Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы



бет23/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32
some, any, no, none есімдіктері

Some мен any есімдіктері

Some бекіту сөйлемдерінде пайдаланылады, any жоққа шығару сөйлемдерінде, жалпы сұрақтарда және шартты сөйлемдерде қолданылады. Олар сын есімдік есімдік ретінде де, зат есімдік есімдік ретінде де қолданылады:

Do you have any money? – Сенде ақша бар ма?

Yes, I have some. – Иә, бар.

Бірақ қазіргі сөйлеу маәнерінде some көбіне жалпы сұрақтар кезінде қолданылады:

Have you met any of the new students yet? – Сен жаңа студенттердің біреуімен болсын таныстың ба?

Have you met some of the new students yet? – Сен жаңа студенттердің кейбіреуімен таныстың ба?

Some мен бірнешеу, қандай да бір, қандай болсын мағынасымен қолданылады:

А) Сын есім – есімдігі ретінде көпше түрдегі зат есім алдына қойылады.

He asked me some questions – Ол маған бірнеше сұрақ қойды.

Do you have any candies left? – Сен де әлі кәмпиттер бар ма?

Кейде some қандай да бір жекеше түрдегі зат есім алдында белгісіздік артикльмен қатар пайдаланылады: I’ve read it in some book (=I’ve read it in a book) –Мен мұны бір кітаптан оқыған сияқтымын.

Б) Зат есімді есімдіктер ретінде көпше түрдегі зат есім орнына келесі қойылады: I gave her some medicine, because she really needed some – Оған қажет болғандықтан мен дәрі бердім.

He asked for some books, but she didn’t have any – Ол бірнеше кітап сұрады, бірақ онда кітап болған жоқ.

Some мен any біршама санды, шамалы мағыналарымен пайдаланылады.

А) Сын есім есімдігі ретінде зат есім алдында қолданылады. Осы жағдайда бұл есімдіктер орыс тіліне жекелей сөздер болып аударылады:

Can I have some water? – Су ішуге болама ?

Do you have any beer? – Сенде сыра бар ма?

Б) Зат есімнің орнына зат есімдік есімдік ретінде:

I ran out of ink. Do you have any? – Менің сиям бітті. Сенде сия бар ма?

Some (any емес) арнайы сұрақтарда да, сондай-ақ бір нәрсе ұсынылған немесе өтініш жасап тұрған жалпы сұрақтарда да пайдаланылады:

Why didn’t you buy some cheese? –Сен неге ірімшік сатып алмадың?

Would you like some coffee? – Кофе ішкіңіз келмей ме?

May I use some of your ink? – Маған сенің сияңды пайдалануыма болама?

Some сондай-ақ кейбірі мағынасында да көптік түрдегі зат есімнің алдында сын есімдік есімдік ретінде де және көптік түрдегі зат есімнің орнына есімдік ретінде де пайдаланылады: Some people never get to know all the illnesses they have –Кейбір адамдар өз аурулары туралы ешқашан білмей өтеді. Some men think she’s ugly, some think she’s extremely beautiful – Кейбір еркектер оны ұсқынсыз деп санаса, басқалары ол өте әдемі деседі.

Some (кейбірі) белгілі бір тұлғаларға немесе заттарға қатысты болса, онда some кейін of көмекші сөзі қолданылады: Some of my friends have never heard of Duluth –Менің достарымның кейбірі Дулут туралы ешқашан естіген емес [19].

Some есімдігін мағынасымен зат есімнің алдында пайдалауға болады: Some of the sugar was mixed with flour – Қанттың бір бөлігі ұнмен араластырылған.

Some есімдігі (шамасында, шамамен) мағынасында сан есім алдында пайдаланылады: There were some twenty dogs in her apartment – Оның пәтерінде шамамен жиырма ит болды.

He won some five million dollars – Ол 5 млн. доллар шамасында ұтып алды.

Any қайсысы болсын, әрқайсысы ағынасында жекеше түрдегі зат есім алдында немесе сансыз зат есім алдында бекіту немесе сұрау сөйлемдерінде пайдаланылады: Any of you can use the services of this library – Сендердің қайсысың болмасын бұл кітапхананың қызметін пайдалана аласыңдар. Any, who breaks the rules, will be fired! – Ережені бұзған әрқайсың шығарыласыңдар.

Some мен any туынды есімдіктері

Some есімдігі one, body мен thing тіркестеніп someone, somebody (кто-то, кто-нибудь, біреу, әлдекім), anyone, anybody (кто-нибудь, біреу), something (что-то, что-нибудь, бірдеме,бір нәрсе), anything (что-нибудь, бірдеме) сұрау есімдіктерін құрайды. Some мен any есімдіктері someone, somebody, something есімдіктері сияқты бекіту сөйлемдерінде пайдаланылады, ал anyone, anybody, anything – теріс сөйлемдері мен шартты сөйлемдер мен жалпы мәселелерде қолданылады:

Is anybody home? – Үйде біреу бар ма?

Somebody is knocking at the door. – Әлдекім есік қағып тұр.

Бұл есімдіктер бастауыш қызметін атқарса, онда етістік жекеше түрде болады: Somebody is giving out secret information –Біреу құпия ақпаратты таратып жүр.

Somebody, someone, something есімдіктері some есімдіктері сияқты бір нәрсе ұсынылытын немесе біреудің өтініші айтылатын арнайы сөйлемдер мен жалпы мәселелерде қолданылады:

Can somebody help you? –сізге біреу көмектесе ала ма?

Anybody, anyone, anything, есімдіктері any сияқты қайсысы болсын, әркім, қайсысы мағынасымен бекіту сөйлемдерінде де, сұрау сөйлемдерінде де қолданылады:

Anybody can do that – Мұны әркім істей алады.

Anybody есімдігінен кейін of көмекші сөз қолданылмайды.

Either мен neither есімдіктері

Either есімдігі екі тұлғаға да немесе затқа да қатысты және (сол немесе басқа, екеуінің бірі (үшеуінің, төртеуінің) мағынасымен пайдаланылады. Either сын есімдік есімдік ретінде де және зат есімдік есімдік ретінде де қолданылады. Сын есімдік есімдік есімдік ретінде жекеше түрдегі сандық зат есім алдында қолданылады:

You may take either road – Сіз қай жолмен болсын бара аласыз.

You may have either car – Сен екі машинаның қайсысын болсын ала аласың.

Either зат есімдік есімдік ретінде қолданылғанда одан кейін of көмекшісі қойылады:

Either of you may go there – Сендердің қайсысың болсын сонда бара аласыңдар.

Either мағынасы көбіне or. Either… or толықтырылады да или… или (не, не)білдіреді:

You can tell this either to Ann or Alice – Сен мұны не Аннаға не Элиске айта аласың.

Either есімдігі either жоққа шығару түрі болып табылады:

Either of you can go –Сендердің қайсыларың болсын сонда бара аласыңдар.

Neither of you can go – Сендердің ешқайсың да сонда бара алмайсыңдар.

Neither мағынасы көбіне nor толықтырылады:

Neither you nor your friends will go to the party – Не сен, не сенің достарың ойын-сауық кешіне бармайсыңдар [20].



other, each и every есімдіктері

other есімдігі

other (басқасы, басқалары) есімдігі сын есімді есімдік ретінде де, зат есімдік есімдік ретінде де қолданылады.

Сын есімді есімдік ретінде other жекеше түрдегі де, көпше түрдегі де зат есім алдында қолданылады. Other алдында белгілі немесе белгісіздік артиклі тұруы мүмкін. Бұл есімдік сондай-ақ артиклсізде болуы мүмкін. Егерде оның алдында белгісіз артикль тұрса, онда ол:– another бірге жазылады:

He’s on the other side of the road – Ол жолдың басқа жағында.

Give me another sheet of paper – Маған басқа парақ қағаз берші.

He has other intentions – Оның ойы басқаша.

Зат есімді есімдік ретінде жекеше түрдегі зат есімнің орнына another қолданылады, ал белгілі артиклі бар зат есімнің орнына the other қолданылады: The others didn’t come – Басқалары келмеді. I ate all the cake. Will you give me another? – Мен пирожныйды жеп қойдым. Маған басқасын бересің бе?

Each мен every есімдіктері

Each (әрқайсысы) есімдігі тұлғалардың немесе заттардың шектеулі санына қатысты айтылады. Each сын есімдік есімдік ретінде де, зат есімдік есімдік ретінде де айтылады [21].

Сын есім есімдігі ретінде each жекеше түрдегі сандық зат есім алдында қолданылады: There are new houses on each side of the road. – Көшенің әрбір жағында жаңа үйлер бар. Each student in the group has to hand in an essay tomorrow – Топтың барлық студенттері ертең шығарма тапсырулары керек.

Each зат есімдік есімдік ретінде қолданылғанда онда одан кейін көбіне of көмекші сөзі қолданылады.

Each of you has to read this book – Сендердің әрқайсыларың бұл кітапты оқуларың керек.

Every (әркім, кім көрінген) есімдігі each қарағанда тұлғалардың немесе заттардың шектеулі сандары туралы сөз болмағанда ғана пайдаланылады. Every тек сын есімдік есімдік ретінде жекеше түрдегі санды зат есім алдында пайдаланылады:

Not every person in the USA knows English –АҚШ-тағы барлық адамдар ағылшын тілін біле бермейді.

I see him every day – Мен оны күн сайын көремін.

Each мен every сөйлемде бірден логикалық екпін беру үшін қолданылады:

Each and every of us has to be proud of our motherland – Біздің әрқайсымыз өз отанымызды мақтан тұтуымыз керек.

Every есімдігі body, one, thing тіркесіп everybody, everyone (әрқайсысы, әркім, барлығы), everything (барлығы) есімдіктерін құрайды. Бұл есімдіктер зат есімдік есімдік ретінде пайдаланылады:

Everything is fine –Барлығы тамаша. Everybody is here –Барлығы осында.



One есімдігі

One есімдігі зат есімдік есімдік ретінде пайдаланылады. One орыс тіліндегі белгісіз жекеше сөйлемдерге сәйкес келетін сөйлемдердегі белгісіз тұлғаны белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда one бастауыш болып қызмет етеді:

One can never be sure what happens next – Келесі минутта не болатынын алдын ала білуге болмайды.

One never values happiness until it is gone –Бақыт кетіп қалғанша, оның қадірін түсінбейді [22].

Көбіне жиі one есімдігі must, should ought, can, may етістіктіремімен пайдаланады:

One can do whatever he wants here – Бұл жерде не істегің келсе, соны істеуге болады.

One жекеше түрдегі зат есімді қайталамас үшін пайдаланады, онда оны дараландыратын анықтауыш болғанда белгілі артикльмен қайталаған дұрыс мұндай жағдайда one алдында белгілі артикль тұрады:

This book is more interesting than the one I read last time – Менің өткен жолғы оқыған кітабыма қарағанда бұл кітап қызығырақ.

One қайталауды болдырмас үшін алдында аталып өткен санды зат есімді алмастыру үшін сын есімнен кейін қойылады:

I don’t like the red hat. Give me the blue one – Маған қызыл телпек ұнамайды. Маған көгін беріңізші.

These are sweet pickles. Can I have a can of dill ones? – Бұл тәтті маринадталған қияр. Менің ащысынан бір банка алуыма бола ма?.

One алдында аталып өткен зат есімді алмастыру үшін this, that, which, another, the other есімдіктерінен кейін қойылады. these, those есімдіктерінен кейін one пайдаланылмайды. Бірақ қазірігі заманғы сөйлеу тілінде бұл ереже жиі бұзылады:

This chair is for you. I’ll take that one – Мен ананы аламын.

These lamps are better than those (ones) – Бұл лампалар аналарға қарағанда жақсырақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет