Мазмұны Кіріспе 3-5


-сабақ. Сабақтың тақырыбы: Қошқармүйіз оюы



бет8/10
Дата27.03.2023
өлшемі479,5 Kb.
#76373
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дип.-Бастауыш-мектеп-оқушыларының-еңбек-біліктері-мен-шығармашылық-қабілетін-дамыту

1-сабақ.
Сабақтың тақырыбы: Қошқармүйіз оюы.
Сабақтың мақсаты: а) білімділік мәні:
оюдың түрлері, шығу тарихы туралы әңгімелеу.
Ою-өрнек туралы мақал-мәтелдер жаттау.
Қиындылардан ою құрастыру, атын атау.
ә) дамытушылық мәні: Балалардың қиялы мен
шығармашылығын, ойын, сөздік қорын дамыту.
б) тәрбиелік мәні:
қазақтың ұлттық ою-өрнегімен таныстыра отырып
халық өнерін қастерлеуге үйрету; ұқыптылыққа,
еңбексүйгіштікке, татулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: “Ұлттық ою-өрнектер” атты буклет, суреттер, тірек
сызбалар, күйтабақ, үлгі-қалыптар, т.б.
Сабақтың түрі: топтық-ойын
Сабақтың әдістері: сөздік, графикалық, иллюстрациялық, проблемалық
Пәнаралық байланыс: ана тілі, математика, музыка, тарих, бейналеу.
Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Балалардың назарын сабаққа аудару. Еңбек сабағына қажетті құрал – жабдықтарын жабдықтарын ( түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, қатты қағаз, қарындаш, т.б.) түгендеу.

  2. Ой шақыру ( ою сөзіне ассоциациялық аймақ құру).

сырмақ
шапан текемет


сандық ОЮ тақия

өрнек бөрік

қамзол
ІІ. Жаңа сабақ.



  1. Мағынаны тану. Сабақтың мақсатын және тақырыбын хабарлау.

  • Балалар, бүгінгі сабағымызда осы ою түрлерімен, соның іщінде “Қошқармүйіз” оюының жасалуымен танысамыз.

( Ою туралы мұғалімнің түсіндіруі)
Өнер- таусылмас азық, жұтамас байлық демекші, қазақтың қолөнері де өзінің төлтума бітім қасиетімен, көркемдік мән-мағынасымен шын мәнінде халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Оның бірі – ою-өрнек. Ертеде халқымыз тұтынған нәрселерінің бәрін оюмен әшекейлеп безендірген.
Ою дегеніміз – бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада көшіп жүріп, жер-суының қадір-қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған. Халқымыздың өлең-жырында, ән-күйінде, ою-өрнегінде аққудың әні, тоты құстың тілі жүретіні сондықтан. Күйтабақтан табиғатта кездесетін әр түрлі дыбыстарды тыңдату. Ою-өрнектерде халық дүниетанымы, оның өзін қоршаған орта мен сұлулық туралы түсінігі бейнеленген. Оюдың қандай да бір бейнесінің, түсінің болмасын танымдық өзіндік мәні бар. Мысалы: көк түс- аспанды бейнелесе, ақ түс- пәк тазалық, қуаныштың, бақыттың белгісі; күлгін түс- білімнің, даналықтың; қызыл түс- оттың, күннің белгісі; жасыл түс- жастық пен көктемнің; Қара түс- жердің, берекенің нышаны деген ұғымдары бар.
Қандай өрнекті болмасын, адам баласы өзін қоршаған дүниеден алатыны ежелден мәлім.
Оюлардың тарихы туралы “кубизм” стртегиясы арқылы түсіндіру.
Текшенің алты жағына оюдың түрлерінің атарын жазып,
с ол оюлар туралы мағлұмат беру. Олар: “түйе” оюы, “тұйық” ою, “қолтықша” оюы, “құс қанаты” оюы,“ қошқармүйіз” оюы, “күн” оюы.

4) Практикалық жұмыс. “Қошқармүйіз” оюының жасалуын суреті мен үлгі бойынша көрсету. Кітапта көрсетілген суретке назар аударту.



  1. Жасалған жұмыстарды жинақтап, көрме ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет