Мазмұны Кіріспе Халықаралық құқықтағы даулар



бет6/7
Дата03.11.2022
өлшемі23,75 Kb.
#47312
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7
Бітімгершілік
Бітімгершілік процесі де дауға негіз болған мәселе туралы тергеу жүргізу және дауды шешу мақсатындағы ұсыныстар туралы баяндама жасау үшін үшінші тараптың қатысуына мүмкіндік береді. Демек, бітімгершілікке сауал жүргізу мен делдалдықтың элементтері кіреді.
М. Шоудың пікірінше, бітімгершілік процесінің өзі бастапқыда сауал жүргізу үшін тұрақты комиссия құру идеясынан шыққан. Бітімгершілік баяндамасы тек ұсыныс түрінде жасалады және міндеттеуші күші болмайды. Оның арбитраж шешімінен ерекшелігі – сол.
Екі дүниежүзілік соғыстың арасындағы кезеңде бітімгершілік комиссиялары көптеп құрылды және көптеген шарттарда бітімгершілік дауды шешу тәсілі ретінде көрсетілді. Бітімгершілік процесінің рөлі маңызды. Бұл икемді тәсіл және фактілерді анықтау мен ұсыныстарды талқылау кезінде тараптардың келіссөз үстеліне отыруына оң ықпал етуі мүмкін.
Бітімгершілік туралы нормалар алғаш рет 1928 жылғы Халықаралық дауларды бейбіт жолмен реттеу туралы Бас заңда айтылды (бұл заң 1949 жылы қайта қаралды). Бітімгершілік комиссиясының қызметіне сауал жүргізу мен делдалдық элементтері кіреді. Бітімгершілік комиссиясы бес мүшеден тұруға тиіс: әр тараптан бір-бірден, қалған үш мүшесі үшінші мемлекеттің азаматтарынан келісе отырып тағайындалады. Комиссия жұмысы алты айға дейін жалғасады және жарияланбайды. Бітімгершілік жұмыс құқықтық жүйелер аралас қолданылған кезде және жедел, бейресми жүргізу үшін қолданылады. Соңғы кездері бітімгершілік процедурасын қолдануды қайта қолға алу туралы жиі айтыла бастады. Бірақ оның қаншалықты тиімді екенін әлі де анықтай түсу керек. Дегенмен бірқатар көпжақты шарттарда бітімгершілік дауды шешу тәсілі ретінде белгіленген. Мысалы, 1948 жылғы Дауды бейбіт жолмен шешу туралы Америка шартында; 1957 жылғы Дауды бейбіт жолмен шешу туралы Еуропа конвенциясында; Африка бірлігі ұйымының (қазіргі Африка одағы) жарғысында қабылданған, 1964 жылғы Делдалдық, бітімгершілік, арбитраж туралы комиссия жөніндегі хаттамада; 1969 жылғы Шарттар құқығы туралы Вена конвенциясында және т.б. салалық, аймақтық сипаттағы шарттарда бітімгершілік нормалар бар.
Бітімгершілік процесі сәтті жүзеге асқан кейстерден бірнеше мысал келтірейік. Бітімгершілік процесі Исландия мен Норвегия арасындағы Исландия мен Жан Майен аралдарының арасында орналасқан құрлық қайраңын делимитациялауға қатысты дауды шешу үшін қолданылды. Даудың барысында қабылданған Бітімгершілік комиссиясын құру туралы келісімде «бұл мәселе – көліссөздердің нысаны әрі комиссия шешімінің ешқандай міндеттеуші күші болмайды», – деп анық айтылды. Бітімгершілік комиссиясы өз міндетін атқару барысында Исландияның осы аймақтағы экономикалық мүддесі мен басқа да факторларды ескеруге, құрлық қайраңын делимитациялау кезіндегі шегараның табиғи түрде жалғасуының маңыздылығына, Исландияның құқықтық мәртебесіне, осы саладағы мемлекеттердің практикалары мен соттардың шешімдеріне назар аударуға тиіс болған. Комиссия ақырында біріккен даму аймағын құруды ұсынды. Егер істі сот қараса, ондай ұсыныс жасауы екіталай еді. Сот тек тараптардың заңды құқықтары негізінде ғана шешім қабылдайды. Басқаша айтқанда, бұл дауда бітімгершілік процесінің икемділігіне көз жеткізілді.
Жалпы, бітімгершілік комиссиясын арнайы шарттарсыз-ақ құруға болады. Мысал ретінде Бас Ассамблеяның 1948 жылғы 194 (ІІІ) қарарымен құрылған Палестина жөніндегі бітімгершілік комиссиясын, 1960 жылы құрылған Конго бітімгершілік комиссиясын атауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет