Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы



бет31/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Документ Microsoft Word

Қорытынды

Көптеген есімдіктер орын алмастырушы сөздер ретінде де қызмет етеді және олардың арасындағы шек бұлыңғыр, бірақ сонда да осы екі түсініктің арасында айырма бар. Барлық есімдіктер орын алмастырушы сөз бола бермейді және барлық орын алмастырушы сөздер есімдіктер бола бермейді. Сын есімдік есімдіктер орын алмастырушы сөздер бола бермейді. Кейбір есімдіктер сөйлемде зат есімнің де, сын есімнің де қызметін атқарады. Сын есімдік есімдіктер орын алмастырушы сөздер бол алмайды. Олар орын алмастырушы сөз болып, тек зат есімнің орнын алмастырған да ғана болады. Мәселен, this есімдігі:This car is an old model. – Бұл ескі үлгідегі машина [ 22, 160]. She was going blank again. He didn’t like this. – Ол тағы да ашуланды. Оған бұл ұнайтын [22, 168].

Бірінші жағдайда this зат есімге (car) сілтеп тұрған тек есімдік болып тұрса, екінші жағдайда, this – орын алмастырушы сөз. ол жаңа сөйлемді алмастырып тұр. (She was going blank again).

Зат есімдік есімдіктен басқа орын алмастырушы сөз болып басқа да зат есімдер, сондай-ақ басқа етістіктің орнын алмастыратын етістік бола алады. Сондай-ақ сын есімнің, үстеудің орнын алмастыратын сөздер де болады. Бірақ ең кең тарғаны зат есім мен етістіктің орнын алмастырушы сөздері болып табылады. Сонымен қатар орын алмастырушы сөз ретінде кейбір жаргонды сөздер де жатады. Мәселен; dumb kids, оның ойынша мұғалімдер мұндай сөзді under-achievers, non-academic-minded, slow, disadvantaged, sub-paced, non-college-oriented, underprivileged, non-linguistic, intellectually deprived сөздерімен алмастыра алады.

Ең кең тараған зат есімнің орнын алмастырушы сөз thing мен stuff болып табылады. Олар сөйлемде нақты заттардан бастап абстрактілік түсінікке дейін және тұтас оқиғаны да алмастыра алады. Барлық жекеше есімдіктер орын алмастырушы сөздер болып табылады. Сондай-ақ орын алмастырушы сөз болып абсолюттікк түрдегі тәуелдік есімдігі, some басқа барлық сілтеу есімдіктері, сұрау есімдіктері-зат есімдері және кейбір есімдіктер табылады. Сондай-ақ stuff мен thing қанда болсын зат тесімді алмастыратыны сияқты to do етістігі қайталау кезінде қандай да етістікті алмастыра алады. to do басқа етістіктердің орнын алмастыратын сөз ретінде барлық көмекші етістіктер мен жалғаулық етістіктер бола алады. Қайталау кезінде мағыналық етістік түсіп қалып, оның орнына көмекші етістік немесе жалғаулық етістік пайдаланылады. Модальдық етістіктердің орнына олардың орнына баламалары пайдаланылады, олардың модальдық етістіктерден айырмашылығы, олар өткен шақ пен келер шақтың түрлерін құра алады.

Есімдік те, орын алмастырушы сөз де әрбір тілдің құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағдайда олар қайталауды болдырмау үшін пайдаланылса, екінші жэағдайда сөйлемді қысқарту үшін қолданылады; орын алмастырушы сөздер жеке сөздерді де, сондай-ақ тұтас фразалар мен сөйлемдердің де орнын алмастыра алады. Жұмыс барысында көргеніміздей, көбіне it, that, this, thing, one орын алмастырушы сөздері пайдаланылады. Бұл жұмыстың 250 мысалдың 36- да it орын алмастырушы сөзі кездеседі. It- дан кейін екінші орында that (those) тұр, ол 25 астам мысалда кездеседі. this (these), one мен thing орын алмастырушы сөздері күнделікті сөйлемде жиі кездессе де, аталмыш жұмыстың 15 мысалында кездеседі.

Қорыта айтқанда, есімдіктердің қыр-сырын қарастырып жүрген зерттеушілердің есімдік сөз табына теориялық нақты анықтама беруі қиынға соғатынын аңғарамыз, себебі есімдіктің зат есім мен сын есімнен айырмашылығы, есімдік қандай да болсын бір затты немесе сапаны атамайтындығында, тек оған сілтеп, мегзеп, сұрау т.б. мағыналарын білдіретіндігінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет