Мазмұны Кіріспе 3-5



бет6/10
Дата27.03.2023
өлшемі479,5 Kb.
#76373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Өзіне-өзі қызмет ету еңбекке баулу бағдарламасында едәуір орын алады. Оқушылардың өзіне-өзі қызмет ету жұмысы еңбекке баулудың алғашқы сатысы ретінде және күнделікті өмірге керекті, неғұрлым кең тараған еңбек дағдысын дамыту ретінде зор маңызға ие. Балалардың өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне қатысуын ата-аналар да үнемі қадағалап, көңіл бөліп отыруы тиіс.
Балаларды өзіне-өзі қызмет етуге баулу бірінші сыныптан басталады. Келесі сыныпта оның мазмұны күрделенеді. Балалар шаруашылық, тұрмыс еңбегіне бейімделеді, қажетті іскерліктері дамиды.Еңбектің бұл түрі отбасы тәрбиесімен ұштастырылып отырады.
Өзіне-өзі қызмет ету еңбегіне үйретудің тәрбиелік әрі қоғамдық маңызы зор. Мектепте ұйымдастырылған мұндай еңбек түрібаланың дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді, олардың мәдениеті мен көркемдік талғамдарын тәрбиелеуге негіз болады.
Ауыл шаруашылығы еңбегіне баулу. Оқу-тәжірибе үлескісіндеатқарылатын жұмыстарымен таныстыру. Жас еркешеліктеріне қарай атқарылатын жұмыстарды саралау. Пәнаралық байланысқа көңіл бөлінеді.Мысалы: дүниетану, ана тілі, математика, т.б. Үлескіде өткізілетін сабаққа қойылатын жалпы талаптар мен олардың өзіндік ерекшеліктеріне көңіл аударылады.
Техникалық еңбекке баулу. Мұнда қағаз және қатырма қағазбен істелетін жұмыстар мен құрастыру жұмыстары қамтылған. Бағдарламада қағаз және қатырма қағазбен жұмыс істеуге көбірек сағат бөлінеді. Әр түрлі бұйымдар, құралдар, ойынға қажетті жабдықтар, тұрмыстық заттар жасауға үйретіледі.
Қатырма қағаз- қағазға қарағанда қалың әрі тығыз материал. Қатырма қағаздың қалыңдығы әр түрлі. Қатырма қағаздың ағаш ұнтағынан істелген ақ және қоңыр түстілері, сабанан, ескі шүберектен дайындалған мықты түрлері болады.
Балаларға қағаздың шығу тарихы және қағаз жасайтын машина жайлы қосымша түсінік берілуі керек. Қағаздың көп қажет болуына байланысты қағаз өнділісі дамыды. Біздің өмірімізде қағаз пайдаланылмайтын сала жоқ. Қағазды басқа материалдармен ауыстыруға болмайды. Себебі, оның берік, жұқа, жоғары диэлектрлік сияқты т.б. қасиеттері бар. Еңбекке баулу сабақтарында оқушыларды қағаз бен қатырма қағаз жөніндегі осындай деректермен таныстырудан соң қарапайым операцияларды пайдаланып, бұйымдар әзірлеу, үлгі бойынша әзірлеу, бүктеп – қаттау және көрсетілген сызық бойымен кесу жұмыстары жүргізіледі. Сызбадағы кесілетін сызық, бүктейтін жер және көмекші сызықтарды таба білумен таныстырудың да мәні зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет