2.5. Өздік есімдік (reflexive pronouns)
Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана “өз” сөзі жатады. Бұл есімдік көбінесе өзім, өзің, өзіңіз , өзі , өзіміз, өздеріңіз т.б. сияқты оңаша және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады. өздік есімдіктің тәуелдеулі формада қолданылуында мынай екі түрлі ерекшелік бар. Бірінші жіктеу есімдіктері қабаттасып та, қабасттаспай да қолданылады. Мұның бер жағында өздік есімдік тәуелдіктің қай жағында тұрса, қабаттасатын жіктеу есімдігі де сол жақта қолданылады. Мысалы, өзім – мен өзім; өзің – сен өзің т.б. Екінші тәуелдеулі өздік есімдік сөйлемде бастауыш болса, жақ-жағынан жіктік жалғауды тікелей өзіне бағындырады, демек бастауыш болатын өздік есімдік тәуелдіктің қай жағында тұрса баяндауыш та жіктіктің сол жағында тұрады [6,31].
Мысалы, өзім келдім(жақтасады)– жолдасым келді (жақтаспайды).
Тәуелдеулі өздік есімдік тәуелдеулік зат есімше септеледі. Мысалы,
Атау өзім-әкем
Ілік өзімнің - әкемнің
Барыс өзіме - әкеме
Табыс өзімді - әкемді
Жатыс өзімде - әкемде
Шығыс өзімнен- әкемнен
Көмектес өзіммен - әкеммен
Сондай-ақ қазақ тіл білімінде өздік есімдік зат есімнен бұрын айтылғанда, ілік жалғаулары түсіріліп қолданылып, үнемі анықтауыштық қызмет атқарады. Мысалы: өз (өзімнің) кітабым, өз (өзіңнің) кітабың, өз (өзіңіздің) кітабыңыз, өз (өзінің) кітабы т.б. 6,219.
Қазіргі ағылшын тіліндегі өздік есімдіктің түрлерін айтар болсақ: myself мен өзім, өзім; yourself – сен өзің, өзің; himself – ол өзі, өзі; herself (жен)- ол өзі, өзі, itself - ол өзін, ourselves- біз өзіміз, өзімізді; yourselves – сіз өзіңіз, өзіңізді; themselves- олар өздері, өздерін. I saw him there myself and talked to him – Мен оны өзім көрдім және онымен сөйлестім. Camilla told herself it was ridiculous to feel nervous – Камилла өзіне бұлай уайымдаудың күлкілі екенін айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |