Мазмұны Кіріспе Халықаралық құқықтағы даулар


Дауларды шешудің дипломатиялық тәсілдері



бет3/7
Дата03.11.2022
өлшемі23,75 Kb.
#47312
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Дауларды шешудің дипломатиялық тәсілдері
Келіссөздер

Дауларды шешудің ең жиі қолданылатын әрі ең қарапайым жолы – келіссөз жүргізу, яғни келіссөз барысында тараптар бір-бірінің пікірлерін тыңдап, көзқарастарын біліп, туындаған дауды бірге талқылайды. Келіссөзге үшінші тарап араласпайды, дауды шешудің басқа тәсілдерінен оның ерекшелігі осы. Келіссөз – өте белсенді тәсіл, әдетте тараптар дауды өз беттерінше шешу үшін басқа тәсілдерден бұрын келіссөзді қолданады. Келіссөз мәселені шеше алмаса да, тым болмағанда, келіспеушіліктің мән-жайын анықтап бере алады. Мәселені талқылау барысында келіспеушіліктің негіздері анықталып, қарама-қарсы пікірлер айтылады. Әрине, келіссөз әрдайым жемісті бола бермейді, себебі оның нәтижесі тараптардың ниетіне, тілегіне сай келмеуі мүмкін.


Халықаралық сот келіссөздің наразылық білдіруден өзгешелігі, бұл жерде келіссөз жасаушылардың шынайы ниеті мен дауды шешуге ұмтылысы болуы тиіс деп атап өтті. Кейде келіссөзге қатысу міндеті екіжақты немесе көпжақты келісімдер негізінде пайда болады. Мысалы, 1982 жылғы Теңіз құқықтары туралы конвенцияның 283(1)-бабында тараптар арасында осы конвенцияның нормаларына қатысты дау туған кезде «дауға қатысушы тараптар дауды шешу үшін келіссөз бен басқа да бейбіт тәсілдер арқылы жедел пікір алмасуды бастауға тиіс» деп жазылған. Сөзімізді айқындау үшін бірнеше мысал келтіре кетейік:
Халықаралық сот North Sea Continental Shelf ісінде: «Тараптар келіссөзді қарапайым бастапқы шара ретінде ресми түрде өткізу үшін емес, жемісті нәтижеге қол жеткізу үшін жүргізуге тиіс... Тараптар келіссөзді мәнді болатындай етіп жүргізеді және тараптар қарсы тараптың пікірін ескеріп, өз ұстанымына өзгеріс енгізуге тиіс» деп мәлімдеді. Ал German External Debts ісін қараған кезде сот келіссөз жүргізу туралы келісім келіссөздің нәтижесінде қандай да бір ортақ шешімге келуге міндеттей алмаса да, «шешім қабылдауға ықпалы бар екені сөзсіз» деп ескертеді. Lac Lanoux ісінде сот «екі мемлекеттің арасындағы кеңесу мен келіссөз шынайы болуға тиіс, адалдық пен әділеттілік нормаларына лайықты, жай пішіндік сипатта ғана болмауы қажет» деген пікірін айтып, тараптарды соған сай болуға шақырады. Адалдық пен әділеттілік нормасы бұзылуының мысалдары бірнеше, мысалы келіссөзді орынсыз бұзу, себепсіз кейінге қалдыру, ұсыныстарды қарастыруды үнемі шегере бер, орынсыз мүдде көздеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет