Мазмұны кіріспе 3 І тарау Қазіргі ағылшын тіліндегі есімдіктердің зерттелу тарихы


Жалғаулық есімдіктері (Relative pronouns)



бет25/32
Дата07.01.2022
өлшемі129,99 Kb.
#19073
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
Документ Microsoft Word

2.8. Жалғаулық есімдіктері (Relative pronouns)

Жалғаулық есімдіктері мыналар: кімді, қай, кімнің т.б. Ағылшын тіліндегі жалғаулық есімдіктеріне who (whom), whose, what, жатады. Атауының өзі айтып тұрғандай бұл есімдіктерді сұрау сөйлемдерінде қолданады. Осы есімдіктердің әрқайсысы сөйлемде әртүрлі қызмет атқарады. who, whom , whose есімдіктері [23].



Табыс септіктегі жекеше есімдік

Бұл есімдіктер сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады, орыс тіліндегі табыс септігінде (кімді? не? сауалына жауап беретін) есімдікке сәйкес немесе септіксіз тура толықтауыш қызметін орыс тіліндегі барыс септігіне (кімге?) сәйкес қызметін атқарады. Мәселен:

He saw me in the street – Ол мені көшеде көрді.

I met them at the station – Мен оларды вокзалда кездестірдім.

He showed her the picture – Ол оған картина көрсетті.

Табыс септіктегі to көмекші сөзімен есімдіктің үндесуі септік жалғаулы жанама толықтауыш болады және орыс тіліндегі барыс септіктегі есімдікке сәйкес болады. He showed the picture to her and not to me – Ол картинаны маған емес, оған көрсетті.

Вy және with көмекші сөздері бар табыс септіктегі есімдіктің үндесуі септік жалғаулы жанама толықтауыш болады. Және көмектес септіктегі (кіммен? немен?) жанама толықтауыш болады [23].

The article was translated by her and not by them – Мақаланы олар емес, ол қыз аударды. This pen is bad. I can’t write with it –Бұл нашар қалам. Мен онымен жаза алмаймын.

Орыс тіліндегі жанама септіктегі келесі көмекші сөздері бар есімдікке сәйкес келеді:

This letter is for you – Бұл хат сізге.

I have read about it – Мен бұл туралы оқығанмын.

I quite agree with him – Мен онымен толық келісемін. Бірақ атау септігіндегі жеке есімдіктермен барыс септіктегі есімдіктер арасындағы нақты шектеуге қарамастан, қазіргі күні екі септіктегі есімдіктер бір-бірін алмастыратын жағдайлар жиі кездеседі. Әсіресе мұны ағылшын тілінің әртүрлі диалектілеріннен кездестіруге болады. «Жекеше есімдіктің атау септігін объектілікпен ығыстыру үрдісі жүріп жатыр. Қазіргі ағылшын тілінде It is I кітаптық мәнер береді, ал It is me - стилистикалық нейтралдық мәнер береді. Атау септігінің орнына жекеше есімдіктің барыс септігін пайдалану арқылы айтылады. Сөйлеу стилистикасының who орнына that қатысты есімдікті пайдаланғанда күшейе түседі. Стилистикалық мәнерде осыны болдырмау үшін өзге сөздердің қатары бар стилистикалық нейтралды сөйлемде пайдаланады. Мәселен: I was the one/the person who told the police» [2, 110].

«Басқаша алып қарасақ, атау септігі бұрын барыс септікте пайдаланылған сөйлеу мәнерінде жиі кездеседі. Мәселен: It is a wonderful moment for my husband and I. Мұндай жағдайда норманың ауытқуы туралы екі септіктегі қатар қолдану мүмкін. Мәселен: Some people ought to be below she and Claud (OC.); The gum chewing woman got up and passed in front of her and Claud (ib.)» [2, 111].

Афро-американдық ағылшын диалектісінде, тіпті басқасында да барыс септіктегі есімдік сөйлемдегі бастауыштың қызметін атқарады. Мәселен: Her is a real fool, (ол нағыз ақымақ) сөйлемі грамматикалық жағыннан стандарты ағылшын тілінде дұрыс болмаса, кейбір ағылшын тілінде бұл дұрыс сөйлем саналады. Ағылшын тілінің әртүрлі диалектілеріндегі өзара орын алмасушылық атау және барыс септігіндегі жекеше есімдік ғана емес, сондай-ақ кейбір басқа да есімдіктер саналады. Мәселен, Камберленде және солтүстік-шығыс Ланкаширде көпше түрдегі үшінші жақтағы тәуелдік септіктегі their барыс септіктегі them жекеше есімдігінің орнына пайдаланады:

All their cam again à All of them came again – Олар тағы да келді.

Ағылшын сөйлеу тілінде басқа да жаңа ережелер бар. Мәселен, жекеше есімдік құрамындағы жатыс септігіндегі есімдік үндесуі етістік үндестігіндегі «жақындық ережесі» сақталады, яғни етістік жақын тұрған есімдіктің түрі мен жағында пайдаланылады. Мәселен: Who is going there? You and I am; Neither of us try to break it; You are the one that knows it.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет