ІІІ Тарау
Ағылшын тіліндегі орын алмастырушы сөздер
3.1. Зат есімдегі орын алмастырушы сөздер
Орын алмастырушы сөздер – бұл қайталауды болдырмау немесе сөйлемді қысқарту, қарпайымдандыру үшін басқа сөздермен алмастырылатын сөздер. Орын алмастыратын сөздер мен есімдіктер арасында нақты шек қою өте қиын, себібі, есімдіктер көбіне орын алмастыратын сөздер орнына қызмет етеді. Бірақ барлық есімдіктер орын алмастыратын сөздер ретінде қызмет ете бермейді. Тек зат есімдік есімдіктер ғана орын алмастыратын сөздер бола алады. Олардың қатарына атау септігіндегі жекеше есімдік, сілтеу есімдігі мен сұрау есімдіктері жатады. “I didn’t by it (the typewriter) for antique!” – «Мен бұл машинаны антиквариат ретінде сатып алған жоқпын.»
“Tear the pages!”said Annie. “Why on the world you want me to do that?” –«Парақтарды жырт», деді Энни. «Сенің неге менің оларды жыртқанымды қалайсың?» I don’t like this picture. That one is more beautiful. – Маған бұл картина ұнамайды. Анау әдемілеу [37, 134]. Who said life is easy? – Өмір сүру оңай деп кім айтты? Сұрау есімдіктері сөйлемде айтушыға белгісіз зат есімдерді ауыстырады.
«Есімдік» және «орын алмастырушы сөз» түсініктерін айыра отырып, есімдік деп, сөйлемде не зат есім, не сын есім рөлін атқаратын сөйлемнің бөлігі екенін атап өту керек. Мәселен, сөйлемде зат есім рөлін атқаратын who сөзі бұл есімдік, ал сөйлемде үстеуді алмастырып тұрған how сөзі есімдікке жатпайды. Орын алмастырушы сөзде мұндай қатаң шек жоқ. «Орын алмастырушы сөз» түсінігінің мәні «есімдік» түсінігіне қарағанда кең. Орын алмастырушы сөз болып зат есімдік есімдіктен басқа, етістік те, сын есім де, тіпті орын алмастырушы фразалар да бола алады.
Зат есім: Trying to have an idea wasn’t the same thing as getting an idea –Идеяға қол жеткізуге тырысу, оны алумен бірдей болған жоқ [37, 131].
Take all this stuff out of my backpack. – Бұл заттардың бәрін менің рюкзагымнан шығар.
He would know the real stuff when he found it –Егерде оны таппаса, ол нағыз идеяны білер еді [37, 125].
Етістік: - I’ll wait for you outside. – Мен сені далада күтемін. Yes, do that, please. – Иә, мені сонда күт.
“I still wish you were free-” “Do you?” – «Мен әлі де болса, сенің бостандықта болғаныңды қалаймын» [37, 146]. I said I was going to Jamaica and my sister was like “Yeah, that’s a great idea you have. You need to have a rest” – «Мен саған Ямайкаға баруға жиналып жатырмын деп айттым, ал менің қарындасым «Дұрыс, тамаша идея. Саған демалу керек» деп айтты» [38, 44]. Бірақ осыған қарамастан лингвистикада орын алмастырушы сөздерге қарағанда есімдіктерге көп көңіл бөлінеді, себебі есімдіксіз әлем тілдерінің бірде бірі болмайды. Сонымен бірге күнделікті сөйлеу кезінде біз есімдіктермен қатар орын алмастырушы сөздерді де пайдаланамыз. Басқа да тілдер сияқты, ағылшын тілінде де ғалымдар есімдіктерді мұқият зерттеп, барлық есімдіктерді анықтады. Бірақ орын алмастырушы сөздер туралы бұлай айту мүмкін емес. Ағылшын тіліндегі барлық орын алмастырушы сөздерді санамалап шығу мүмкін емес. Сондай-ақ бұл сөйлемдердің қолдану шегін де баяндап шығу мүмкін емес. Мәселен, thing (нәрсе) орын алмастырушы сөзі ағылшын тілінде ненің болсын орнын алмастыра алады: бұл сөзді жансыз да, жанды да затқа, нақөты да, абстрактілі түсінікке де қатысты пайдалануға болады; қарпайым тілде thing сөзі алдын ала сипатталғанның тұтас оқиғасын алмастыра алады. Мәселен: Jessie met Mat the other day. As you know he’d dumped her about a month ago, and that day he started shouting at her because she is dating Mickey now. That thing made Jassie’s mother totally mad. –Это очень сильно разозлило маму Джесси. Жақында Джесси Метаны көрді. Сен өзің білетіндей, ол оны бір ай бұрын тастап кеткен еді ғой, ал сол күні оның Миккимен кездесіп жүргені үшін айғайлай бастады. Бұл Джессидің анасын қатты ашуландырды [38, 139].
Кейбір ғалымдар орын алмастыратын сөздерді екі топқа бөледі. М.Г.Рубцова: «Ағылшын ғылыми мәтінінде аталып өткен сол немесе алдындағы сөйлемдегі сөздердің орнына қолданылатын қызметтік сөздер кездеседі. Зат есім үшінде, сондай-ақ баяндауыш етістік үшін де арналған орын алмастырушы сөздер болады. Мұндай орын алмастырушы сөздері бар сөйлемдерді аударғанда әдетте ауыстырғыг сөздерді қайталау қажет» деп жазды [3, Интернет]. Беркнер С. С. мен Пеньков Б. В: «Жиілікті деп кең семантикалы stuff, thing, story сөздері мен shit вульгаризмі айтылады. Алмастырушы сөздер туралы сөйлеу мәнерінде жиі кездеседі. Олардың арасында вульгаризмдер де кездеседі. Көбіне олар this thing, stuff like that есімдіктерімен тіркесіп пайдаланылады. Әсіресе олар оқушылардың арасында, сондай-ақ мұғалімдер арасында да кездеседі. Мұндай сөздер мен сөз тіркестері бір текті санамалау қатарының жалпы мүшесін белгілеу үшін де пайдалануы мүмкін: things like that, stuff like that, shit like that. Олар орын алмастырушы сөздер, олардың мәнін контексте ғана түсінуге болады», Or something, or anything ‘или что-нибудь такое’, ‘или что-нибудь в этом роде’ «бір нәрсе», «немесе осы сияқты бір нәрсе» паразиттік сөз тіркестерін де көптеп кездестіруге болады. Не could tell her I'd gone home or something [4, Интернет].
«Мектеп тілінде толық мәнді сөздерді алмастыру үшін this, ‘этот самый’, these, those, ‘эти самые’ «тап сол», «тап солар» сияқты есімдіктерді жиі пайдалану байқалады. Мұндай бірліктер шынайы жжағдайдағы қандай да болсын референтпен сөйлеу мазмұнына тікелей қатысты сілтеу элементінің (немесе жалпы тәжірибеден белгілі белгілі сөйлеушімен), сондай-ақ синтаксистік құрылымдағы үздіксіздікті қамтамасыз ету үшін» [4, Интернет]. Мәселен: One of those guys that wear those suits; he had these very broad мұндай түсінік оқушылар тілі үшін де, сондай-ақ жалпы сөйлеу үшін де ортақ болады. Мектеп тілінде нашар оқитын оқушыларды атау үшін көптеген эвфемизмдер кездеседі: Under-achievers, non-academic-minded, slow, disadvantaged, sub-paced, non-college-oriented, underprivileged, non-linguistic, intellectually deprived, – so far, I've counted more than ten different euphemisms for ‘dumb kids’! [15, Интернет].
Атап өткеніміздей, есімдіктер мен орын алмастырушы сөздер арасын нақты бөлу қиын. Көптеген есімдіктер орын алмастырушы сөздер болып табылады. Бірақ, атап өтуіміз керек, орын алмастырушы сөздер болып сын есім есімдіктері емес, тек зат есім есімдіктері болады. Мұндай есімдіктерді М.Г.Рубцова өз еңбегінде қарастырды. Бірақ, ол есімдіктерден басқалар да орын алмастырушы сөздер бола алатынын айтты. Барлық жекеше (жіктеу) есімдіктер орын алмастырушы сөздер бола алады. Білетініміздей, олар зат есімді ауыстырады. Бірақ, you, they и it есімдіктері кеңінен тараған.
You мен they есімдіктері
You мен they есімдіктері кейде белгісіз тұлғаны анықтау үшін пайдаланылады. Мұндай жағдайда олар жекеше емес, белгісіздік есімдік болып саналады.
You есімдігі белгісіз тұлғаны анықтау үшін пайдаланылады, яғни сөйлеп отырған өзіне қаратып отырған тұлғаны ғана емес, сондай-ақ қандай болсын басқасын да белгілейді. Мұндай жағдайда you есімдігі one есімдігінің синонимі болып табылады. Аударма кезінде түсіп қалады.
She picked the machine with an ease and put it away, and you have to be very strong to do that. – Ол машинаны жеңіл көтеріп алып, басқа жерге қойды, ал ол үшін өте күшті болуы керек еді [ 37, 50]. You have to be a fool to believe that! – Бұған сену үшін ақымақ болу керек [37, 25]. You can’t enter the this building without entering the code number – Бұл ғимаратқа код енгізбей кіру мүмкін емес [35, 200]. Егерде you есімдігінің орнына one қойса сөйлемнің мағынасы өзгермейді. She picked the machine with an ease and put it away, and one has to be very strong to do that.One has to be a fool to believe that! One can’t enter the this building without entering the code number. They есімдігі егерде әрекет жасаған тұлға белгісіз болса немесе сөйлеп отырған адам белгісіз адамдар тобы туралы айтып отырғанда пайдаланылады. Мұндай you есімдігі мен they есімдігі аударма кезінде түсіп қалады. They say there are ghosts in this castle – Бұл қамалда елес бар дейді [3, Интернет].They change the bedclothes every day in this hotel, unlike that other one – Ана қонақ үйден айырмашылығы, бұл қонақ үйде төсек жабдығын күнде ауыстырады.[35, 145] They call New York the Big Apple – Нью Йоркті Үлкен Алма деп атайды. [3, Интернет].They don’t take you all the way to Denver if you’re innocent. – Егерде сен кінәсіз болсаң, онда сені Денверге дейін апармас еді [37, 99].
Достарыңызбен бөлісу: |