Мазмұны Кіріспе Халықаралық құқықтағы даулар


Халықаралық құқықтағы даулар



бет2/7
Дата03.11.2022
өлшемі23,75 Kb.
#47312
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
1. Халықаралық құқықтағы даулар
1,1 Халықаралық құқықтың дауларды шешудің мәні

Халықаралық құқықтың негізгі түпкі мақсаты – қашанда бейбітшілікті сақтау екенін ұдайы ескерген жөн. О баста, этикалық мәселелерге байланысты пайда болып, дамыған халықаралық құқық тарихта әрқашан халықаралық қауымдастықтың әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату және сақтау құралы болған, солай болады деп те үміттенеміз. Жалпы, қақтығыстарды, дауларды шешудің тәсілдері негізінен екіге бөлінеді: дипломатиялық тәсіл және сотқа жүгіну. Қарсы тараптардың келіспеушілікті өз беттерінше немесе үшінші тараптың көмегімен айғақтарды анықтай отырып, мәселені талқылау арқылы шешуі дипломатиялық тәсілге жатады. Ал сот процедураларында бейтарап үшінші тараптың арбитраждық немесе сот органдарының шешіміне қатысты құқықтық және айғақтық көзқарас білдіруі талап етіледі. Дегенмен мемлекеттер өзара келіспеушілікті дереу шешуге міндетті емес. Тіпті ауыр қақтығыстар мен перифериялық саяси келіспеушілік туындаса да солай. Дауды шешудің кез келген тәсілі дауласқан тараптар келісім берген соң ғана қолданылады. Осының бәрі халықаралық және муниципалдық құқық жүйесіндегі соттардың әртүрлі болуының және әлемдік қауымдастықта тұрақты және орталық билік жоқтығының салдары.


Дауларды бейбіт жолмен шешу тетіктерін қолдану үшін әуелі дау шығуы керек. Халықаралық сот дау ұғымына анықтама беруге тырысты, бірақ Халықаралық тұрақты сот Mavrommatis Palestine Concessions (Jurisdiction) ісінде дау ұғымына анықтама беру үшін қажетті негізгі белгілер «құқық пен факт мәселесі бойынша келіспеушілік, құқықтық көзқарастар арасындағы қақтығыс немесе екі жеке тұлға мүдделері арасындағы кереғарлық» болуға тиіс деп тұжырымдады. Даулар кейде құқықтық және саяси даулар, сот қарайтын және сот қарамайтын даулар болып бөлінеді.
Тағы бір ескеретін жәйт, қандай да бір дауды құқықтық немесе саяси дау деп атау үшін нақты даудың жағдайын, тараптардың осы іске көзқарасын зерттеп, тараптардың көзқарасын негіздеп отырған айғақтарын зерделеу қажет. Бұл мәселелерге үңілмей тұрып объективті шешім қабылдау қиынға түседі. Бірақ бұл дауларды құқықтық тәртіппен шешу мен саяси тәртіппен шешудің арасында айырмашылық жоқ дегенді білдірмейді. Біріншіден, нағыз құқықтық көзқарас тек нақты нормаларға сүйенеді, ал саяси көзқарас саяси техникалардың сан алуан түріне негізделуі мүмкін. Сондай-ақ саяси және құқықтық көзқарастар екеуі бірдей нәрсемен айналыса бермейді.
Мемлекетаралық дауларға саяси ықпалдың рөлі өте маңызды екені айтпаса да түсінікті. Ондай дауларды реттеу жолдарының көпшілігін халықаралық саяси тұрғыдан қарастырғанда ғана түсінуге болады. Сонымен бірге мемлекеттің сол дауды шешу үшін қолданып отырған тәсілі саяси факторларға байланысты. Мысалы, дау аса маңызды мемлекеттік мүддеге қатысты болса, мемлекеттің мәселені реттеуді үшінші мемлекетке тапсыратын кезі өте сирек кездеседі. БҰҰ Жарғысының 2(3)-бабында былай делінген: «Ұйым мүшелері халықаралық дауларды халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті және әділдікті сақтай отырып, бейбіт тәсілмен шешеді».
Мемлекеттер арасындағы достық қатынас пен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқық қағидаларының 1970 жылғы декларациясында аталған қағидатты атай келе, былай делінген: «мемлекеттер халықаралық дауларды келіссөз, бітімгершілік, арбитраж, сот, аймақтық ұйымдар мен келісімдерге жүгіну, басқа да дауды шешудің бейбіт жолдары арқылы жедел және әділ жолмен шешуге тиіс».
Декларацияға сәйкес тараптар дауды жедел және әділ шешу үшін даудың мән-жайы мен сипатына байланысты мейлінше бейбіт жолды таңдайды. Сондықтан қандай да бір дауды шешуде бейбіт жолдардың иерархиясы жоқ деуге болады. Тараптар дауды шешудің жолын еркін таңдай алады. Бірқатар халықаралық келісімдерде, соның ішінде Америка мемлекеттік ұйымдары 1948 жылы қабылдаған Дауларды бейбіт жолмен реттеу туралы Америка шартында (Богота пакті); 1957 жылғы Дауларды бейбіт жолмен шешу туралы Еуропа конвенциясында; 1975 жылғы Еуропаның қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы туралы Хельсинки конференциясының қорытынды актісінде дәл солай айтылған. Сонымен бірге дауды шешудің бір тәсілі жүзеге аспай қалса, дауға қатысушы тараптар өзара келісе отырып, дауды басқа тәсілдер арқылы шешуге міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет