды, қайта толықтыра түседі.
Орыс ғалымдары И.П.Павлов, В.М.Вехтерев, А.А.Ухтомский, С.Т.Шацкий өзінің еңбектерінде мынадай анықтама береді: «Педагогикалық технология – бұл тәсілдердің, құралдарының, оқу сабақтарының ұтымдылығын арттыруға арналған мүмкіндіктер немесе көрнекті құралдарды пайдалана отырып оқу лабораториялық жабдықтарды ұтымды пайдалана білу»,-деп қорытынды жасайды.
60-70 жылдары педагогикалық технологияны тану барысында екі түрлі бағыт қалыптасты. Бұл кезеңнің педагогтары «Педагогикалық технология дегеніміз- технологиялық мүмкіндіктер мен программалық оқытуды қолдану»,-деп түсінді. Ал олардың кейбіреулері «Педагогикалық технология – технологиялық оқу немесе оқыту процесіндегі технология»,-деп түсінді. Бұл кезде Венгрияның ғалымы Л.Солой педагогикалық технологияның үш белгісін көрсетті, олар: техниканы меңгеру және ол туралы білу; аудиовизуалдық материалдар фондымен таныс ьолу; техникалық құралдарды ұтымды пайдаланудың әдістемесін меңгеру,-деп түсіндірді.
ХХ ғасырдың сексенінші жылдарында Ресейдің ғалымы Ф.А.Фрадкин өзінің «Педагогикалық технология және тарихи перспектива» деген еңбегінде «педагогикалық технология дегеніміз- қандай да бір мақсатқа жетуді көздеген мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті айқындалған бірнеше варианттағы объективдендірілген, жүйеленген іс-әрекет»,-деп тұжырым жасайды.
Орыс ғалымы И.Я.Лернер өзінің «Оқыту технологиясына көңіл аудару» атты еңбегінде педагогикалық технология дегеніміз- ұйымдастыру тәсілдері адам-машина жүйесіндегі адамдар мен материалдар туралы образдық ойлар деген қорытындыға келеді.
Сонымен педагогикалық технология ұғымы ХХ ғасырдың соңында көптеген елдердің ғалымдарының зерттеулерінің нәтижесінде қалыптаса бастады.
Педагогикалық технология ғылым мен практиканың арасын жалғастырушы звено, оқыту технологиясының методологиялық функциясы-оқыту проектісі, оны жүзеге асыру түріндегі стратегиялық модель болып табылады.
Оқушыларды дамыту, білім беру мақсатындағы қоылған мақсатқа сәйкес, педагогикалық жүйенің қызметін қамтамасыз ететін оқу қызметі мен қажетті мүмкіндіктерді басқарудың теориялық проектісін біз оқыту технологиясы деп ұғынуымыз қажет.
Сонымен педагогикалық технологияны мұғалімнің міндеті тұрғысынан қарағанда мынадай блоктарға бөліп қарауды ұсынады:
1-блок--- диагностикалық міндет;
2-блок--- дайындық міндеті;
3-блок--- білім берушілік міндет;
4-блок--- жеке тұлғалық міндет;
5-блок--- аналитикалық міндет.
Қорыта айтқанда, педагогикалық технологияны танудың бес бағыты бар:
1. іс-әрекетті ұтымды ұйымдастыру және оны жабдықтау;

  1. аз шығынмен нәтижеге жетуге жағдай туғызатын операциялардың бірізділігі;

  2. педагогикалық проблемаларды әдістемелік деңгейде талдауға мүмкіндік туғызатын педагогикалық категория;

  3. оқыту процесін тұтастай меңгеруге мүмкіндік тұғызатын ойлаудың жүйелік тәсілдерін педагогика тәжірибесіне енгізу;

  4. педагогикалық идеялардың қомақты нәтижелеріне жеткізуге кепілдік беретін іс-әрекеттер жүйесін ретке келтіру болып табылады.

  1. жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім беру академиясы Жалпы бастауыш білімнің «Еңбекке баулу» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының жаңа нұсқасы жасалды. Мұнда еңбекке баулу пәнінің базалық білім мазмұнының негіздері сақталғанмен, елеулі өзгерістер жасалды. Еңбекке баулу пәнінің қызметі бойынша әлемдік педагогикалық тәжірибелер зерделенді. А.Энштейн «Адам естіп-білгені арқылы жетілмейді, еңбек пен іс - әрекет үстінде қалыптасады» деп айтқандай, еңбекке шұғылдану үстінде бала саусағының бұлшық еттері жан-жақты жетіліп, жазуға, сурет салуға, түрлі бұйымдар жасауға икемділіктері артады. Сонымен бірге Еңбекке баулу пәнінен бастауыш мектеп оқушылары еңбектің бастапқы әліппесімен танысып, олардың байқағыштығы, ой-өрісі, шығармашылық белсенділіктері артады және жас кезінен бастап жүйелі түрде еңбек тапсырмаларын орындауға,

отбасындағы қажеттілікке көңіл бөлуге, төзімділікке үйренеді.
Бастауыш мектепте еңбекке баулу пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, баланың жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады:

  1. Ойындық технология- мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар.

  2. Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б.

  3. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі.

Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б.
Оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялықерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуальдық, кәсіби, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Бір технологияның өзін әр мұғалім әр түрліше: орташа дәрежеде, ұқыпты дәл нұсқау бойынша немесе шығармашылықпен іске асыруы мүмкін. В.П.Беспальконың тұжырымы бойынша жалпы білім беретін мектептер үшін педагогикалық технология мынадай төрт басты шартты қанағаттандыруы тиіс:
а) педагогикалық технология оқытудағы педагогикалық экспромттарды жоюы қажет;
ә) оқушының оқу-танымдық қызметінің құрылымымен мазмұнын анықтайтын оқу-тәрбие үрдісінің жобасына негізделуі қажет;
б) оқу мақсатын диагностикалық зерттеу жолымен анықтап, оның меңгерілу сапасын дәл тексеріп бағалауды қажет етеді;
в) практикада оқу үрдісінің толықтығын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқыту технологиясын таңдап, іріктеу-оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінбасқарудың негізгі бір буыны. Б.В.Горячев мұғалімдерге оқыту үрдісінде төмендегі технологияларды қолдануды ұсынады:

  • дидактикалық қағидаларды-ұстанымдарды, әдістерді, құрал, форма, амал-тәсілдерді т.б. таңдау технологиясы;

  • дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы;

  • ЭВМ-ді пайдаланып оқыту технологиясы;

  • даралап оқыту технологиясы.

Б.В.Горячев еңбектерінде оқыту технологиясы туралы көптеген нақты пікірлер болғанмен,ол ұғымның мәнін толық аша алмады.
Сабақ біздің заманымызда да оқытудың негізгі түрі ретінде қала бермек, бірақ оның ерекшеліктері мен мүмкіндіктері мүлде жойылған жоқ, өзгеріп жаңаруда. Соңғы кездерде сабақтың жаңа түрінжетілдірудің түрлі жолдары пайда болып, оқыту үрдісін ғылыми тұрғыдан басқаруға, оқу технологияларын қолдануға көңіл бөліне бастады. Соның айғағы соңғы жылдарда мерзімдік баспасөз беттерінде оқытудың жаңа технологиясы туралы көптеген әдістемелік нұсқаулар жарияланып жүр.
Бүгінгі күнде кең сұранысқа ие болып отырған педагогикалық технологиялар түрін дұрыс таңдап қолдану сабақ тиімділігіне, оқудың нәтижелігіне жетудің 80%-н қамтамасыз ете алады. Ал сабақ жетістігінің 20%-і ғана оқытушының жеке шеберлігіне байланысты болады.
Оқытуда оқушының еңбек біліктері мен шығармашылық қабілетін дамыту үшін жаңа ақпараттық технологияны пайдалануға да мүмкіндіктер көбеюде. Еңбек ету үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде қабылдау, яғни оқушының өзіндік танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға бағыттау, білім беруде жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осыған орай оқушыға берілетін тапсырмалардың үйренушілік,
алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейлері қолданылады. Шығармашылық деңгейде оқушы құбылысты өз бетінше таңдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын жүргізуге үйренеді. Бұл оқушыға «кішкентай жаңалық» ашқанмен бірдей. Бұдан баланың танымдық міндеттері қалыптасады, шығармашылық қабілеттері мен білім, білік, дағдылары, қызығуы жетіледі, білімге құштарлығы оянады. Тапсырмаларды орындау барысында әр түрлі қабілетті балалар көзге түседі. Л.С.Выготский: «Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі, оның деңгеціне лайықтап беріледі. Әр баланың өзінің даму зонасында жетілдіру керек» деген.
Жаңа ақпараттық технологияның тиімділігі – бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын өзгертуге, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Жаңа ақпараттық технологияның ерекшелігі – кіші мектеп жасындағы оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашалық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өзіне сенімділігі артады. Шығармашылық жұмыс түрлерін жүргізерде мұғалім жұмыстың өн бойынан шығармашалық тапсырмаларға лайықты жағдайларды іздеп табуы керек. Кейбір практикалық тапсырмаларды шығармашылық арнаға бұрып алуға, өзгертуге болады.
Педагогикалық технология оқыту, тәрбиелеу, жеке тұлғаны дамыту бағытындағы ұстаз бен шәкірттің белгілі бір мақсатқа жету бағытындағы іс-әрекеттерінің нәтижесінің қандай болатындығын алдын-ала елестете білу қабілеті ретінде қабылданады. Ол дәстүрлі және жаңа педагогикалық технология болып екіге бөлінеді. Дәстүрлі педагогикалық технологияға-проблемалық оқыту технологиясы, дамыта оқыту технологиясы, оқытуды проектілеу технологиялары кіреді; жаңа педагогикалық технологияға- модульдық оқыту технологиясы, кредиттік оқыту технологиясы, дистанциялық оқыту технологиясы жатады. Оқыту технологиясы оқытудың мақсатын, оқыту міндеттерін, оқыту процесін, оқыту кезеңдерін, әдістерін, принциптері мен шарттарын проектілеу болып табылады. Сонымен қатар шәкірттердің белгілі бір ғылым саласындағы меңгеретін білімдері мен дағдыларының жүйесін жасайды.
Шығармашылық тапсырмалардысынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, психологиялық саралығы, шығармашылық қабілетінің даралығына қарап әрі қарай жалғастыруға болады. Бұл оқушының өз бетімен ізденуіне көп әсер етеді.
Кез- келген технология мұғалімнен терең теориялық білім, үлкен педагогикалық шеберлік, баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді. “Педагогикалық технология дегеніміз- оқыту үрдісін жобалау, ұйымдастыру мен жүргізудің ойластырылған моделі”,- деп түсіндіреді В.М.Монахов. Ал ХХ ғасырдың басындағы ұлттық ойшылдарымыздың бірі Ж.Аймауытов: “ Сабақ беру- үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңаны табатын өнер” деген екен.
Ғылыми пндагогикалық зерттеулерге жасалған талдау жаңа педагогикалық технологиялардыңбірнеше түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік берді. Сондай технологияның бірі Ж.Қараевтың “ Деңгейлеп саралап оқыту” технологиясы.Қазіргі жаңа буын оқулықтарындағы тапсырмалар да осы технологияға негізделіп ьерілген. Бұл технология бойынша тапсырмалар 1,2,3,4 деңгейде беріледі. Оның тиімді жақтары: 1.Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады;
2.Жеке дара қабілеттері айқындалады;
3.Оқушылар нақты өз деңгейінде бағаланады;
4.Даму мониторингі айқын көрініп отырады;
5.Сабаққа деген қызығушылығы артады.
Қазіргі заманғы оқыту технологияларын меңгеру - өте күрделі де ұзақ процесс. Балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың нәтижелері, оқу-тәрбие және жеке тұлғаны дамыту мақсатын көздейтін іс-әрекеттер педагогикалық технология құрамымен тығыз байланысты.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет