both, either, neither есімдіктері
both есімдігі
both (екеуі де) есімдігі пайдаланылады:
А) сын есімдік есімдік ретінде. Анықталатын зат есімді артиклсізде, сондай-ақ both қоятын the қоятын артиклмен де пайдалануға болады. Тәуелдік немесе сілтеу есімдіктері both кейін қойылады: Both (the) brothers live in Moscow – Ағайынды екеуі де Мәскеуде тұрады.
Both my daughters are married – Екі қызы да күйеуге шыққан.
Б) Зат есмідік есімдік ретінде. Көбіне we, you, they есімдіктерімен тіркесіп пайдаланылады. Мұндай жағдайда all басқа есімдіктердің алдында тұрады, болмаса of көмекші сөзінің көмегімен қосылады. Атау септігіндегі жекеше есімдіктің орнына объектілік септіктегі жекеше есімдік қолданылады:
We both knew where he lived – Біз екеуімізде оның қайда тұратынын білетінбіз.
Both of them left the room – Олардың екеуі де бөлмеден шығып кетті.
Егерде баяндауыш күрделі етістік түрінде немесе модальдық етістіктің инфинитифпен тіркесіп көрсетілсе, онда both көмекші немесе модальдық етістіктен кейін қойылады:
They have both gone to America – Олардың екеуі де Америкаға кетті.
We must both go there – Біз екеуімізде сонда баруымыз керек.
Both сөйлемнің бастауышы болса, онда етістік көпше түрде тұрады:
Both go the same school – Олар екеуі де бір мектепке барып жүр.
Жоққа шығару сөйлемдерінде both орнына neither қолданылады:
Neither of the two sisters is married yet – Апалы-сіңлілі екеуінің біреуі де әлі күйеуге шыққан жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |