Мазмұны Кіріспе Халықаралық құқықтағы даулар



бет5/7
Дата03.11.2022
өлшемі23,75 Kb.
#47312
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Сауал жүргізу

Егер тараптардың арасында туындаған дау нақты мәселеге қатысты болса, онда дауды шешудің логикалық жолы сауал жүргізу болып есептеледі. Сауалды даудың негізін анықтауды мақсат тұтқан беделді бақылаушылар жүргізеді. Ондай сауалдар туралы норма алғаш рет 1899 жылғы Гаага конвенциясында арбитражға балама тәсіл ретінде бекітілген. Дегенмен сауал жүргізу техникасы шектеулі. Ол тек халықаралық дауларда ғана қолданылады. Керісінше, тараптардың абыройы мен аса маңызды мүдделеріне қатысты сауал жүргізілмейді, қақтығысушы тараптар адал және әділ тергеуді талап еткен кезде қолданылмайды.


Сауал жүргізу 1904 жылы Dogger Bank оқиғасында сәтті қолданылды. Бұл оқиға кезінде Ресейдің әскери-теңіз кемесі Британияның балық аулаушы қайығына Жапонияның торпеда кемесі деп ойлап, оқ жаудырған болатын. Оқиғаны бейбіт жолмен шешу үшін Гаага конвенцияларының нормалары қолданылып, арнайы халықаралық комиссия құрылды. Комиссияның мәселені бейбіт жолмен шешілуіне қосқан үлесі зор болды. Осыдан кейін сауал жүргізу тәсілі кеңінен қолдау тапты. Мысалы, АҚШ-тың 1913–1940 жылдар аралығында жасаған 48 екіжақты шартында дау туындай қалса, сауал жүргізу комиссиясын құру туралы норма енгізілген. Бұл келісімдер «Брайан шарттары» деген атаумен белгілі. Дегенмен 1907 жылғы Гаага конвенциясында аталған сауал жүргізу комиссиясын құру іс жүзінде сирек қолданылады. Бұл тәсіл 1962 жылғы Red Crusader оқиғасы бойынша екінші рет қолданылды. Британия траулері мен Данияның балық қорғаушы кемесінің арасында болған бұл оқиғаға Британия фрегаты да араласқан. Дау туындауына нақты факті болса да, бұл жерде құқықтық сипат басым болды. Сауал жүргізу комиссиясы мүшелерінің басым көпшілігін заңгерлер құрағандықтан, комиссияның отырысы соттың отырысына ұқсап кетті. Сонымен бірге комиссияның баяндамасында құқықтық айғақтарға көбірек мән берілді. Дания кемесінің Британия траулерін заңсыз балық аулап жүр деп күдіктеніп, тоқтату үшін оқ атуы «қарулы күшті заңды түрде қолдану» деп бағаланды. Ал, Letelier and Moffitt ісінде қабылданған шешім бүгінге дейін Брайан шарттары бойынша қабылданған жалғыз-ақ шешім болып отыр. Бұл істе АҚШ пен Чили мемлекеттері құрған комиссия АҚШ-тың Колумбия округіндегі Вашингтон қаласында жасалған кісі өлтіру қылмысы үшін Чили төлейтін өтемеақының көлемін анықтауға тиіс еді. Комиссияның 1992 жылы қаңтар айында қабылдаған шешімі істі қарауға қажетті нақты айғақтарды табудан гөрі арбитраждың отырысына көбірек ұқсап кетті.
Сауал жүргізу тәсілі БҰҰ-ның және мамандандырылған агенттіктердің жұмысында әлдеқайда жиі қолданыла бастады. Бірақ бұл жерде сауал жүргізу дауды реттеу барысында негізгі айғақтарды анықтау үшін қолданылатын басқа процестердің құрамдас бөлшегі ретінде ғана қолданылады. 1907 жылғы Гаага конвенциясында аталғандай, сауал жүргізудің дербес тергеу тәсілі ретінде қолданылмай жүргенінің де себебі осы болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет